Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Iштеспе синдромында шұғыл көмек көрсету

Автор:   •  Май 21, 2021  •  Контрольная работа  •  791 Слов (4 Страниц)  •  888 Просмотры

Страница 1 из 4

Стандарт «Іштеспе синдромында шұғыл көмек көрсету»

(Жатырдан тыс жүктілік, аналық бездің апоплексиясы, аналық без ісігінің аяқшасының оралуы)

Мақсаты: іштеспе синдромында шұғыл көмек көрсету

Құрал – жабдықтар:

  1. Танометр. Фонендоскоп.
  2. Мұзды мұйық
  3. Оталауға дайындық
  4. Қан тобын анықтайтын құрал

Іс – әрекет алгоритмі:

  1. Қатаң төсек режимін жасау
  2. Егер әйелдің есі анық болса тыныштандыруға тырысыңыз
  3. Тез дәрігер және лаборантты шақырыңыз
  4. Іштің төменгі жағына мұз қою
  5. Тамақ ішуге, су ішуге болмайтынын ескеертіңіз
  6. Ауырсынуды басатын дәрілерді енгізуге болмайды
  7. Оталауға тез дайындау қажет, операциялық үстелді дайындау
  8. Қан тобын анықтау
  9. Дәрігер келгесін барлық тағайындауын орындау

Стандарт «Жатырдың шырышты қабатын диагностикалық тазарту»

Мақсаты: әйелді жатыр ішілік оталауға дайындау

Көрсеткіштер: жатырдан қан кету, етеккір циклінің бұзылуы, эндометрий патологиясында(полип, гиперплазия), түсіктер, жасанды түсіктер (12-аптаға дейін), босанғаннан кейінгі кезеңде жатыр қуысында плацента қалдықтарының қалып қоюы.

Құрал-жабдықтар:

  • Жолдама [pic 1]
  • Жеке жаялық
  • Стерильді бір реттік қолғап
  • Қынаптық көтергіш айна
  • Гегардың кеңейткіш жиынтығы
  • Оқ тәрізді қысқыш
  • Жатырлық зонд
  • Корнцанг
  • Кюретка жиынтығы (№2 және №4)
  • 10%-тік формалин ерітіндісі
  • 70 % этил спирті
  • Мақта шариктері,лоток

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Әйелге өткізілетін іс шаралардың мақсатын айтып түсіндіру.
  2. Гинекологиялық креслоға клеенка төсеп, әйелді креслоға жатқызу.
  3. Сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу.
  4. Қолды өңдеп, залалсызданған қолғап кию.
  5. Стерильді үстелді дайындау.
  6. Дәрігерге оталауға көмектесу, стерильді құралдарды, мақта шариктерді алып беру.
  7. Оталаудан кейін, әртүрлі тіндерді формалин ерітіндісіне салу.
  8. Оталаудан кейін сыртқы  жыныс мүшелерін өңдеу.
  9. Лабораторияға жолдама жазу.
  10. Перчатканы шешіп, КБСУ салып, қолды жуу.
  11. Әйелді каталкаға жатқызып, астына таза жаялық төсеп, палатаға апару.
  12. 2-сағат керуетте жатқан әйелді жағдайын қадағалау(қан кету!)

Операция техникасы:

*Асептикалық ерітіндімен сыртқы жыныс мүшесін және қынапты өңдеп, қасық тәрізді айна және көтергіштің көмегімен жатыр мойнын бекітеді, асептикалық ерітіндімен өңдейді.

*Жатыр мойнының алдыңғы ернеуін оқ тәрізді қысқышпен бекітіп, көтергішті алып тастайды.Айналарды, қысқыштарды оталау кезінде медбике ұстап, алып беріп тұрады.

* Жатырлық зондпен жатыр мойны арқылы енгізіп, жатырдың ұзындығын денесінің қалпын өлшейді.

*Цервикалды каналды кеңейтуден бастайды, оған Гегар кеңейткіштерін ең кіші өлшемнен бастап, №9-10 дейін бірнеше секундқа қалдырып, тек жатыр ішіне дейін енгізеді.

*Жатыр шырышты қабатын диагностикалық тазалау үшін №2 және №4 кюреткаларын қолданады.Цервикалды канал арқылы жатыр қуысына енгізіп, еппен жатырдың шырышты қабатын тазалайды.Лотокқа жатырдан шыққан биоматериалды жиналады.

*Лотоктағы әртүрлі тіндерді 10% формалин ерітіндісіне мұқият жинап, қажетті паспорттық мәлімет, оталау күнін жазып, гистологиялық тексеруге жібереді.

*Диагностикалық тазалаудан кейін, медбике жатыр мойнын құрғатуға, асептикалық ерітіндімен өңдеуге, сыртқы жыныс мүшелерін өңдеуге көмектеседі.

...

Скачать:   txt (10.6 Kb)   pdf (596.9 Kb)   docx (535.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club