Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы

Автор:   •  Ноябрь 24, 2020  •  Лекция  •  1,886 Слов (8 Страниц)  •  1,748 Просмотры

Страница 1 из 8

4 дәріс. Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы

1. Қазақстандағы индустрияландыру және қазақ қайраткерлерінің көзқарасы

2. Қазақстандағы ұжымдастыру: қарқыны, мерзімі, әдістері

3. Қазақстанды жаппай қуғын-сүргін. Халықтарды еріксіз депортациялау

Дәрістің мақсаты: 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы социализм Доктринасын жүзеге асыру үрдістерінің сипатына талдау жасап, тоталитарлық, казармалық жүйенің орнау барысын зерделеу.

Дәрістің мазмұны: Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы жылдарындағы кеңестік биліктің отаршыл, әкімшіл-әміршіл сипаттағы реформалары мен олардың ауыр зардаптары қарастырылады .

1. 1920-жылдардың орта шенінде Кеңестер Одағында социализм орнату доктринасын жүзеге асыру науқаны басталды. Оның басты буындары ретінде мына үш шараны жүзеге асыру көзделді: индустрияландыру – елді аграрлы елден өнеркәсібі дамыған, индустриялы елге айналдыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – жеке, ұсақ шаруа шаруашылықтарын біріктіру негізінде социалистік ұжымдық шаруашылықтар құру, мәдени революция – сауатсыздықпен күрес, білім беру, ғылым және мәдениет жүйесін құру.

1925 жылдың 18-31 желтоқсаны аралығында өткен БК(б)П XIV съезі елде индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін жүктеді. КСРО-ның экономикалық тәуелсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы дамыған капиталистік елдерді барынша «қысқа мерзім ішінде қуып жету», елді индустриалды державаға айналдыру міндеті қойылды.

Қазақстанда индустрияландыру саясатын жүзеге асыру барысы елдің орталық аудандарымен салыстырғанда өте күрделі жағдайда жүргізілді. Оның өзіндік себептері бар еді. Ең алдымен, Қазақстанның отар ел болуы себепті әлеуметтік-экономикалық жағынан артта қалушылығы (құрал-жабдық, техниканың ескі болуы, ақшалай қаржы тапшылығы, білікті мамандардың жетіспеушілігі, құрылысшылар үшін тиісті әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуі, т.б.), екіншіден, республика аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі. Қазан төңкерісіне дейін-ақ өлкенің бай қоры бар кен көздері туралы мәліметтердің жеткілікті болуына қарамастан, кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген еді.

Қазақстандағы социалистік индустрияландыру саясатының бағыттары мен механизмдері төңірегінде пікір айтушылар қатары бірнеше топқа бөлінді.

Орталықтың саясатын бұлжытпай орындап отырған Ф.И.Голощекин (1925-1933 жж.) Қазақстанда ұсақ және орта өнеркәсіпті, негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды дамытуды, республика өнеркәсібінің шикізаттық бағытын қалыптастырудың қажеттілігі мен дұрыстығын насихаттап, оны жүзеге асыруға белсене кірісті. Оны О.Исаев, Қ.Сарымолдаев сынды белсенділер қолдады.

Саяси қайраткер С.Сәдуақасов бұл ұстанымға ашық қарсылық танытты. Ол республика экономикасының кешенді даму жолын қолдады. Ол «... қай жерде тері болса, сол жерде тері зауыттары, қай жерде жүн болса, сол жерде жүн жуу және шұға фабрикалары салынсын», - деп республика өнеркәсібін кешенді түрде дамытуға шақырды. Әрине, бұл өнеркәсіптің түсті металл, мұнай, т.б. салаларына да қатысты еді. С.Сәдуақасов республикадағы айтулы қиындықтарға қарамастан барлық жағдайлар мен мүмкіндіктердің бар екендігін дәлелдеуге тырысты.

Егер 1928-1929 жылдары өлкенің жер қойнауларын 50 партия зерттеумен айналысса, 1931 жылы олардың саны 140-қа жетті. Геологиялық зерттеулер ірі жаңа кен көздерін ашуға мүмкіндік берді. 1928 жылы Қоңырат, 1930 жылы Бозшакөл, Жезқазған мыс кендерінің, Кенді Алтай, Қаратау мен

Жоңғар Алатауы тауларында қорғасынның 1931 жылы Атасу темір кенінің, Ақтөбе облысында хромит және никель кендерінің, фосфориттің қоры мол көздері ашылды. Орал-Ембі аумағында жаңа мұнай көздері табылып, Қарағандының тұтас көмірлі аймақ екендігі анықталды. Кейіннен

...

Доступно только на Essays.club