Гастроэзофагеальная рефлюксті ауру – эрозиялы емес (NERD), эрозиялы (ERD)
Автор: makdinara • Апрель 26, 2021 • Практическая работа • 3,414 Слов (14 Страниц) • 351 Просмотры
Гастроэзофагеальная рефлюксті ауру – эрозиялы емес (NERD), эрозиялы (ERD).
1. Диспепсический синдром, Синдром дисфагии.
2. Клиникалық көріністері:
- Эзофагеальді симптомдар: қыжыл, тамақтан кейін қышқылды кекіру, құсу, дисфагия, одинофагия, төс артындағы ауырсыну
- Экстраэзофагеальді сиптомдар: -бронхөкпелік – жөтелу не тұншығу ұстамалары(әсіресе түнде, көп тамақ ішкен соң); -отоларингологиялық – ауыз қуысындағы кедергі (комок) сезімі, дауыстың бәсеңдеуі, құлақтағы ауырсынулар; -стоматологиялық – кариес, тіс эмалінің эрозиясы; -кардиоваскулярлық – аритмиялар.
Клиникалық критерийлері: -жеңіл – қыжыл аптасына 2 реттен кем;
-орташа – аптасына 2 рет не одан көп, бірақ күнде емес;
-ауыр – қыжыл күнделікті.
Негізгі зерттеу әдістері:
- ЭГДС – оның барысында көрінетін мүмкін өзгерістер:
- кардияның толық емес жабылуыэ
-шырышты қабаттың траснкардиальді миграциясы;
-гастроэзофагеальді рефлюкс
-рефлюкс-эзофагит
-өңештен асқазанға өтетін жерде сақина тәрізді тарылу
-эпителий эктопиясы ошақтарының болуы – Баррет өңеші
Эндоскопиялық критериийлері: Savary Millerдің модификацияланған классификациясы немесе Эзофагиттың Лос-Анжелесстік классификациясы, 1994
3. Этиопатогенез
ГЭРА туындауының негізгі факторы өңешке одан төмен жатқан асқорыту бөлімдерінен тамақтың қайтадан түсуі. Осындай «патологиялық» рефлюкстың туындауына әкелетін себептерге төмендегілерді жатқызуға болады:
- антирефлюксты баръер функциясының бұзылуы
- түнгі қышқылды бөліністер
- өңеш клиренсінің төмендеуі
-өңештің шырышты қабатының қорғаныш қаситеттерінің азаюы
-құрсақішілік қысымның жоғарылауы
-басқа антирефлюксты механизмдердің толық орындалмауы
-асқазаннан және он екі елі ішектен эвакуация бұзылысы
-рефлюктатта өңештің шырышты қабатын зақымдайтын заттар концентрациясының жоғарылауы.
4. Әсер етуші факторлар: темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, артық салмақ, жүктілік, дәрілерді қабылдау, порталды гипертензия.
5. Дифференцияланған диагностика:
Жүректің ишемиялық ауруы – тамақ қабылдауға және дене қалпын өгертуге байланысты емес төс артындағы ауырсынулар, кардиологта диспансерлік есепте тұруы, ауырсынуды нитроглицерин қабылдағанда қояды. Миокард инфарктісі кезіндегі ЭКГ-да ST сегментінің өзгерісі байқалады.
Бронхиалды астма – тұншығу ұстамалары, бронхолитикалық терапияны үнемі қабылдау, Д-бақылауда тұру.
Диафрагма релаксациясы (Пти ауруы) - бұлшықет элементтерінің тума патологиясы, диафрагманың иннервациялануының бұзылысымен жүретін диафрагманың түрлі травмалары.
7. Трансформация (ақыры): Ақыры – жағымды. ГЭРА кезіндегі асқынулар:
пептидтік эрозияланған жаралы эзофагит; пептидтік өңеш жарасы; пептидтік өңеш стриктурасы; өңештік қансырау; постгеморрагиялық анемия; Баррет өңеші; өңеш аденокарциномасы.
8. Қосымша зерттеу әдістері:
- контрастілеумен өңеш және асқазан рентгенографиясы – дисфагия кезінде, диафрагманың өңештік тесігінің жарығына күдік туған кезде;
- эндоскопиялық теріс эзофагит кезінде тәуліктік рН-метрия – көрсетілімдер бойынша;
- электрокардиография – миокард инфарктісін жоюға арналған.
9. Ұсыныстар:
- 15смге дейін төсек басын көтеріп ұйықтау – өңештің қышқылдануын төмендетеді;
- диеталық шектеулер – майлы тағамдарды азайту(майлар төменгі өңештік сфинктер қыс
ымын азайтады), ақуызды көбейту(ақуыздар төменгі өңештік сфинктер қысымын жоғарылатады), тағам көлемін азайту, тітіркендіргіш тағамдарды(алкоголь, кофе, цитрусты сусындар, сарымсақ) қолданбау.
...