Гипохромды ауыр ауырлық дәрежелі анемия,генезі анық емес
Автор: Aiana01 • Ноябрь 11, 2018 • История болезни • 2,292 Слов (10 Страниц) • 975 Просмотры
«Астана Медицина Университеті» АҚ
Интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасы
Ауру тарихы
Негізгі ауру: Гипохромды ауыр ауырлық дәрежелі анемия,генезі анық емес.
Куратор – интерн: Әбдісадықова Т.Б 722-ІА
Тексерген:Рахимбекова Г.А
Астана 2018
І. Құжаттық бөлім бөлім
- Аты-жөні: Фоминых Любовь Сергеевна
- Жасы: 68 жаста (02.08.1950)
- Жынысы: әйел
- Ұлты: орыс
- Білімі: жоғарғы
- Мамандығы: зейнеткер
- Мекен-жайы: Астана қаласы, С.Сейфуллина көшесі, 69/1 үй
- Түскен күні: 31.10.2018ж
ІІ. Шағымдары:
Науқас бас айналуына,бас ауруына,шаршағыштыққа,әлсіздікке шағымданады.
ІІІ. Anamnesis morbi (aуру тарихы)
Науқасты бір апта бойы басының айналуы,бас ауруы,әлсіздік,шаршағыштық мазалаған.Осыған байланысты 30.10.2018 жылы жергілікті мекен –жайы бойынша №1-қалалық емханада терапевт қарауында болып,зертханалық көрсеткіштеріне байланысты:Hb-64г/л,эритроцит 4,1*1012/л,СОЭ 6мм/с: “ Гипохромды ауыр ауырлық дәрежелі анемия”диагнозымен 2018 жылдың 31-ші қазан айында Астана қаласындағы №1-қалалық ауруханаға гематология бөлімшесіне жатқызылды.
ІV. Anamnesis vitae (өмір тарихы)
Фоминых Любовь Сергеевна 02.08.1950 жылы дүниеге келген. Жасына және жынысына сай дамыған.
Әлеуметтік – тұрмыс жағдайы: қанағаттанарлық.
Отбасылық жағдайы: тұрмыста.
Бұрын ауырған аурулары:
- Көп жылдар бұрын аппендицит,циститпен ауырған.
- 22.10.2018-Созылмалы пиелонефритпен ауырып,ем қабылдап шыққан.
Тұқымқуалаушылық аурулары: жоқ.
Спецификалық және жұқпалы аурулармен ауырмаған.(туберкулез, вирусты гепатит, венерологиялық аурулар)
Зиянды әдеттері: жоқ.
Гемотрансфузиялық қан құюлар болмаған.
V. Status praesens:
Науқастың жалпы жағдайы:
- Сана-сезімі - анық
- Төсектегі қалпы – орташа
- Жалпы жағдайы – орташа дәрежелі
- Дене бітімі - астеник.
Бойы 1,69 м, салмағы – 98 кг.
- Тері жамылғысы:бозғылт түсті, ылғалды, терінің эластикалық қасиеті сақталған, тері май қабаты қалыпты.
- Бұлшықет жүйесі: біркелкі дамыған, пальпацияда ауырсынулар жоқ, тон1усы сақталған, күші жасына сәйкес.
- Сүйек – буын жүйесі: деформациялар мен дефигурациялар жоқ, ауырсыну жоқ. Буындардың активті және пассивті қимылы сақталған, пальпацияда ауырсынбайды. Буын үстіндегі температура жалпы дене температурасымен бірдей. Терісі өзгермеген.
- Лимфа түйіндері пальпацияланбайды, ауырсынусыз.
- Дененің жеке бөлімдерін қарау: Бас - мезоцефаликалық формада, бет – қалыпты, қабақтары- түсіңкі, көзі-қалыпты, мұрын- қалыпты, еріндері- қалыпты. Ауыз қуысы- қылғылт түсті, шырышты, иісі жоқ, таңдайы бозғылт, мойыны- қалыпты формада.
Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу мұрын арқылы,қиындықсыз, дауысы қалыпты. Тыныс алу ритмді, ТАЖ – минутына 18 рет. Кеуде клеткасының формасы қалыпты,астеник, симметриялы, екі жағы да тыныс алуға бірдей қатысады. Қабырғааралықтары қалыпты - 1см. Жауырынның, бұғананың орналасуы – дұрыс, симметриялы. Кеуде клеткасын пальпациялау кезінде ауырсынулар жоқ. Дауыс дірілі екі жақты симметриялы аймақтарда бірдей, өзгермеген. Кеуде клеткасын басу кезінде кеуде клеткасы серпімділігі қалыпты.
...