Дәрілік заттың өмірлік циклі
Автор: fiyanera • Ноябрь 6, 2023 • Контрольная работа • 1,037 Слов (5 Страниц) • 194 Просмотры
Хамитова Фариза
ТФП 21-014к
Рубежка №1
3-билет
- Дәрілік заттың өмірлік циклі
- Тәуекелдерді талдаудың негізгі құралдары: FMEA, FTA, HAZOP, HAZOP.
1)«Дәрілік заттың өмірлік циклі» терминін 2005 жылы медициналық мақсаттағы дәрілік заттарды тіркеуге қойылатын техникалық талаптарды үйлестіру жөніндегі халықаралық кеңес (ICH) енгізді.
ICH Q8 Фармацевтикалық даму жөніндегі нұсқаулық дәрілік заттың өмірлік циклін «бастапқы әзірлеуден бастап маркетингке және ақырында айналымнан шығаруға дейінгі дәрілік заттың өмірінің барлық фазалары» ретінде анықтайды. Жалпы экономикалық мағынада дәріні өнім деп санауға болады. Өнімнің өмірлік циклі концепциясын 1965 жылы Т.Левитт ұсынған болатын. Ол тауардың өткізу көлемі бойынша нарықта айналымда болатын уақыт кезеңін сипаттайды: нарыққа ену, өсу, жетілу және құлдырау (нарықтан шығу). Дегенмен, фармацевтикалық нарыққа таза экономикалық факторлар ғана емес, халықтың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық құрамы да әсер етеді.
Өнімнің тіршілік циклінің кезеңдері және олардың сипаттамалары:
- Нарыққа ену кезеңі: сату деңгейі төмен, пайданың (прибыль) жоқтығы, өндіріс пен өнімді жылжытуға (продвижение) кететін шығынның жоғары деңгейі, төмен бағалар.
- Өсу кезеңі: сату деңгейінің жоғарылауы, пайданың (прибыль) пайда болуы, бағаның жоғарылау мүмкіндігі, өндіріс пен өнімді жылжытуға (продвижение) кететін шығынның жоғары мөлшері.
- Жетілу кезеңі: сатудың жоғары (максималды) деңгейі, пайданың (прибыль) максималды деңгейі, бағалардың максималды жоғары деңгейі, өндіріс пен өнімді жылжытуға (продвижение) кететін шығындардың азаюы (жаппай өндіріс).
- Құлдырау кезеңі: сату деңгейінің төмендеуі, пайданың (прибыль) деңгейінің өзін-өзі қамтамасыз етуге (самоокупаемость) дейін төмендеуі, бағалардың төмендеуі, өндіріс пен өнімді жылжытуға (продвижение) кететін шығынның минималдылығы.
Егер де ұйым тауарды нарықта «ұстап қалу» туралы шешім қабылдаса, онда ол өнімді модификациялау мен жылжытуға (продвижение) кететін шығынды көбейтуі керек немесе мақсатты жүзеге асыру үшін жаңа стратегиялар ойлап табуы қажет.
Өмірлік цикл түрлері:
• дәстүрлі;
• классикалық (бум);
• қайталанатын циклмен (қайта бастау);
• сән;
• тарақ қисығы;
• хобби;
• стиль (ұзақ мерзімді хобби);
• фетиш;
• сәтсіздік.
Өнімнің өмірлік циклінің түрі мен стратегиясын анықтау үшін келесі процедуралар мен есептеулерді орындау қажет:
...