Балаларды табиғи тамақтандыру
Автор: 78Ain • Декабрь 7, 2020 • Практическая работа • 465 Слов (2 Страниц) • 1,019 Просмотры
Тақырыбы:Балаларды табиғи тамақтандыру.БЖАИЖ бойынша негізгі принцптері. 1жасқа дейінгі балаларға қосымша тамақты енгізу мерзімдері, түрі және ережелері.
Ситуациялық есеп № 2
Сәбидің 5,5 ай, туылғандағы салмағы 3000 гр Қазіргі салмағы 5500 гр Бала жасына сәйкес дамыған Күнге 5 рет тамақтандырылады. Емшек емегенде 550 мл ғана сүт сорып алады тәулігіне Қосымша тағам сәбиге уақытында енгізілген
Тапсырма:
1.Көлемдік әдіспен баланың 1 тәулікте және 1 рет алатын сүт мөлшерін есепте
2.Ас мәзірін құр.
1. «Көлемдік» әдіс — Баланың 10 күндік өмірінен бастап 1 жасқа дейін тамақ көлемін анықтаудың бір тәсілі. Тамақтың тәуліктік көлемі баланың жасына, салмағына сай
есептеледі. Біз білетініміздей 5 ай — 1/7 бөлігі. Сонда:
Тәуліктік көлемі= 5500/7=786 мл
1 рет алатын сүт мөлшерін есептеу үшін тәуліктік сүт мөлшерін күніне неше рет тамақтанатынына бөліп есептейміз.
Сәби күніне 5 рет тамақтанса, онда 1 реттік сүт мөлшері: 786/5=157 мл.
2. 5 айлық жасынан бастап, бірінші қосымша тамақ беріледі. Оған картоп, сәбіз,
көкөніс пюресі,жеміс шырындарын беруден бастайды. Егер баланың нәжісі тұрақсыз болып, салмақ қоспаса, қосымша тамақты сүт ботқасынан бастаған дұрыс.
Көкөністер пюресі: Пюрені қайнатылған көкөністерден немесе буға пісірілген болу керек (бірақ шикі емес). Тағам рационға біртіндеп енгізіледі. Алдымен нәрестеге 1-2 шай қасық береді. негізгі тамақтану алдында. Күн сайын тағамның мөлшері 100 г-ға дейін жеткенше қасықтардың саны көбейтіледі. Қосымша тамақ енгізілгеннен бастап 2 аптадан кейін 150 г көкөніс пюресін жеуі керек. Бұл мөлшер пюрені тамақтанудың біріндегі сүт сұйықтығын толығымен алмастыруы үшін жеткілікті.
Жеміс шырындары: 5 айға шырынның күнделікті мөлшері 50 мл құрайды, ол 2-3 дозаға бөлініп берілуі керек.
...