Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өкпенің бронхоэктатикалық ауруы

Автор:   •  Сентябрь 8, 2021  •  Реферат  •  651 Слов (3 Страниц)  •  413 Просмотры

Страница 1 из 3

Тақырып №5. Өкпенің бронхоэктатикалық ауруы

Бронхоэктатикалық ауру-перибронхиальды кеңістіктегі инфильтративті және склеротикалық өзгерістері бар кеңейтілген деформацияланған және функционалды ақаулы бронхтардағы іріңді-қабыну процесі, бронхтардың дренаждық функциясының бұзылуымен одан әрі қайтымсыз кеңеюіне, өкпе паренхимасының аймақтық аймағында ателектаздардың, эмфиземалардың, цирроздың дамуына әкеледі.

Бронхоэктаз - бронхтардың құрылымдық элементтерінің қабынуы, дистрофиясы, склерозы немесе гипоплазиясы салдарынан олардың қабырғаларының нейромаскулярлық тонусының бұзылуы немесе бұзылуынан туындаған бронхтардың сегменттік кеңеюі.

 

Этиологиясы:

-генетикалық факторлар: бронх қабырғасының бүтіндігінің бұзылыстары (а-1 антитрипсиннің жеткіліксіздігі, бронхтардың гипоплазиясы);

-тыныс ағзаларының ауыр инфекциялық аурулары (асқынған пневмония, туберкулез);

-обтурациялық аурулар (бронх демікпесі, ӨСОА);

Патогенезі:

Тыныс жолдарының қабырғасының зақымдалуы мукоцилиарлы клиренстің төмендеуіне алып келеді. Осыдан шырыштың эвакуациялануы төмендеп, микроорганизмдер топталып қалады, бронхтарда қабыну үрдісі дамиды. Бронхтың шырышты қабаты ісініп, тегіс салалы бұлшық еттер спазмына байланысты бронх қуысында қысым артады, обтурациядан төмен аймақтарда бронхтар ателектазы, инфекциялық қабыну дамиды. Қайталанатын инфекциялық қабынулар бронх қабырғасының элатсикалық тіндерінің зақымдалуына алып келеді. Осының салдарынан бронхтар қуысы кеңейіп, бронхоэктаздар түзіледі.

Жіктелуі:

1.Аурудың пайда болуына байланысты:

-біріншілік;

-екіншілік;

2. Формасына байланысты:

-цилиндрлік;

-қап тәрізді;

-аралас;

3.Санына байланысты: біреу(жалғыз) не көп;

4. Үрдістің таралуына байланысты: бір жақты, екі жақты, сегменттік, үлестік;

5. Этиологиясына байланысты: постинфекционды, обструктивті, аспирациялық, басқа да себептер;

6. Клиникалық ағымына байланысты: өршу, ремиссия;

7. Ауырлық дәрежесіне байланысты:

-жеңіл (өршуі жылына 1-2рет);

-орташа ауырлықты (өршу жылына 3-5рет);

-ауыр (үздіксіз рецидивті ағым);

-асқынған дәреже (түрлі асқынулары болуы)

Клиникалық көрінісі:

-шырышты-іріңді не іріңді қақырықпен жөтел. Қақырық жағымсыз иісті, таңертеңгі уақытта көп мөлшерде бөлінеді. Аурудың фазасына байланысты, ремиссия кезінде 30мл, өршу кезінде 100-500мл-ге дейін қақырық бөлінеді.

-қақырықта қанның болуы (25%-34% науқастарды кездеседі).

-кеуде қуысында ауыру сезімі. Екі түрлі сипатта болуы мүмкін – біріншісі, тыныс алғанда пайда болатын плевралық сипатты, екіншісі, кеудеде ауырлық сезімі;

-өршу кезінде интоксикациялық симптомдар болады: қызба, әлсіздік, салмақ жоғалту, тәбет төмендеуі;

-сонымен қатар, обструкция мен өкпе эмфиземасы қатар жүргенде – ентігу, өкпелік жүрек белгілері дамуы мүмкін.

Қарап тексергенде:

Цианоз не терінің жер түстес болуы анықталуы мүмкін. Эмфизема дамығанда бөшке тәрізді кеуде типі, бұғана үсті, асты ойықтарының тегістелуі, қабырғааралықтар кеңеюі анықталады. Саусақ ұштары қалыңдайды – барабан таяқшалары тәрізді саусақ, тырнақтар қалыңдайды – сағат әйнегі тәрізді.

Перкуссияда: перифокалді пневмонияда перкуторлық дыбыстың тұйықталуы, айқын эмфиземада – қораптық дыбыс анықталады. Өкпенің төменгі шекарасы төменге ығысқан, жылжымалылығы шектелген. Ірі бронхоэктаздар үстінен тимпаникалық дыбыс естіледі.

Аускультацияда: везикулярлы дыбыстың әлсіреуі, кейде күшеюі де анықталуы мүмкін. Бронхоэктаз аймағынан ірі не орташа көпіршікті ығалды, тұрақты сырылдар естіледі.

Лабороторлы зерттеулер:

-ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, кейде анемия анықталуы мүмкін.

-Жалпы қақырық анализі: сипаты – жағымсыз иісті, үш қабатқа бөлінген (төменгі – іріңді, ортаңғы – серозды сұйықтық, үстіңгі – көпіршікті), микроскопиясында көп мөлшерде лейкоциттер, нейтрофильдер, фибрин талшықтары, эпителий жасушалары, эритроциттер де анықталуы мүмкін;

...

Скачать:   txt (12.2 Kb)   pdf (63.7 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club