Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Анафилактикалық шок

Автор:   •  Ноябрь 15, 2023  •  Реферат  •  311 Слов (2 Страниц)  •  226 Просмотры

Страница 1 из 2

Анафилактикалық шок (АШ) - ағзаға аллергендер енгенде жедел түрдегі аллергиялық реакцияны тудыратын, қанайналым, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылысытарымен сипатталатын, жедел дамитын, өмірге қауіпті патологиялық үрдіс.

Шағымдары:

  • (сана сақталған кезде) мазасыздыққа;
  • қорқыныш сезімі;
  • тревога;
  • қалтырау (озноб);
  • әлсіздік;
  • бас айналу;
  • тілдің ұюы;
  • саусақтардың ұюы;
  • құлақ шуы;
  • көру қабілетінің нашарлауы;
  • жүрек айнуы;
  • іштің ауырсынуы;
  • басқа органдар мен жүйелердегі бұзылулар: құсу, еріксіз дефекация, зәр шығару, метроррагия.

Қарап тексеру:

Тыныс алу жүйесінің бұзылуы:

  • ентігу;
  • бронхоспазм;
  • шырыштың гиперсекрециясы;
  • тыныс алу жолдарының шырышты қабығының ісінуі;
  • ми қан айналымының бұзылуы;
  • ұстамалар;
  • гастроинтестинальды белгілер (жүрек айну және құсу).

Тері мен шырышты қабаттардың жағдайы:

  • уртикарлы бөртпелер;
  • ангиоэдема;
  • гиперемия;
  • терінің қышуы;
  • кейінгі кезеңдерде-бозару, суық тер, ерін цианозы.

Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылуы:

  • қан қысымының күрт төмендеуі;
  • жедел жүрек жеткіліксіздігінің дамуы;
  • ырғақ (ритм) бұзылыстары.

Зертханалық зерттеулер

  • сарысулық триптазаға қан анализі (анафилактикалық реакция пайда болғаннан кейін 1 – 4 сағаттан кейін). Сарысу триптазасының айтарлықтай жоғарылауы (>25 мкг/л);
  • тері аллергологиялық тестілеу;
  • ИФА немесе РИФ спецификалық IgE анықтау;
  • INVITRO цитотоксикалық сынақтары (нейтрофилдердің зақымдану көрсеткіші және т.б.);
  • иммуноблотинг, бласт-трансформация реакциялары, базофилді белсендіру сынағы (BAT, CAST, FAST).

Аспаптық зерттеулер:

Өмірлік функциялардың мониторингін жүргізу (ABCDE алгоритмі):

  • импульсоксиметрия;
  • ЭКГ;
  • инвазивті емес АҚ.

Диагностика:

ABCDE алгоритмі:

  • A – airway (тыныс алу жолдары). Тыныс алу жолдарын обструкцияға тексеріңіз: ауыр обструкция кеуде мен іштің қосалқы бұлшықеттердің қатысуымен парадоксальды қозғалыстарымен бірге жүреді; цианоз – обструкцияның кеш симптомы.
  • В – breathing (тыныс алу). Тыныс алу қозғалысының жиілігі (ересектерде минутына 12-20 тыныс алу қалыпты), тыныс алу қозғалысының жоғары жиілігі күрт нашарлау қаупі болып табылады.
  • С – circulation (кровообращение). Шок көбінесе вазодилатацияға, тамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауына және тамырішілік көлемнің жоғалуына байланысты гиповолемиямен байланысты. Төмен диастолалық қысым артериялық вазодилатацияны, ал импульстік қысымның төмендеуі артериялық вазоконстрикцияны білдіреді.
  • D – disability (сананың болмауы). Сананың болмауының ең көп тараған себептері: гипотензияға байланысты мидың гипоксиясы, гиперкапниясы, гипоперфузиясы. Бағалау үшін Глазго кома шкаласы қолданылады. Гипогликемияны болдырмау үшін қан глюкозасын бақылау қажет.
  • E – exposure (экспозиция, байланыс). Науқастың денесінің барлық қол жетімді жерлерін тексеріңіз, өйткені тері мен шырышты қабаттардағы өзгерістер жасырын болуы мүмкін.

Емі:

[pic 1]

[pic 2]

...

Скачать:   txt (5 Kb)   pdf (236.4 Kb)   docx (352.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club