Бронхоэктаз ауруы
Автор: Айнур Рыспек • Ноябрь 19, 2023 • Реферат • 590 Слов (3 Страниц) • 146 Просмотры
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі»
ШЖҚ КМК
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Бронхоэктаз ауруы
Студенттің аты жөні: Рыспек Айнұр
Мамандық: 0302000 "Мейірбикелік іс"
Біліктілік: 0302024 "Жалпы практикадағы медбике"
Курс: 4
Топ: Сд С
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Бронхоэктаз ауруы
- Этиологиясы
- Патогенезі
- Клиникасы
- Диагностикасы
- Емі
- Оңалту шаралары
- Қорытынды
Бронхоэктаз ауруы бұл бронхылардың кейбір бөлімдерінің кеңеюінен және эндобронхиттің дамуымен жүретін ауру. Бұл ауру бронхтар кабырғасының туа және жүре пайда болған кемістігінен дамиды, осыған карай олардың біріншілік және екіншілік түрлеріне бөлінеді.
Біріншілік-бронхы кабырғаларының туа кемістігінен немесе осалдығынан, балалық шақтан дамыған бронхоэктаз ауруы, бұлардың саны көп болады және шашыраңқы орналасады. Біріншілік бронхоэктаздардың ерекшелігі айналасындағы өкпе оншалықты зақымданбауы.
Екіншілік-пневмосклероз ошағында, бронхылардың өзгеруінен (деформация), дамитын бронхоэктаздар (туберкулез кавернасы, окпе іріндігінен кейін т.б. ауруларда). Екіншілік бронхоэктаздар ошақты орналасады және айналасындағы өкпе тінінің қабынуымен жүреді
Этиологиясы. Бұл ауру көбінесе бронхылардың созылмалы қабынуында кездеседі, онда бронхылардың қабырғасындағы бұлшық еттердің орнына дәнекер ұлпаларымен алмасады, сөйтіп бронхылар
кабырғасы жұкарып созылуына байланысты, олардың кейбір бөлімі (учаскесі) цилиндр тәрізді болып кеңейеді. Бронхылардың кеңейген жерлері кілегейлі қабатының созылмалы қабынуына байланысты сол жерге шырышты іріңдер жиналады.
Патогенезі. Бронхоэктаз ауруының дамуындағы басты механизмдер:
1) бронхылар қабырғаларының осалдығы (туа немесе жүре біткен);
2) бронхы іші қысымының жоғарылауы.
Бронхы ішілік қысым жөтелгенде жоғарылайды. Жөтелген кезде бронхылардың осал сегменттері созылады. Көп жөтелетін және бронхалары осал адамдарда осылайша жүре-бара бронхоэктаз ауруы пайда болады. Осы дертке бейім адамдарда бронхоэктаздар балалық шақтан қалыптаса бастайды. Оған ұзак және күшті жөтелдіретін аурулармен жиі ауыру ықпалын тигізеді, мысалы, көкжөтел, пневмония, қызыша т.б.
Бронхылардың кеңіген сегменттерінің куаты яғни тонусы мен дренаждык кызметі жойылып, шырыштың іркілуіне септігін тигізеді. Жиналған шырыштар іріңдейді және сол жерді қабындырады.
Клиникалық көрінісі. Науқастың қозуы кезіндегі негізгі белгілері - жөтелдің күшеюі, бөлінетін қақырық мөлшерінің көбеюі, кейде оған қан араласуы. Науқас әсіресе таңертең ауыз толтырып шырышты-іріңді қақырық тастауы. Қақырық бронхтың сау аймақтарына ағып келуінен, науқас дене қалпын өзгерткенде күшейеді яғни адам көлденең жағдайдан тік тұрғанда «бронхоэктаз ауруының айрықша белгісі». Бұлардан баска науқастың денесі безгек сиякты калтырайды. Кейбір кезде науқас ентігеді, беті көгереді, бұл өкпе кызметінің нашарлауынан жүрек жұмысының бұзылу белгісі болып есептеледі. Ал кейде қан тамырлардың зақымдануынан кейде өкпеден қан кетуі де ыктимал, бұл да осы аурудың бірден-бір белгісі болып есептеледі. Науқастың дене кызуы ауру қозған кезде көтеріледі, бұл көбінесе өкпе қабынуымен катар жүруінен. Науқас көп ауырса саусақтарының соңғы буындары жуандайды «барабан таяқшасы», тырнақтары дөгестеніп «сағат әйнегі» тәрізді болады.
...