Ньюкасл ауруы
Автор: Zhakupova1997 • Ноябрь 26, 2018 • Реферат • 1,510 Слов (7 Страниц) • 2,558 Просмотры
Жоспар
1. Кіріспе
Ньюкасл ауруына сипаттама
2. Негізгі бөлім
Індеттік ерекшеліктері.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер.
Өтуі мен белгілері.
Ажыратып балау.
Емі.
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ньюкасл ауруы
Ньюкасл ауруы (Morbus Newcastle, ньюкаслская болезень, псеводчума) – тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән тыныс жолдары, ас қорыту мүшелері мен жүйке жүйесін зақымдайтын аса жұғымтал ауру.
Тарихи деректер.
Бұл ауруды алғаш рет 1926 жылы Англияның Ньюкасл қаласы маңында байқап, зерттеген ағылшын ғалымы Доиль оны осы қаланың атымен «Ньюкасл ауруы» деп атады. Ауру құс шаруашылығы дамыған елдердің барлығында кездеседі.
Қоздырушысы - Newcastle disease paramyxovirus,парамиксті вирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирустар. Оның көгершін, тауық, күрке тауық және теңіз тышқанының эритроциттерін агглютинациялайтын қабілеті бар. Вирустың табиғиғи штамдарының зардаптылығы әр алуан болғандықтан аурудың сыртқы нышандары мен таралуы да әр түрлі болады. Биологиялық ерекшеліктеріне қарай Ньюкасл ауруы қоздырушысынын штамдары лентогенді, мезогенді және велогенді деп бөлінеді.
Лентогенді түрі – табиғи әлсіретілген, қай жастағы балапандарға болса да зиян келтіре алмайтын штамдар. Дегенмен дүние жүзінің бірқатар елдерінде, сондай-ақ біздің еліміздің құс көп шоғырландырылған өлкелерінде бұл вирус штамдары Ньюкасл ауруына қарсы табиғи, спонтанды, өздігінен туындайтын иммунитеттің пайда болуын қамтамасыз етеді.
Мезогенді түрі – табиғи немесе қолдан әлсіретілген штаммдар. Бұлар жұмыртқа ішіндегі ұрықты өлтіреді, сонымен бірге 25-30 күндік нәзік балапандарды зақымдай алады.
Велогенді түрі – індет таратқыш аса уытты штаммдар. Бұл барлық жастағы құстарды зақымдай алады. Ньюкасл ауруы вирусының велогенді штаммдары құс ағзаларына бейімделуіне және енуіне қарай екіге бөлінеді. Оның бірі (висцеральдық түрі) ішкі ағзаларда өсіп-жетіледі, өте қауіпті, оның азиялық түрі құстың 99-100%-ын қырып кетуі мүмкін. Екіншісі – тыныс жолындық, біріншіден сәл әлсіздеу (американдық) түрі, дегенмен ол да құстың 80-90%-ын қырып кете алады.
Вирус тауықтың 9-12 күндік эмбрионында немесе ұлпа өсінділерінде өсіп-өнеді.
Төзімділігі. Ньюкасл ауруының вирусы сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді. Салқын ауада жақсы сақталады. Мәселен 2-4°С суықта вирус жұмыртқа ішінде немесе дертке шалдыққан әр түрлі ағзаларда бір жылдан астам уақыт сақталады.
Тоңазытылған құс етінде бұл вирус алты айдан астам өлмейді. Егер температура 65-75 градусқа жеткілілсе вирус 30 минутта, ал 100 градуста санаулы секундтар ішінде өледі. Құс саңғырығындағы вирус күн сәулесі тура түскен жағдайда 48-72 сағатқа ғана шыдайды.
Балапан шығару кезінде жұмыртқа қабығының сыртына жабысқан вирус алғашқы күндердің өзінде-ақ зардаптылығын жоятын болса, жұмыртқа ішінде балапан шыққанға дейін жандана түседі.
Органикалық заттарға бай (көң, қоқыс) ортада вирус 18-21°С ауаның ылғалдылығы 64-70% болған жағдайда 15 күннен 50 күнге дейін ақталады.
Жұмыртқа қабығының сыртындағы вирус формалин буының әсерінен 1 сағатта, ал 0,5% натрий сілтісінен 20 минутта, 1% белсенді хлорлы әк ерітіндісінен 10 минутта өледі.
Ньюкасл ауруының вирусымен зарарланған құсханаларды 1% натрий сілтісімен немесе 3% формалин ерітіндісімен 24 сағатта, ал 2% формалинмен немесе 3% хлорлы әк ерітіндісімен 18 сағат ішінде толық зарарсыздандыруға болады.
[pic 1]
Дерттенуі.Ауру оздырушысы құс денесіне енген соң 20 сағат ішінде қанға өтіп, бүкіл денеге тарайды да, орталық жүйке жүйесі, тыныс жолдары мен ас қорыту ағзалары зақымданады. Осының әсерінен кілегейлі қабықтар жаппай қанталайды. Аурудың белгілері ішкі ағзалардың зақымдануына байланысты болады.
Індеттік ерекшеліктері.
Ньюкасл ауруымен барлық жабайы тауық тұқымдастары ауырады, ал күрке тауық, қырғауыл, мысыр тауығы, бөденелер көп ауыра бермейді. Бұл ауру қаз бен үйрек, көгершіндерде де кездеседі. Әсіресе қауіпті врусты тоты құстар көп таратады. Көптеген жабайы және сәндік құстар денесінде Ньюкасл ауруы вирусына қарсы антиденелер бар екені анықталды.
...