Мустафа Шокай
Автор: arailym.ers • Декабрь 14, 2018 • Реферат • 5,407 Слов (22 Страниц) • 1,258 Просмотры
МАЗМҰНЫ
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Отбасы және балалық шағы
- Мемлекеттік думада жұмыс істеуі
- Қоқан автономиясы
- Эмиграция жасауы
- Прометей одағы
- Өмірінің соңғы күндері
- Қортынды
- Дереккөздер
КІРІСПЕ
1. Тарих ғылымының докторы Абдуақап Қара өзінің зерттеу еңбегінде Еуропа тілдерінде жазылған, түрлі щетелдік мұрағаттарда сақталған құжаттарды алғаш рет пайдалана отырып отырып, Мұстафа Шоқай өмірінің қазақ оқырмандарына беймәлім қырын ашады , сонаған деректер ұсынады. Әсіресе оның түркі халықтарының бірлігі жолындағы жанқиярлық күресі,өмірінің соңғы сәттеріндегі талайлы тағдыры жан-жақты баяндалады.
2. Жинаққа кіріспе ретінде ұсынылып отырған бұл том қазақ, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік,украин, әзірбайжан, грузин және басқада халықтардың өз алдына дербес өмір сүруі үшін бүкіл ғұмырын сарп етіп. жиырма жыл бойы Еуропаның төріне тәуелсіздік туын көтерген улкен гуманист, парасат-пайым, ұшан-теңіз білім иесі Мұстафа Шоқайдың өмірін, дүниетанымы мен қайраткерлік болмысын, шығармашылық мұрасын зерттеуге арналған.
3. Алаш көсемсөзі серясының он томдықтың үшінші және төртінші кітаптарында Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың бас редакторлығымен 1929-1939 жылдары Францияда, Берлинде жарық көріп тұрған "Жас Түркістан" журналының №1-13 және 16-25 сандары енгізіліп отыр. Басылым материалдары сол кездегі түрік халқына ортақ шағатай кирилицаға аударылды.
"Жас Түркістан" - біртұтас Түркістан тәуелсіздігі идеясын көтеріп, бүкіл түркі жұртының азаттығы үшін күрескен басылым. Елдің егемендігін көксеген журналда көтерілген мәселелер бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мұратымен өзектес.
4. Бұл жинаққа халқымыздың біртуар ұлы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың эпитолярлық мұрасы енгізілген.
1- томда М. Шоқайдың Еуропада өмір сүрген кезеңіндегі замандастарымен арадағы жазылған 125 хаты жинақталыды. Бұл хаттарда қазақ қайраткерінің эмиграциядағы саяси қызметі туралы зор мағлұматтар бар.
Жинақтың 2- томына Мұсафа Шоқайдың 1937-1941 жылдар аралығындағы замандастарымен жазысқан 151 хат енгізілген. Оларда қазақ қайраткерінің эмиграциядағы саяси қызметі туралы сан-алуан мағлұматтар қамтылған.
5. Кітапта қазақ саяси басқарушы тобының XVIII-XX-ғасырдағы қалыптасу кезеңдері мен қызметі талдауға алынады. Авторлық зеттеу билер мен батырлардың (XVIII-XX ғғ.), ұлттық мемлекетті қалпына келтіру ісіне ғұмырын арнаған Кенесары хан Қасымұлы, Исатай Тайманұлы, Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов және басқада ұлы тұлғалардың қызметі мен тағдыры төңірегінде өрбиді.
6. Түркістанның бірлігі мен тәуелсіздігін мұрат еткен, аса көрнекті саяси кайраткер Мұстаа Шоқайдың жолымен жүріп, суретші Әбілқасым Сәрсенбаев қасиетті қыл қаламның ұшымен түрлі суреттер салып, бас кейіпкердің рухани әлемін, қайраткерлік тұлғасын өзіндік қолтамбасымен бейнелеген.
Сыр бойында Наршоқыда туып өскен бала Мұстафдан бастап, ер жетіп есейген шақтары, оның Алаш арыстарымен бірге болып, саясатқа араласуы, сондай-ақ Еуропа елдерінде жүрген кездерінегі қайраткерлік тұлғасын көрсетіп бірнеше туындылар арнаған.
7. Бұл кітапта кеңес өкіметі кезінде 60 жылдан астам зерттеуге тыйым салыған Алаш һәм Алашорда тарихының деректемелік негіздері; ұлттық-демократиялық Алаш партиясының дүниеге келуі, оның бағдарламылық мақсат-міндеттері; Алаш автономиясының іс-әрекеті сөз болады.
ОТБАСЫ ЖӘНЕ ЖАСТЫҚ ШАҒЫ
Мұстафа Шоқай 1890 жылы 7 қаңтар күні жалпы Түркістан өлкесіне қарасты Сырдария округіндегі Ақмешіт қаласына жақын орналасқан Наршоқы ауылында дүниеге келді. Мұстафа қазақтың қыпшақ руына жататын текті отбасының ұрпағы. Қоқан хандығында жоғары шеңді әскер болған атасы Торғай Датқа Қуатбайұлы Қыпшақ руының ішіндегі Шашты руының биі еді.
1853 жылы генерал Перовск басшылығындағы орыс қосындары Ақмешіт қаласын басып алады. Торғай Датқаның сол аймақтағы жоғары беделін пайдаланғысы келген генерал Перовск оған өз қарамағынан қызмет ұсынады. Орысша білетін Торғай Датқа орыс әкімшілігі мен жергілікті халық арасындағы келіспеушілікті реттеу туралы кеңесші қызметке тағайындылды.
...