Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Хордалылар типіне сипаттама

Автор:   •  Октябрь 7, 2022  •  Реферат  •  10,436 Слов (42 Страниц)  •  626 Просмотры

Страница 1 из 42

[pic 1]

            ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Апта №

Дәріс атауы және тезистері

Сағат көлемі

1

Дәріс 1. Тақырыбы: Кіріспе. Хордалылар типіне сипаттама

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Ғылым ретінде зоологияның қысқаша даму тарихы
  2. Хордалылар типіне жалпы сипаттама
  3. Хордалылардың систематикасы

Дәрістің қысқаша мазмұны:

  1. Ғылым ретінде зоологияның қысқаша даму тарихы.
  2. Хордалылар типіне жалпы сипаттама.  Омыртқалылар зоологиясын хордалылар

зоологиясы деп атиайды. Хордалылар типі (Chordata). хордалы жануарлар патшалығының негізгі типі болып саналады. Бұл типте 42 000-нан аса түр бар, олар әртүрлі ортада мекендейді. Хордалылар үшін бірқатар ерекше қасиеттер тән. Соның ішінде, олар үшін хорданың (нотохорданың) болуы тэн, ол өзек сияқты солқылдақ құрылым, омыртқалылардағы омыртқа жотасындай дененің ұзына бойына созылып жатады. Хорда тірек қаңқасы болып табылады. Вакуолденген клеткалардан тұрып, ол төменгі сатыдағы организмдерде өмір бойы сақталады, бірақ жоғары сатыдағыларда даму барысында ол омыртқа жотасымен алмасады.

        Хордалылар үшін сонымен қатар, хорданың үстінде жатқан түтік тәрізді жүйке шоғырының және хорданың астында орналасқан ас қорыту жолының болуы да тән. Одан әрі, олар үшін ұрықтық кезеңде немесе өмір бойы сақталатын желбезек саңылауларының болуы тән, олар ас қорыту түтігінің жұтқыншақ маңынан сыртқа ашылады және тыныс алу органдары болып табылады. Ең соңында, олар үшін жүректің немесе оның орнын алмастыратын тамырдың құрсақ жағында орналасуы да тән. Ланцетниктерде айқындалған басы, миы, жақтары, жүрегі болмайды. Бұл жануарлардың тірек қаңқасы хорда болып табылады. Еркін қимыл-қозғалыс жасауға қабілетті, дара жыныстылар. Шаруашылық маңызы жоқ. Эволюциялық тұрғыдан алғанда ланцетниктер хордалылардың эволюциясында екінші сатысында тұрып, омыртқалылардың эволюциясының жолашары болған. Омыртқалылардың (Vertebrata) тері түрінде өте жетілген дене жамылғысы болады, ол екі қабаттан (көп қабатты эпидермистен және кориумнан) тұрады, оның туындылары қабыршақ, қауырсын, түк, тұяқ пен тырнақ болып табылады. Омыртқалы формаларында хорда омыртқа жотасымен алмасқан. Көптеген омыртқалыларда ересек күйінде сүйекті қаңқасы болады. Басы, көзі, аяқтары жақсы дамыған. Бұлшықет жүйесі көлденен-салалы және бірыңғай-салалы бұлшық еттерге жіктелген. Асқорыту жүйесі өте күрделі. Ішегі үш бөлімге бөлінген. Бауыр және ұйқы безі бар. Тыныс алу қызметін желбезектер немесе өкпе атқарады. Қантасымалау жүйесі тұйық, көп камералы жүректен, артериялар мен веналар түріндегі тамырлардан тұрады. Қанның клеткалық құрамы өте жіктелген. Тұйықталмаған лимфа жүйесі болады. Зәр шығару жүйесі өте жетілген. Ол жұп бүйректен және несепағарлардан тұрады. Жүйке жүйесінің ерекшелігі сол, тіпті, төменгі сатыдағы омыртқалылардың өзінде ми дамыған, ал жоғары сатыдағы формаларында - ми жартышарлары болады. Жүйке жүйесі орталық және перифериялық деп бөлінеді. Маманданған сезім мүшелері (мұрын, көз, құлақ) дамыған. Сол сияқты ішкі секреция бездері де дамыған. Омыртқалылар үшін дара жыныстылық (кейбір дөңгелекауыздылардың түрлерінен басқа) тән, жыныстық диморфизм жетілген. Аталық және аналық жыныс бездері жұп, ұрықтануы сырттай немесе іштей. Кейбір омыртқалыларға түрленіп даму тән. Дегенмен, кең тараған классификацияда. 3.Хордалылардың систематикасы. Осындай арнайы белгілерімен қатар хордалылар үшін билатеральды симметрия, үшқабаттық, екінші дене қуысы тән. Жартылай хордалылар сияқты, хордалылар екінші ауызды организмдер болып табылады. Хордалылар Қабықтылар (Tunicata), Бассүйексіздер (Асгапіа) және Бассүйектілер (Craniata) немесе Омыртқалылар (Vertebrata) тип тармақтарына жіктеледі.  Омыртқалы жануарлар – хордалылар  типінің негізгі бөлімі және жоғарғы сатыда  тұрғандары. Басхордалылар, дөңгелекауыздылар,  шеміршекті балықтар, сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер деп бірнеше кластарға топтайды.

Тест тапсырмалары:

1. Хордалылардың белгісі:

A) хитинді жабын      

B) кутикула

C) гиподерма

D) хорда

E) кірпікшелі эпителий

*****

2. Хордалылардың белгісі:        

A) ганглии

B) орталық жүйке жүйесі

C) диффузды (шашыранды) жүйке жүйесі

D) түйінді жүйке жүйесі

E) сатылы жүйке жүйесі

*****

3. Хордалылардың белгісі:

A) ауыз жоқ

B) алғашқы ауыз

C) екінші ауыз

D) гастропор

E) анальдық тесік жоқ

*****

4. Хордалылардың белгісі:

A) дене қуысы жоқ

B) лакунды жүйе

C) аралас дене қуысы

D) алғашқы дене қуысы

E)  целом

*****

5. ТМД фаунасын алғаш рет сипаттаушы автор:

A) Огнев С.И.

B) Дементьев Г.П.

C) Крашенинников С.

D) Паллас П.

E) Терентьев П.В.

*****

Сұрақтар:

1. Хордалыларға тән жалпы белгілер

2. Хордалылар тип тармақтары

3. Хордалылар типінің систематикасы

4. Хордалылардың басқа жануарлардан басты айырмашылығы

5. Хордалылардың пайдалы түрлері

   

1  

2

Дәріс 2.  Тақырыбы: Личинкахордалылар немесе қабықшалылар тип тармағына сипаттама

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

       1.Личинкахордалылар немесе қабықшалыларға тән белгілер

       2. Асцидиялар класы

       3. Сальпылар, аппедикуляриялар класы

Дәрістің қысқаша мазмұны: 1. Личинкахордалылар немесе қабықшалыларға тән белгілер. Личинкахордалыларға – асцидиялар, сальпылар, аппедикуляриялар жатады. Олар негізінен теңізде тіршілік етеді. Бұлардың барлығының да денесі – туника деп аталатын қабықтың ішінде болады. Туника деп отырғанымыз тері эпителиясының туындысы. Сонымен қатар туника ішкі қалың қабатына келіп орналасқан жас клеткалардың  есебінен де ол қалыңдап дамиды. Туниканың химиялық құрамы өсімдіктердің клетчаткасына ұқсас. Өсімдіктер клетчаткасы жануарлар дүниесінде тек осы организмдерде кездеседі. Хорда личинкалық дәуірінде болады, ал аппедикулярияда ол өмір бойы сақталады. Ересек личинкахордалылардың нервтері қуыс емес. Сезім органдары жетілмеген. Қан айналу жүйесі ашық. Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз жолмен көбеюі бүршіктену арқылы орындалады. Олардың бірнешеуі бірігіп, колония құрып немесе жеке жүріп тіршілік етеді. Кейбір түрлері су түбіндегі заттарға бекініп отырып, ал кейбір формалары қозғалып жүріп тіршілік етеді. 2.Асцидиялар класы. Асцидиялар (Ascіdіae) хордалылар типіне жататын қабықтылар тип тармағының класы. Дүние жүзінде барлық мұхиттар мен теңіздерде кездесетін 2 мыңға жуық түрі белгілі. Көпшілік түрлері теңіздердің 500 м-ге дейінгі терең қабаттарында жекелей де, шоғырланып та тіршілік етеді. Денесінің ұзындығы 0,1 мм-ден 30 см-ге жетеді. Дене пішіні қапшыққа ұқсас, сыртын қалың туника қабығы (туницин және қышқыл полисахаридтерден түзілген) жауып жатады. Туника қабығының астында бір қабатты тері эпителийі мен екі-үш қабатты ұзына бойы және көлденеңінен орналасқан тері-бұлшық ет қапшығы жатады. Денесінің төменгі бөлігі (табаны) су түбіне бекіп тұрады. Ал жоғарғы бөлігінде бір-біріне жақын орналасқан ауыз және клоака тесіктері (сифон) бар. Жұтқыншағының екі бүйірінде болатын көптеген желбезек саңылаулары желбезек маңы қуысына ашылады. Ауыз тесігі (сифоны) көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Ол қысқа өңешпен, өңеш кеңейіп келген қарынға жалғасады. Қарын ішекпен байланысып, клоака тесігіне ашылады. Жұтқыншақ түбінде тербелмелі және безді клеткалардан тұратын сайшасы (эндостиль) болады. Жұтқыншақ ас қорыту және тыныс алу қызметін атқарады. Жүрегі қысқа түтік пішінді, ашық қан айналу жүйесі болады. Асцидиялар қос жынысты, сырттай ұрықтанады. Асцидиялар жыныссыз жолмен де көбейеді. Бұл кезде олардың денесінде бірнеше өскін (столон) түзіліп, жекелей де шоғырланып та тіршілік ете береді. Асцидиялардың көпшілік түрлері өз денелерінде ванадий элементін және клетчатка тектес заттарды жинағандықтан келешекте оларды өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға мүмкіндік береді. Асцидиялардың жыныстық жолмен көбеюін және дамуын орыстың эмбриолог ғалымы А.О. Ковалевский (1866) зерттеп, олардың басқа хордалы жануарлармен шығу тегінің ұқсас екендігін анықтады 3. Сальпылар, аппедикуляриялар класы.

Тест тапсырмалары:

1. Асцидия үшін келесі белгілер тән:

A) тұйықталған қан айналу жүйесі

B) метаморфозсыз даму

C) тек жыныстық жолмен көбейеді

D) жіктелген жүйке жүйесі

E) ганглиярлы (түйінді) жүйке жүйесі

*****

2. Қабықшалыларға тән ерекшеліктер:

A) ересектерінде хорданың болуы

B) нерв түтікшесі өмір бойы сақталған

C) дамыған сезім органдары

D) тек жыныстық жолмен көбеюге қабілетті

E) тек жыныстық жолмен ғана емес, бүршіктеніп көбеюге де қабілетті

*****

3. Қабықшалылар тип тармағына жататын класс:

A) Шеміршекті балықтар

B) Сүйекті балықтар

C) Дөңгелекауыздылар

D) Басхордалылар

E) Сальпылар

*****

4. Қабықшалылар тип тармағына жататын класс:

A) Шеміршекті балықтар

B) Сүйекті балықтар

C) Дөңгелекауыздылар

D) Басхордалылар

E) Аппендикуляриялар

*****

5. Қабықшалылар тип  тармағына жататын класс:

A) Шеміршекті балықтар

B) Сүйекті балықтар

C) Асцидиялар

D) Дөңгелекауыздылар

E) Басхордалылар

*****

Сұрақтар:

1.  Личинкахордалылар тип тармағына енетін жануарлар

  1. Асцидияның сыртқы құрылысы
  2. Асцидияның тіршілік ортасы
  3. Асцидияның қоректенуі
  4. Қабықшалылардың тыныс алу органы

 1

3

Дәріс 3. Тақырыбы: Басқаңқасыздар тип тармағына жалпы сипаттама

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

       1.Басқаңқасыздар тип тармағына тән белгілер

       2.Төменгі сатыдағы хордалылардың сыртқы және ішкі құрылысының  

          ерекшеліктері. Басхордалылар класы

       3. Басқаңқасыздардың шығу тегі

Дәрістің қысқаша мазмұны:1.Басқаңқасыздар тип тармағына тән белгілер. Бұл тип тармағына басхордалылар (серһаlосһогdаtа) деп аталатын бір ғана класс жатады. Бұлардың хордалары нерв түтігінен ұзынырақ алға шығып тұратын болғандықтан — басхордалылар деп аталған. Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хордалары бас миынан да алға шығып созылып жатады, желбезектерінің айналасында (атриальдық) қуысы болады. Басы денесінен айқын бөлінбеген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас миы деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атағанмен де, оны қаптап тұратын басқаңқасы болмайды. Хорда және оның қабы скелет қызметін атқарады. Аяқ-колдары жоқ, ал нефридиясы және жыныс системалары сегментті болады 2.Төменгі сатыдағы хордалылардың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Сыртқы түрі. Ланцетник — ұзындығы 5—8 сж болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетке ұқсас болғандықтан — ланцетник деп аталған; Арқа қанаты кұйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады. Денесінің, құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атериальдық тесікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы бауыр жағында 10—12 жұп қармалағышпен қоршалған ас жолы басталатын ауыз алды тесігі болады. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұрады: сыртқысын — эпидермис, ішкісін — кутис деп атайды. Жоғары дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен айырмасы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа қутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік клеткалары — цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар, ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері болады. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың ұлпалардан құралады. Басқа хордалылар сияқты, бұлардың еті де денесіне біркелкі орналаспаған. Ет әсіресе денесінің арқа бөлімінде көп болады. Ет системасы ұзына бойы бөлінген екі — миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінеді. Миомерлер бірінен-бірі миосепта деп аталатын дәнекер ұлпалармен шектеліп (бөлініп) тұрады. Сондықтан бунақтардың жіктері сырттан қарағанда айқын 'көрініп тұрады. Бұлшық еттерінің бөлшектерінің үшкір жағы денесінің алдыңғы жағына қарап орналасқан. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы миомерлері бір-біріне тұспа-тұс орналаспайды. Мұның өзі су ішінде жүзгенде көлденең бағытта денесінің оңай иілуіне жағдай туғызады. Хордасы негізінен каңқа қызметін атқарады. Хорда ланцетниктің арқа жағында бүкіл денесін бойлап созылып жатады. Хорда клеткаларының шығарған заттарынан хорданың сыртын қаптап тұратын қабық пайда болады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады. Олардың арасында іші сұйық затпен толған вакуольдері бар. Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатьш бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтігі болады, Нерв түтігінің бас жақ бөлімінің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты — невроцель деп атайды. Ланцетник ұрығының даму кезінде невроцель сыртқы ортамен — невропор тесігі арқылы қатысады. Ересек ланцетниктерде невропор болмайды. Мұның орнына дененің бас бөлімінің үстіңгі жағында оязы қалады, оны иіс оязы деп атайды. Сезім мүшелері —өте карапайым. Олар Гессе көзшелері арқылы жарықтарды, иіс оязы арқылы судың химиялық касиеттерін ажырата алады. Сонымен қатар денесінде — эпидермисте бытырап жатқан сезгіш клеткалары болады. Ас қорыту және тыныс органдары. Ауыз алдындағы қармалағыш түктерінің түп жағында ауыз орналасқан. Ішегі жіктелмеген бүкіл дене бойына созылған түтіктен тұрады. Ланцетниктер пассивті түрде тыныс алады және қоректенеді..Қан айналу системасы — қарапайым, бірнеше қан тамырларынан ғана тұрады. Қаны түссіз. Жүрегі болмайды. Жүрегі болмағандықтан ланцетниктің каны құрсақ жағындағы қолқаның жиырылуы мен желбезектегі қан тамырларының төменгі бөлімінің жиырылып-жазылып тұруы нәтижесінде қозғалады. Зәр шығару системасы — жұтқыншақ маңайына орналасқан көптеген (90 пар) нефридия түтікшелерінен тұрады. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас болғандықтан, оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Олар көптеген (25 пар) шар тәрізді целом қуысының желбезек бөліміне орналасқан денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жолы арқылы желбезек қуысына келіп, одан атриопор арқылы сыртқа суға шығарылады. Ланцетниктердің көбеюы және дамуын бірінші рет А.О,Ковалевский зерттеген. Бұл зерттеудің үлкен маңызы бар. Өйткені, өте қарапайым хордалылардың дамуын зерттеудің нәтижесінде қазіргі тіршілік ететін хордалылар тегінін, ертеде қалай дамығаны туралы керекті мәліметтер алуға болады.  

3.Басқаңқасыздардың шығу тегі. Осы кезде тіршілік ететін басқаңқасыздардың шығу тегі туралы палеонтологияда ешбір маглұматтар жоқ. Сондықтан да, бұл жануарлар тобының шығу тегі туралы салыстырмалы анатомия мен эмбриологияның мағлұматтарына ғана қарап қорытынды жасауға тура келеді. Академик А.Н.Северцевтің айтуынша басқаңқасыздардың тегі еркін жүзе алатын екі жақты симметриялы жануарлар болған. Олардың атриальдьык қуысы болмаған, хордасы бас бөліміне жетіңкіремеген. Желбезек саңылаулары аз болған (17-20) және оларда симметриялы түрде орналасқан. Сол алғашқы басқаңқасыздардан екі бұтақ тараған. Біреуі—еркін жүзіп жүріп тіршілік ететін омыртқалардың шығуына себепші болған топ та, екшші — жай қозғалуға су түбінде топырақты қазып тіршілік етуге бейімделгендері. Бұдан осы заманда тіршілік ететін басқаңқасыздардың ата тектері шыққан болуы мүмкін.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

Тест тапсырмалары:

1. Ланцетниктің белгісі:

A) құрсақ жүзу қанаттары

B) кеуде жүзу қанаттары

C) метаплевральдық қатпар

D) анальдық жүзу қанаты

E) майлы жүзу қанаты

*****

2. Ланцетниктің тері жабыны:

A) көпқабатты эпителий

B) бірқабатты эпителий

C) кірпікшелі эпителий

D) қабыршақ

E) қалқаншалар

*****

3. Ланцетникке тән белгі:

A) ұзын салалы еттер

B) сақиналы еттер

C) миомерлер

D) тері-ет қапшығы

E) бірыңғай салалы еттер

*****

4. Ланцетникке тән белгі:

A) омыртқа жотасы

B) шеміршекті қаңқа

C) сүйекті қаңқа

D) хорда

E) шеміршекті–сүйекті қаңқа

*****

5. Ланцетникке тән белгі:

A) жүйке түтікшесі

B) ми

C) жұлын

D) құрсақ жүйке тізбегі

E) ганглий

*****

Сұрақтар:

1. Ланцетниктің сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері

2. Ланцетниктің тіршілік әрекеттері

3. Ланцетниктің тері жамылғысы

4. Ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері, жұтқыншақтың құрылысы

5. Ланцетниктің қан айналу жүйесіндегі ерекшеліктер

1

4

Дәріс 4. Тақырыбы: Омыртқалылар немесе Басқаңқалылар тип тармағына жалпы шолу

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Омыртқалылар тип тармағына  жалпы сипаттама
  2. Жақсыздардың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері

Дәрістің қысқаша мазмұны: 1.Омыртқалылар тип тармағына  жалпы сипаттама. Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда омыртқалылардың құрылысы анағұрлым күрделі болады. Омыртқалылардың көпшілігі бір жерден екінші жерге барып қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге әрекет етеді. Омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты; мысалы, олардың миы жақсы жетілген. Жетілген сезім органдарының денесін қозғайтын аяқтарының, күрделі ауыз аппаратының, сүйек қаңқасының, жүрегінің және бүйректерінің болуы омыртқалылардың эволюциялық даму сатысының жоғарғы басқышына көтерілуіне мүмкіндік берген. Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі, сезім мүшелері әжептәуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы сияқты ерекшеліктер бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Аталған органдар дұрыс қызмет ету үшін қаңқа керек. Қаңқа сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Қаңқа денеге тірек болып желбезек аппараттарын және аяқтарын бекім ұстайды. Осы қажеттіліктің нәтижесінде омыртқа жотасы, ми сауыты мен висцеральдық қаңқалар және аяқ қаңқалары пайда болады. Денесіне қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету әрекеті жоғарылай бастайды. Денесінде зат алмасу күшейе түсуіне байланысты, денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да оларды денеден бөліп шығаратын органдар жетіледі. Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады: дөңгелекауыздылар (сусlоstотаtа), балықтар (ріsсеs), қосмекенділер (аmрһіЬіа), бауырымен жорғалауіііылар (герtilіа)„ құстар (ауез), сүтқоректілер (mаmmаlіа).

2. Жақсыздардың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен: бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады, аяқтары болмайды. Құйрық қанаттары сыртқы және ішкі құрылысына сәйкес симметриялы орналасқан, оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншектерімен шашақталған басының алдыңғы жағында сорғыш воронкасы бар. Мүйізді тістері воронканьщ ішіндегі етті тілдің ұш жағына орналасқан. Эпидермисті, жалаңаш терісінде безді клеткалары көп болады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады. Миногаларда дара танау тесігі екі көзінің аралығына, басының үстіне таман, ал миксиндерде басынын алдыңғы жағына орналасады. Аналь және зәр — жыныстық тесіктер кеуде мен кұйрық бөлімінің шекарасында орналасады да сыртқа ашылатын әрқайсысының жеке жолдары болады.

Денесінің арқа және құйрық жағындағы еттері карапайым құрылысты болады. Олар қабат-қабат болып жатқан миомерлерден құралады, ал миомерлер өзара жабын дәнекер миосепталар арқылы жіктеліп тұрады. Ет системасының көпшілігі жақсы жетіліп жіктелмеген. Тұлға мен құйрық бөлімдерінің қаңқасы негізінен хордадаи тұрады. Хорданың сыртын және оның үстінде орналасқан нерв түтігін дәнекер ұлпалардан тұратын қалың кабық қаптап тұрады. Бұларда ми сауытының құрылысы да қарапайым болады. Ол мидың астыңғы жағында төселіп жататын шеміршек пластинкасынан ғана тұрады. Осы пластинканың ортасындағы тесігінен гипофиздік өсінді өтеді. Бұл пластинканың бүйіріне шеміршекті есту капсуласы жалғасады, ал алдыңғы жағында шеміршекті иіс капсуласы жатады. Демек, дөңгелекауыздыларда ми сауыты әлі жоқ, мидың үстіңгі беті жарғақпен қапталып тұрады. Ас қорыту органдары — воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен құралады. Дөңгелекауыздыларда ғана желбезек аппараты энтодермальдық қабаттан пайда болады, ал басқа желбезекпен тыныс алатын омыртқалылардың желбезек аппараты эктодермадан дамиды. Желбезек қапшықтары 5-тен 15-ке дейін болады. Дөңгелекауыздылардың қан жүретін органдарының құрылысы ланцетниктікіндей болады. Бірақ олардың екі камерадан (жүрекшеге, қарынша) тұратын жүрегі болады. Миы бес бөлімнен:алдыңғы (tеlепсерһаlоп), аралық (dіепсерһаlоп), ортаңғы (mеsепсерһаlоп), мишық (mеtепсерһаlоп), сопақша мидан (mуеlепсерһаlоп) тұрады. Мидан 10 пар нерв тарайды..Сезім органдары — өте қарапайым. Есіту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Көздері де нашар жетілген. Зәр шығару органдары — мезонефрикалық (теsоперһгоs) бүйректерден құралады. Бұлардың алдыңғы бөліміне пронефростың (ргоперһгоs) қалдықтары жалғасады. Зәр заттарын шығару түтігінің қызметін вольфов каналдары атқарады. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып ұштасады. Жыныс бездері — дара, олардың арнаулы түтіктері болмайды. Жыныстық клеткалар — гонаданың қабырғасын жарып, денесінің ішіне құйылады. Одан арнаулы тесіктер арқылы зәр-жыныс қуысына құйылып, зәр-түтік өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Миксиндер қосжынысты болады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

Тест тапсырмалары:

1. Омыртқалылардың аралық миынан шығады:

A) көру нерві

B) кезеген нерві

C) иіс сезу нерві

D) шығыр нерві

E) көзқозғалтқыш нерві

*****

2. Омыртқалылардың ортаңғы миынан шығады:

A) көру нерві

B) кезеген нерві

C) иіс сезу нерві

D) шығыр нерві

E) көзқозғалтқыш нерві

*****

3.Омыртқалылардың ортаңғы миы мен аралық миының шекарасынан шығады:

A) көру нерві

B) кезеген нерві

C) иіс сезу нерві

D) шығыр нерві

E) көз  қозғалтқыш нерві

*****

4. Төменгі сатыдағы хордалылар:

A) Шеміршекті балықтар

B) Сүйекті балықтар

C) Қосмекенділер

D) Рептилилер

Е ) Қабықшалылар

*****

5. Дөңгелекауыздылардың паразиттік тіршілік белгілері:

A) сифондар

B) сорғыш воронка

C) жабысқыштар

D) ілмекшелер

E) хитинді еріндер

*****

Сұрақтар:

1.Миногалар мен миксиндердің сыртқы құрылыс ерекшеліктеріне  

    сипаттама

2. Дөңгелекауыздылардың тері жабынының құрылысы

3. Осьтік қаңқаның ерекшеліктері

4. Ауыз аппаратының құрылыс ерекшеліктері

5. Бауырдың құрылысы, қызметі

1

5

Дәріс 5. Тақырыбы: Балықтар класс  тобына жалпы сипаттама. Жақауызды омыртқалылардың морфологиясы, құрылыс ерекшеліктері. Шеміршекті балықтар класы. Систематикасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Тіршілік ерекшеліктері. Экологиясы

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Жақауызды омыртқалылардың морфологиясы, құрылыс ерекшеліктері.
  2. Балықтар класс тобы
  3. Шеміршекті балықтар класы.

Дәрістің қысқаша мазмұны: 1. Жақауызды омыртқалылардың морфологиясы, құрылыс ерекшеліктері. Дөңгелекауыздылардан балықтардың ерекшелігі олардың аузында қозғалмалы жақтары болады. Міне, сондықтан да балықтарды алғашқы жақтылар деп атайды. Дөңгелекауыздылармен салыстырғанда балықтардың ерекшеліктеріне біріншіден балықтардың қозғалмалы жақтарының болуы, екіншіден көкірегінде және құрсағында қозғалыс органы қос қанаттарының; үшіншіден иіс сезімі және танау тесіктері жұп болуы; төртіншіден желбезектерінің жапырақшаларының эктодермадан пайда болуы; бесіншіден балықтардың денесінің қабыршақтармен қапталуы т.б. жатады. Қоректерін активті түрде іздеп тауып ұстайды, тез қозғалып, ортаны бағдарлап, әрі оған бейімделе алады. 2.Балықтар класс тобы. Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрі белгілі. Балықтардың түрінің көп болуы оларға жалпы сипаттама беруге қиындылықтар туғызады. Сондықтан да балықтарға толық. сипаттама беру үшін оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші — шеміршекті балықтар; екінші — сүйекті балықтар 3.Шеміршекті балықтар класы. Шеміршекті балықтар — осы заманда тіршілік ететін балықтардың ішіндегі қаңқасы шеміршектен тұратын қарапайым құрылысты организмдер болып есептеледі. Желбезек тесіктерінің аралықтары жалпақ перделермен бөлінеді де, олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады. Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес. Жүзу торсылдақтары жоқ.

Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді: тақтажелбезектілер (еІаsmоЪгапсһіі) және бүтінбастылар, немесе химерліктер (һоіосерһаіі). Тақтажелбезектілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар (sе- Іасһоideі) және скаттар (Ьаtоideі).Тақтажелбезектілердің қабыршақтары плакоидты, әрбір сыртқы желбезек тесіктері денесінің сыртқы бетіне келіп өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында — рострум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең саңылау .түрінде орналасқан. Акулалардың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Басының екі бүйір жағында 5—7 желбезек саңылаулары бар. Құйрық қанатының жапырақшалары бір келкі емес. Гетероцеркалдық құйрық қанаты тән..Қаңқасы өмір бойы шеміршекті болады. Қаңқасы омыртқа жотасынан және басқаңқасынан тұрады. Омырткаларын дене және құйрық омыртқалары деп екіге бөледі. Омыртқаларға бекінген қабырғалар дене қуысын үстіңгі және бүйір жағынан қоршап тұрады.. Басқаңқасы— ми сауытынан, сезім органдарының капсуласынан және рострумнан құралған. Ауыз қуысын қоршап тұратын жақтарында ірі тістері болады. Ауыз қуысы желбезек саңылауларын аралап өтіп, жұтқыншаққа жалқасады. Жұтқыншаққа желбезектер саңылауларының жұрнақтары брызгальцелер ашылады. Қысқа өңеші доға тәрізді иілген қарынға ашылады, ал қарыннан ары қарай қысқа аш ішек кетеді. Шажырқайда ұйқы безі жатады. Тоқ ішегі жуандау ішінде спиралды қақпақшалары болады. Әрбір желбезек саңылауларының бір ұшы жұтқыншақка, ал екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Желбезек тесіктерінің әркайсысының аралықтары жалпақ желбезек перделерімен бөлінген. Желбезек перделерінің қалың қабатында шеміршекті желбезек доғалары жатады. Желбезек саңылауларының алдыңғы және артқы қабырғаларына желбезек жапырақшаларының орналасуы нәтижесінде желбезектер пайда болған. Желбезек жапырақшалары шеміршекті балықтарда эктодермадан пайда болады. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камерадан: жүрекше мен қарыншадан тұрады. Миы едәуір үлкен болады. Ол алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық және сопақша мидан тұрады. З әр ш ы ғ а р у о р г а н ы н ы ң қызметін — мезонефрос деп аталатын алғашқы бүйрек атқарады. Бүйректерден шыққан зәр заты қос вольфов каналшалары арқылы клоакаға келіп құйылады. Аналық жыныс бездері жұп болады. Жұп жұмыртқа жолдары аналық бездерімен жалғаспай-ақ дене қуысындағы соларға жақынырақ маңайға ашылады. Ұрғашыларының зәр шығару және жыныс жолдары дербес болады

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

Тест тапсырмалары:

1. Шеміршекті балықтардың қабыршағы:

A) ктеноидты

B) циклоидты

C) плакоидты

D) космоидты

E) ганоидты

*****

2. Балықтарда жамылғы сүйектер құрайды:

A) бастың шүйде бөлімін

B) бастың иіс бөлімін

C) бастың төбесі мен шүйде бөлімін

D) бастың түбі мен төбесін

E) тек бастың түбін

*****

3. Балықтардағы омыртқалардың түрі:

A) платицельді

B) опистоцельді

C) гетероцельді

D) амфицельді

E) процельді

*****

4. Балықтардың анадромды миграциясы:

A) теңізден жағалауға

B) теңізден өзенге

C) жағалаудан теңіз түбіне қарай

D) өзеннен теңізге

E) ұсақ суларға

*****

5. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген балық:

A) алтын түстес мөңке

B) кәдімгі алабұға

C) талма балық

D) ақмарқа

E) сырдария тасбекіресі

*****

Сұрақтар:

1. Шеміршекті балықтардың гетероцеркальды құйрық қалақшасының  

    ерекшелігі

2. Рострум өсіндісінің құрылысы

3. Висцеральдық доғаның элементтері

4. Тақ және жұп жүзу қанаттары қаңқасының құрылысы

5. Бұлшық еттер және оның ерекшеліктері

1

6

Дәріс 6. Тақырыбы: Сүйекті балықтар класы. Систематикасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Тіршілік ерекшеліктері. Экологиясы

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Сүйекті балықтар класы
  2. Сүйекті балықтардың филогениясы

Дәрістің қысқаша мазмұны: 1. Сүйекті балықтар класы. Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңіздер мен мұхит суларының әр түрлі қабаттарын мекендейді. Сонымен қатар көптеген түрлерін әр алуан тұщы сулардан — өзендерден, бұлақтардан, көлдерден, бөгеттерден кездестіруге болады. Дене қаңқасы .толығынан сүйектен тұрады, ал шеміршек кейбір жерінде ғана сақталған. Көкірек қанаттарының, әдетте базалиялары болмайды, қауырсындары бірден иық белдеуіне бекиді.

     Құйрық қанаттары кең,, ашалы келеді. Құрылысы осындай құйрыкты гомоцеркальды құйрық қанаты деп атайды. Басының үстіңгі бетінде танау тесіктері тұрады. Басының артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпақтары болады. Желбезектер осы кақпақтардың астында орналасқан. Басынан құйрығына дейін, бүкіл дене бойына созылып жатқан бүйір сызығы бар. Бұл бүйір сызығы дененің екі жақ бүйірінен тартылған өзек секілді.. Тесіктер арқылы бүйір сызығы сыртқы ортамен қатысады. Сырттан қабылданған әсерлер осы сызық арқылы миға жеткізіледі. Бүйір сызығы есту органдарының қызметін атқарады. Балықтардың көру органдары жақсы дамымаған. Сондықтан судың ішіндегі қатты заттарға соқтықпауына бүйір сызығы себепкер болады. Сол сияқты судың терең немесе тайыз қабаттарында жүргенін осы бүйір сызығы арқылы сезеді.. Амфицельді сүйекті омыртқалардан тұрады. Ми сауыты шеміршекті сүйектерден тұрады. Кеудесі мен кұйрық бөлімінің ет системасы, минога мен акулалардікі сияқты миосепталармен бөлініп бұнақталған миомерлерден құралады. Жеке миомерлер воронка тәрізді болып, бір-біріне еніп тұрады. Қанаттарының еттері жекеленіп, жіктелген.. Миы кейбір қарапайым белгілері бойынша, шеміршекті, шеміршекті-сүйекті балықтардың миына қарағанда әлде қайда қарапайым болады. Біріншіден, сүйекті, балықтардың миынын. көлемі кішірек келеді.

Сүйек капсуласының ішіне орналасқан бір ғана ішкі құлақтан тұрады. Дәм сезу органдары микроскоп арқылы ғана көрінетін ұсақ, дәм айыратын бүршікшелерден құралады. Жеке дәм айыратын бүршікшелер — бір-біріне жақын жатқан дәм айыратын клеткалардан және олардың арасындағы тірек клеткалардан құралады. И і с о р г а н д а р ы — екі тесікті (танау) жұп қапшықшадан кұралады. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ айқын бөлінбеген. Сондықтан да ауыз бен жұтқыншақ қуысын бірге қосып, ауыз-жұтқыншақ қуысы деп атайды. Алабұғаның аузында бірнеше ұсақ тістері бар. Тістері жоғарғы жақ, жақаралық тіс сүйектеріне орналасумен қатар, таңдай сүйектеріне, өре сүйекке және тіл асты шеңберінде де орналасады. Жұтқыншақ қысқа өңешке келіп жалғасады. Өңеш үлкен және өте созылмалы қарынға барып жалғасады. Одан нағыз ішек басталады. Ішектің алдыңғы бөлімі иіріліп барып шумақ шығарады. Одан кейін ішек ешқандай шумақталмастан денесінің арт жағына карай созылып барып дербес тесік болып сыртқа ашылады. Бірақ ішектің басталған жерінде тұйық, кейде пилорикалық деп аталатын өсінділер пайда болады. Бірнеше бөліктен тұратын бауырында өті болады. Өт—өт жолы арқылы ішектің баулық тәрізді алдыңғы бөліміне ашылады. Жүзу торсылдағы құрсақ қуысының арқа жақ бөліміне орналасады. Балықтардың көпшілігі дара жынысты. Тек біраз ғана сүйекті балықтар — теңіз алабұғасы (Sеrrапиs sсгіЬа), дорабтар (Сһуsорһгуs), тағы бірнеше балықтар ғана қос жынысты. 2.Сүйекті балықтардың филогениясы. Балықтардың қабыршақтарының және тікендерінің қалдығы силурдың жоғарғы қабатында кездеседі. Төменгі девон кезінде түрлі топтарға жататын бірнеше балықтардың калдығы табылған. Сөйтіп балықтар силур дәуірінің аяқ кезінде пайда болуы мүмкін. Демек, олардың тектері бізге белгісіз, балықтардың тегі осы кезге дейін анықталған жоқ. Дегенмен палеонтологиялық мәліметтер болмағанымен, оны белгілі дәрежеде теориялық жорамалдармен толықтыруға болады. Теориялық болжау бойынша балықтар бас қаңқасыздармен бірге бір ата тектен тараған. Кейбір ғалымдар (Л. С. Берг, Ромер және Г р о в, Уитсон) балыктар теңіздерде пайда болған жоқ, алғашқы балықтар тұщы суда пайда болған және негізгі теңіз балықтарының топтары тұщы су балықтарынан келіп шыққан деп дәлелдейді. Төменгі девон дәуірінде балыққа ұқсас сауыттылар (Оsігасоdіегmі) класына жататын балықтардың қалдығы табылған. Бұлардың денесі сауытпен қапталған, сондықтан сауытты балык деп атаған. Балықтардың ертерек дамыған топтары девон дәуірінің орта кезінде табылған сауытты балықтар болуы мүмкін. Олардың қаңқалары негізінен шеміршектен қалыптасқан. Олар тас көмір дәуіріне дейін тіршілік еткен.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

Тест тапсырмалары:

1. Сүйекті балықтарға тән белгі:

A) желбезекаралық перде

B) шеміршекті қаңқа

C) рострум

D) плакоидты қабыршақ

E) желбезекаралық перде болмайды

*****

2. Сүйекті балықтарға тән белгі:

A) желбезекаралық перде

B) шеміршекті қаңқа

C) рострум

D) плакоидты қабыршақ

E) торсылдақ

*****

3. Торсылдақ енетін органдар жүйесі:

A) тыныс алу жүйесі

B) қан айналу жүйесі

C) жыныс жүйесі

D) ас қорыту жүйесі

E) зәр шығару жүйесі

*****

4. Торсылдақтың қызметі:

A) тыныс алу органы

B) қан айналу органы

C) зәр шығару органы

D) гидростатикалық орган

E) ас қорыту органы

*****

5. Сүйекті балықтарға тән белгі:

A) желбезекаралық перде

B) шеміршекті қаңқа

C) рострум (тұмсық өсіндісі)

D) сырттан ұрықтану

E) іштен ұрықтану

*****

Сұрақтар:

1. Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысы

2  Сүйекті балықтардың жүйке жүйесі

3. Сүйекті балықтардың тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері

4. Сүйекті балықтардың систематикасы

5. Сүйекті балықтардың экологиясы, таралуы

 

7

Дәріс 7. Тақырыбы: Құрлықта тіршілік ететін омыртқалылар. Төртаяқтылар класс тобы. Қосмекенділер класына сипаттама, құрылысының морфологиялық ерекшеліктері, жіктелуі,  шығу тегі  мен эволюциясы

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Қосмекенділер класына жалпы сипаттама 
  2. Қосмекенділер отрядтары
  3. Қосмекенділердің шығу тегі

Дәрістің қысқаша мазмұны: 1.Қосмекенділер класына жалпы сипаттама. Қосмекенділер – құрлықтық омыртқалы жануарлардың алғашқы тобы. Класс өкілдерінің сулы ортамен байланысы тұрақты сақталған. Бұл тәуелділік эмбрионалдық және постэмбрионалдық дамудың ерекшеліктерінен айқын байқалады. Құрлықта да, суда да тіршілік ету белгілері ересек особьтарында жақсы байқалады. Құрлықта тіршілік ету – омыртқа желісінің жіктелуін, құрлықтық тип тегі - жұп аяқтарының пайда болуын, аяқ белдеулерінің күшеюіне, көз қабақтарының пайда болуына, есту сүйекшесі мен дабыл жарғағының орналасуына, ортаңғы құлақ қуысының және өкпенің пайда болуын, екі қан айналым шеңберінің және ас қорыту жүйесінің жіктелуін қамтамасыз етті. Сулы ортаға тән белгілер терісінде кілегейлі бездердің көп болуы, құйрықтың сақталуы, зәр-жыныс жүйесінің көптеген балықтардікіне ұқсас болуы, сырттай ұрықтану және қаңқадағы сүйектердің қатар дамуы. Қосмекенділер үшін екі типті өкпемен және терімен тыныс алу тән. Өкпесі нашар дамыған, сондықтан терісі қосымша тыныс  алу органының қызметін атқарады. 2.Қосмекенділер отрядтары. Осы кезде тіршілік ететін қосмекенділердің 4000-ға жуық түрі бар; олар үш отрядқа топтасады:

1. Құйрықтылар (Саиdаtа немесе 1Urodеlе)

2. Аяқсыздар (Ароdіа)

3. Құйрықсыздар Апига немесе Есаиdіаtа).

Басқа омыртқалыларға қарағанда қосмекенділер аз таралған. Көптеген түрлері температурасы тұрақты, өте дымқыл тропикте тіршілік етеді. Климаты қоңыржай жерлерде амфибилер аз, ал Арктика мен Антарктикада олар мүлдем болмайды. Бұлардан басқа шөлді облыстар мен биік таулы елдерде қосмекенділер аз кездеседі немөсе мүлдем кездеспейді. Мұның өзі амфибилердің құрғақшылыққа, төменгі температураға төзімсіздігін көрсетеді. Амфибилерді дене пішіндеріне және мекендейтін ортасына байланысты үш топқа бөлуге болады:

1. Тр и т о н т ә р і з д і л е р. Бұлардың денелері сопақ, ұзынша келеді, жақсы дамыған құйрығы болады, алдыңғы және артқы аяқтары біркелкі дамыған, жүргенде жер бауырлап жүреді. Басқа қосмекенділерге қарағанда көбінесе тіршілігі суда өтеді. Бұларға жататындар: тритондар, саламандыралар т. б.

2. Б а қ а т ә р і з д і л е р. Бұлардың дене тұрқы қысқа болғанмен де массивті толық келеді, құйрығы болмайды. Олардың алдыңғы аяқтарынан гөрі артқы аяқтары ұзын және жақсы дамыған. Құрлықта сол артқы аяқтарының көмегімен секіріп қозғалады. Көбею кезеңінде гана су орталығында болады да, ересек формаларының тіршілігінің сумен байланысы шамалы. Бұл типке барлық бақаның түрлері жатады.

3. Құрттәрізділер. Денесі ұзын, аяғы мен құйрығы болмайтын амфибилер. Құрлықта денесін жылан сияқты иреңдетіп қозғалады. Топырақтың үстіңгі қабатында және түрлі ағаш қалдықтарының арасында тіршілік етеді.

3.Қосмекенділердің шығу тегі. Ертедегі қосмекенділер Гренландияда жоғарғы девон қабатынан анықталған. Әзірше ондай жануарлардың бас қаңқасы ғана табылды. Ал толық қаңқасы таскөмір мен перм қабаттарынан табылған. Бұл өте ертеде тіршілік еткен амфибилердің тобы — филлоспондилер (Рһуііоsропdуlі) отрядына топтасады. Бұлардың ең ұсақтарының денесінің ұзындығы бірнеше сантиметр ғана болған. Сыртқы бейнесіне қарағанда, олар тритондарға ұқсайды. Ми сауытының басым көпшілігі сүйектенбеген, бірақ оның үстіңгі жағы тері тектес сүйекпен қапталып тұрады. Кейбір түрлерінде рудиментті желбезек қақпақшалары болған. Бас қаңқасыныңң құрылысындағы кейбір элементтеріне қарағанда, бірқатарында личинка кезінде сыртқы желбезегі болғаны байқалады. Филлоспондилер отряды — амфибилердің ертеде тіршілік етіп, кейін құрып біткен, олардан қазіргі замандағы құйрықты және кұйрықсыздар отряды пайда болған болуы керек.

Амфибилердің екінші құрып біткен отряды — лабринто-донттар (LаЬугіпthоdопtіа). Олар таскөмір мен перм қабаттарынан және полеозой мен ерте мезозой дәуірінен белгілі. Бұл алуан түрлі, өте көп жануарлардың тобы еді. Ертеде болған түрлерінің ұзындығы 60 сантиметрдей, бірақ көпшілігінің дене мөлшері ірі крокодилдердей болған. Жалпы бейнесі саламандраларға ұқсас, бірақ аяқтары нашар жетілген.. Эволюциялық дамудың нәтижесінде ондай амфибилерден бауырымен жорғалаушылардың шығуы мүмкін.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

Тест тапсырмалары:

1. Құрлықтық омыртқалылардың белгісі:

A) бір шеңберлі қанайналым

B) екі шеңберлі қанайналым

C) желбезектік тыныс алу

D) екі камералы жүрек

E) аяқтарының болмауы

*****

2. Құрлықтық омыртқалылардың белгісі:

A) бір шеңберлі қанайналым

B) өкпелік тыныс алу

C) желбезектік тыныс алу

D) екі камералы жүрек

E) аяқтарының болмауы

*****

3. Құрылықтық омыртқалылардың белгісі:

A) бір шеңберлі қанайналым

B) бессаусақты аяқтар

C) желбезектік тыныс алу

D) екі камералы жүрек

E) аяқтарының болмауы

*****

4. Өкпемен қосымша тері арқылы тыныс алу:

A) дөңгелекауыздыларда

B) қосмекенділерде

C) сүйекті балықтарда

D) құстарда

E) рептилилерде

*****

5. Үш камералы жүрек:

A) дөңгелекауыздыларда

B) қосмекенділерде

C) сүйекті балықтарда

D) құстарда

E) шеміршекті балықтарда

*****

Сұрақтар:

1.Қосмекенділердің ауыз-жұтқыншақ қуысының құрылыс  

   ерекшеліктері

2. Тері арқылы тыныс алудың маңызы

3. Тыныс алу механизі

4. Қосмекенділердің дернәсілдік стадиясындағы балықтарға ұқсастық    

    белгілер

5.  Қосмекенділердің шығу тегі

1

8

Дәріс 8. Тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылар класына жалпы сипаттама

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Бауырымен жорғалаушылар класына жалпы сипаттама 
  2. Бауырымен жорғалаушылардың систематикасы

Дәрістің қысқаша мазмұны: 1.Бауырымен жорғалаушылар класына жалпы сипаттама. Бауырымен жорғалаушылар құрлықта  тіршілік  етуге  толығырақ  бейімделген нағыз құрлық  жануарлары. Осыған орай олар өкпе арқылы тыныс алады. Бұларда  өкпенің  көлемін өзгертіп отыратын  көкірек  қуысы  бар. Терінің  қасаңдап  мүйізденген эпидермисінің беті мүйізді қабыршактармен немесе мүйіз  қалқаншалармен жабылған. Терісінде тері  бездері болмайды. Жүрек қарыншасы  толық немесе жарым-жартылай  екіге бөлінген және одан қосмкенділердегідей бір артерия сабағы емес, дербес үш артерия сабақтары шығады. Миы күрделірек. Құрлықта  тіршілік етуге  байланысты дене бөлімдерге  айқынырақ  жіктелген. Аяқтары  жақсы жетілген. Бауырымен  жорғалаушылар  күрделірек  құрылысты  болғанымен  амниота  ішіндегі  төменгі  құрылысты  жануарлар.. Негізінен рептилилердың   денесінің    температурасы  тұрақсыз  және дененің  температурасын   реттеу  қабілеті  де  нашар. Осыған  орай  кейбір  кесірткелердің  температурасы  қимыл-қозғалыста   жүргеннің  өзінде  14-32  градус  мөлшерде  ауытқып  өзгеріп  тұрады. Омыртқа жотасы амфибилерге қарағанда қозғалмалы болып бес бөлікке бөлінген (мойын, арқа, бел, сегізкөз, қүйрық). 2. Бауырымен жорғалаушылардың систематикасы. Қазіргі кезде рептилилер класының 6000–ға жуық өкілдері тіршілік етеді. Олар жер бетінде кең тараған, әсіресе тропикалық ендіктерде олар алуан түрлі болады. Ал шөл мен шөлеітті жерлерде   олардың  түрі  аз,  бірақ  жеке  түрге  жататын    жануарлардың  саны  көп. Қазіргі  кезде тіршілік ететін өкілдері 4 отрядқа топтастырылады: 1.Тұмсықбастылар; 2..Қабыршақтылар; 3.Крокодилдер; 4.Тасбақалар отрядтары.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

Тест тапсырмалары:

1. Рептилилердің қан айналу жүйесіндегі ерекшеліктер:

A) жүректен үш жұп қантамырлары шығады

B) жүректен бір жұп қантамырлары шығады

C) жүректен өз алдына жеке үш тамыр шығады

D) жүректен екі жұп тамырлар шығады

E) жүректен екі тамыр шығады

*****

2. Рептилилердің зәр шығару мүшелері:

A) мезонефросты бүйректер

B) протонефридилер

C) нефридилер

D) целомодуктылар

E) метанефросты бүйректер

*****

3. Дене жабыны арқа және құрсақ сауытынан құралған бауырымен жорғалаушылар:

A) крокодилдер

B) кесірткелер

C) тасбақалар

D) сцинктер

E) геккондар

*****

4. Бұғанасы болмайтын бауырымен жорғалаушылар:

A) кесіртке

B) геккон

C) кесел

D) игуана

E) крокодил

*****

5. Рептилилердің көне түрі:

A) батпақ тасбақасы

B) жүйрік кесіртке

C) гаттерия

D) ніл крокодилі

E) геккон

*****

Сұрақтар:

1.Рептилилердің жалпы белгілері

2. Рептилилердің бірінші мойын омыртқаларының құрылыс ерекшелігі

3. Рептилилердің омыртқа жотасының бөлімдері

4. Рептилилердің ас қорыту жүйесінің құрылыс ерекшелігі

5. Рептилилердің тыныс алу жүйесіндегі морфологиялық ерекшеліктер

1

9

Дәріс 9. Тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылар класының экологиясы, шығу тегі

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

       1. Бауырымен жорғалаушылар класының құрылыс ерекшеліктері

 2. Бауырымен жорғалаушылардың экологиясы

 3.  Бауырымен жорғалаушылардың шығу тегі

Дәрістің қысқаша мазмұны: 1. Бауырымен жорғалаушылар класының құрылыс ерекшеліктері. Сыртқы көрінісі. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай рептилилерді үшке бөледі.

1. К е с і р т к е т ә р і з д і л е р. Бұлардың сыртқы құрылысы рептилилердің көпшілігіне тән және біріне-бірі ұқсас деп айтуға болады. Олардың аяқтары жақсы жетілген, құйрықтары ұзын, кейбір түрлерінде қармақ тәрізді болады. Кесіртке тәрізділерге кесірткелер, хамелеондар, крокодилдер, ящерогадылар жатады.

2. Ж ы л а н т ә р і з д і л е р. Бұлардың денесі цилиндр пішінді, аяғы жоқ, мойны денесінен айқын бөлінбеген, көкірек бөлімі мен құйрық бөлімі айқын ажыратылмай бір-бірімен жалғасып жатады. Бұларға: жыландар, аяқсыз кесірткелер жатады. Алғашқы және соңғы типтің арасында аралық формалар бар. Мысалы, амфисбен (АmрһізЬаепіdае) тұқымдасының кейбір түрлерінің тек қана алдыңғы аяқтары болады, олардын басы денесінен айқын бөлінбеген, мойын бөлімі байқалмайды, қысқа, жуан құйрығы да денесінен айқын бөлінбеген. Қерісінше, жыландардан, айдаһарлардан артқы аяқтың нұсқасын кездестіруге болады.

3. Тасбақатәрізділер. Тасбақатәрізділердің денесі арқасынан құрсағына қарай қысыңқы болып, арқа және құрсақ .сауытының арасына орналасқан. Аяқтары көбінесе қысқа, құрлықтағы формаларында бағана тәрізді, теңіздегі формаларында ескек тәрізді, мойны ұзын, қозғалмалы. Бұған тасбақалар жатады, 2.Бауырымен жорғалаушылардың экологиясы. Амфибилерге қарағанда рептилилер алуан түрлі орталықтарда тіршілік етуге бейімделген организмдер. Эмбриональдық даму кезінде, сондай-ақ ересек кезінде де құрғақшылыққа төзімді болуында. Ересек организмдерде ол олардың эпидермис қабатының мүйізденіп кетуімен байланысты. қарағанда құрылысы күрделі, жоғары сатыдағы организмдер.  Бауырымен жорғалаушылардың құрлықта тіршілік етіп, көбею мүмкіндігі олардың тек қана жылы, дымқыл климатқа бейімделуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, ыстық, кұрғақшылық шөл жағдайында да тіршілік етуіне себепші болған. Рептилилер Арктика мен Антарктидадан басқа жерлердің барлығында мекендейді. Олар барынша температурасы жоғары, жылы ортада ғана тіршілік етеді. Мысалы, жыландар температура +10° болғанда активтігін төмендетеді, ал +6°, +8° болғанда қозғалмай қалады. + 2, +3 градуста ұйқыға кетеді. Денесі —4—6 градусқа дейін төмендесе тіршілігін тоқтатады. Тропикалық аймақта түрі өте көп және жиі кездеседі. Мысалы, Индонезияның аралдарында олардың 150—200-ге жуық түрі, Орта Азияда 50 – ге жуық түрі, Закавказьеде 40-қа жуық, солтүстік Кавказда 28, Батыс Европанын орта белдеуінде 12– ге жуық түрі, Еуропаның поляр шеңберіне дейінгі батыс бөлігінде екі түрі (сұр жылан және тірі туатын кесіртке) кездеседі. Орталык,Азия тауларының теңіз бетінен 500 метрдей биіктікке дейінгі денгейінен де бауырымен жорғалаушыларды кездестіруге болады. Өте жоғары температура да рептилилерге күшті әсер етеді.Температура жоғарлаған кезде кесірткелер індерге кіріп, ал агамалар бұталарға шығып сақтанады. Жоғарғы температура да бауырымен жорғалаушылардың тіршілігіне жанама жолмен керісінше әсер етеді. Жаз кезінде күн қатты ысып, өсімдіктердің күйіп кетуі дала тасбақасын жазғы ұйқыға кетуге мәжбүр етеді. Тропикалық жақта температураның аса жоғарлап кетуінің салдарынан су қоймалары кеуіп кетіп, крокодилдердің, кейбір жыландар мен тасбақалардың ұйқыға кетуіне себепші болады. Су мен топырақта тұздың болуы рептилилердіқ тіршілік етуіне кедергі болмайды. Жылан мен кесірткелердің көптег

ен түрлері амфибилер тіршілік ете алмайтын тұзды топырақта тіршілік ете береді. Сол сияқты тасбақалар мен жыланның кейбір түрлері (мүйізді сауыты болмаса да) тұзды көлдер мен теңіздердің суларында тіршілік ете алады. Осы заманда тіршілік ететін бауырымен жорғалаушылар жер бетінде, суда, жартылай суда, ағаштарда тіршілік етеді. Тек қана ауада тіршілік ететін түрлерін кездестіруге болмайды. Бауырымен жорғалаушылардың көпшілігі жер бетінде тіршілік ететін жануарларға жатады. Олар жер бетіндегі түрлі ортаның түрліше жағдайында тіршілік етеді. Оларды кұмды, топырақты, тасты шөлдерден, қалың шөптің арасынан, орманнан, батпақты т. б. жерлерден кездестіруге болады. Әйткенмен, көпшілігі күн көзі көбірек түсетін, қозғалысына кедергі келтіретін өсімдігі болмайтын ашық жерлерді мекендейді. 3.Бауырымен жорғалаушылардың шығу тегі. Алғашқы омыртқалы жануарлар девон дәуірінде пайда болған. Олар саусақ қанатты балықтардың жақын тегі стегоцефалдар немесе сауытты амфибилер еді. Олар көпшілік уақытын су қоймасында өткізген. Бірақ тіршілік еткен су қоймасы құрғап калған жағдайда жақын жердегі басқа су қоймасына жылжып бара алатын және құрлықта бірсыпыра уақыт бола алатын қабілеті болған. Олардың бір мезгіл құрлықта болуына таскөмір дәуірінің біркелкі' жылы, дымқыл ауа - райы әсер еткен. Таскөмір дәуірінің соңғы кездерінде құрлықта ауа-райы өзгерген. Тау пайда болу процестерінің көп болуы климаттың, сонымен қатар өсімдіктердің алмасуына себепші болған. Көпшілік жерлерде климат құрғақшылық, континентальды болды. Өсімдік сабағындағы жылдық сақинаға қарағанда қыс салқын болған. Осы кезде өзендермен, балшықтарда өсетін қырықбуын мен папортниктер жойылып, шөл-далалар пайда болған. Сөйтіп, құрғақшылыққа төзімді қылқан жапырақты өсімдіктер мен саговниктер көбейе бастаған.

Стегоцефалдардың тіршілік етуіне бұл жағдай қолайсыз бола бастайды. Құрғақшылық олардың денесін құрғатып, тері арқылы тыныс алуға кедергі жасайды және денесін құрғап кетуден сақтап қала алмайды. Өйткені өкпесі нашар дамыған, ол “организмдегі газ алмасуды толық атқара алмайтын болған. Стегоцефалдардың көпшілігі Перм дәуіріне жетпей-ақ кұрып біткен. Жер бетіндегі тіршілік жағдайларының өзгеруі құрғақшылыққа әлде қайда төзімді жаңа белгілердің пайда болуына себепші болған. Сөйтіп, жануарлар құрлықта тіршілік етіп, көбеюге мүмкіндік алды. Котилозаврлар — таскөмір дәуірінің үстіңгі қабатынан белгілі болған ертеде тіршілік еткен рептилилер. Мұның көптеген белгілері стегоцефалдарға жақын екенін көрсетеді. Алғашқы кесірткілердің қалдықтары перм дәуірінен табылған. Триас дәуірінде тұмсық бастылар (Rhупсһосерһаlіа) пайда болған. Оның гаттерия (Зрһепосіоп рипсШиз) деген түрі осы кезде Жаңа Зеландияда кездеседі. П с е в д о з у х и л е р (Рsеиdоsисһіа) алғашқы кесірткелермен бір түбірден тараған болу керек. Олар триастың басында пайда болған. Көпшілігі ормандарда тіршілік еткен. Мысалы, орнитозухилар, крокодилдер, динозаврлар (Dіпо-sаигіа) және птерозаврлар (Ріегоsаигіа) осы псевдозух.илардан дамуы мүмкін. Тасбақалар (Сһеіопіа) котилозаврлардан (Eоtilоsаигіа) шыққан болуы мүмкін. Олардың тегі перм дәуіріндегі еунотосаурус (Еипоtоsаигиs) деп болжайды. Олар кесіртке тәрізді қабырғалары қысқа, әрі жалпақ арқа сауыты сияқтыны құрайды. Құрсақ сауыты болмаған. Нағыз сауыты бар нағыз тасбақалар триаста пайда болған.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

Тест тапсырмалары:

1. Сыртқы жабыны жұмсақ, қатпарлы тері түріндегі белгі тән:

A) жасырын мойындыларға

B) бүйір мойындыларға

C) теңіз тасбақаларына

D) жұмсақтерілі тасбақаларға

E) исполин тасбақаларына

*****

2. Рептилилердің тегі:

A) котилозаврлар

B) динозаврлар

C) стегоцефалдар

D) псевдозухилер

E) алғашқы кесірткелер

*****

3. Көне рептилилер:

A) котилозаврлар

B) динозаврлар

C) стегоцефалдар

D) алғашқы кесірткелер

E) псевдозухилер

*****

4. Крокодилдердің шығу тегіндегі бастапқы түрлер:

A) котилозаврлар

B) динозаврлар

C) стегоцефалдар

D) псевдозухилер

E) алғашқы кесірткелер

*****

5. Тасбақалардың шығу тегі:

A) котилозаврлар

B) динозаврлар

C) стегоцефалдар

D) псевдозухилер

E) алғашқы кесірткелер

*****

Сұрақтар:

1. Рептилилер систематикасы

2.Тасбақалардың биологиясы, экологиясы, таралуы

3. Крокодилдердің биологиясы, экологиясы, таралуы

4. Қабыршақтылар отряды өкілдерінің көптүрлілігі

5. Рептилилердің шығу тегі

1

10

Дәріс 10. Тақырыбы: Құстар класына жалпы сипаттама

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Құстар класына жалпы сипаттама 
  2. Құстардың систематикасы

Дәрістің қысқаша мазмұны: 1.Құстар класына жалпы сипаттама. Құстар омыртқалы жануарлардың ішіндегі жоғарғы сатыда дамығандардың бірі. Денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Құстардың ұшуы эволюциялық дамудың жемісі, юра дәуірінің басында бауырымен жорғалаушылардан құстар келіп шыққан.Эволюцияның ұзақ жылдар дамуының нәтижесінде олар ағаштан ағашқа қалықтап барып қонады. Дамудың келесі сатысында құстардың ұшу қабілеті жетіле түсті. Құстардың ұшу қабілеті дүниежүзіне кең таралуына мүмкіндік берді. Құстар генетикалық жағынан бауырымен жорғалаушыларға жақын, оның прогрессивті бір бұтағы. Құстардың ұшуы оның денесіне көптеген өзгерістер тудырады. Қазақстанда құстардың 510-ға жуық түрі тіршілік етеді.Соның ішінде 388 түрі (79,5 пайыз) біздің жерімізде ұя салып көбейеді, 138-ге жуық түрі отырықшы құстар. Дүниежүзінде құстардың 8500-дей түрі тіршілік  етеді. Құстардың денесі бас, тұлға, қозғалмалы мойын, қанатқа айналған аяқтары және жақсы дамыған аяқтардан тұрады. Кеудесінің алдыңғы жағы жұмыр келіп, ауада ұшуға жақсы икемделген. Құстардың ұшу кезінде салмағын жеңілдетуге себепші болатын бірқатар бейімделушіліктер бар. Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, сүйектерінің іші ауа толған қуыс және өкпелерімен байланысты ауа қапшығы болады, қысқа тоқ ішегінде қорытылмаған тамақ қалдықтары тоқталмайды, қуығы болмайды, тісі жоқ. Осы ерекшеліктер құстардың ұшуына және жерде жүруіне толық мүмкіндік береді.Терісі жұқа, эпидермис қабаты нашар жетілген. Тері бездері болмайды, тек қана тіршілігі сумен байланысты түрлерінде құйрық түбірінің үстіңгі жағында құйымшақ безі болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындары майлап, оған су жұққызбайды, сынбайтын  майысқақтық қасиет береді. Жоғарғы және төменгі жақтарының үсті азды-көпті болсын мүйізденген қабыршақпен қапталып, тұмсықты құрайды. Тырнақтары мен сирақтарының сыртын мүйізді қабыршақтар қаптаған. Осылардың бәрі эпидермис қабатының туындылары. Құстардың денесі қауырсынмен қапталған. Олар құрылысына және атқаратын қызметіне қарай түрліше болады. Денесінің сыртын жауып тұратын қауырсынды жамылғы қауырсын (контурный) дейді. Қалыпты қауырсын теріге еніп тұратын (очин) қалам қауырсын бөлімінен және (ствол) сабағы деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Қауырсындардың сабақтарының іші қуыс болады және ол ауаға толып тұрады.Құстардың көпшілік түрлерінің денесі бір тегіс жамылғы қауырсынмен қапталып тұрмайды. Қауырсыны бар жерін птерилия, ал денесінің қауырсыны жоқ жерін аптерия деп атайды. Құйрығындағы ұзын қанаттары бағыттаушы қауырсындар. Қалыпты қауырсындардың астыңғы жағында ұсақ мамық қауырсындар орналасады. Мамық және нағыз мамық қауырсындар су құстарында және салқын жақта тіршілік ететін құстарда көбірек болады. Қалыпты қауырсындар құстың денесін сыртқы әсерлерден сақтайды, ал мамық қауырсындар денедегі жылуды сақтайды. Құстар түлейді. Түлегенде ескі қауырсындары түсіп, жаңадан қауырсындар шығады. Су құстары түлегенде ұша алмайды, ал құстардың көпшілігі біртіндеп түлейді де, олар ұшу қабілетін жоймайды. Көпшілік құстар жылына 1-3-ке дейін түлейді. Ұрықтануы іште жүреді. 2. Құстардың систематикасы. Класс тармағы. Нағыз құстар (Nеогпіtһеs). 1. Отряд тобы. Қырсызтөстілер немесе түйеқұстар (Rаtitае). Бұл топқа жататын құстардың өзіндік ерекшеліктері бар: бір жағынан олардың қарапайым құрылыстылығы болса, екінші жағынан ұшпай жердің бетімен адымдап немесе жүгіріп жүруіне байланысты жоғары маманданған белгілерінін. болуы. Қарапайым құрылысты белгілеріне мыналар жатады: аптерилерінің болмауы, қауырсындарының топқа бөлініп жіктелмеуі, желпуіш кауырсындарыньң болмауы; осыған байланысты бұлардың қауырсындарының тек қана денесін суықтан сақтау қызметін атқаратындығы. Төсі кішірек келеді және оның қыры болмайды. Жауырыны және коракоиды бірігіп, бір сүйекке айналып кеткен. Бұғанасының жұрнағы қалған. Жамбас сүйектері мен бассүйектері есейе келе бір-бірімен жымдасып бірігіп кетеді. Құйрық безі болмайды. Бірден-бір қозғалыс мүшесі басқа органдарымен салыстырғанда әлдеқайда ұзын, әрі мықты болып келетін екі артқы аяғы. Тез қозғалуына байланысты саусақтарының саны 3, немесе 2-ге дейін қысқарған. Сүйектерінің ішіндегі ауа қуысы нашар жетілген. Еркектерінің шағылыс мүшесі болады. Бұл  құстар осы заманда Африка, Араб, Австралия, Оңтүстік Америкада және Жаңа Зеландияда тараған. Ерте заманда олар біршама кең тараған. Олар 4 отрядқа бөлінеді: Африка түйеқұстары (Struthioniformes), Америка түйеқұстары немесе нанду (Rheiformes), Австралия түйеқұстары немесе казуарлар (Casuariiformes), Кивилер (Apterygiformes). 2. Отряд тобы Пингвиндер (Impennes). Отряд Пингвинтәрізділер (Sphenisciformes). Бұған суда тіршілік етуіне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар құстардың аз ғана тобы жатады. Бұлардың бір отряды оңтүстік жарты шарда, әсіресе Антрактикада тараған. Пингвиндер үша алмайтын, бірақ суда өте жақсы жүзетін және сүңги алатын құстар. Алдыңғы аяқтары суда жүзуге ыңғайлы ескекке айналған. Сирактары нашар дамыған, табан сүйектерінің жоғарғы бөлімдері бір-бірімен толық қосылып кеткен. Төсіндегі қыр сүйегі биік болады. Сүйектерінің ішінде қуыстары болмайды. Пингвиндердің кейбір түрлерінің бауырында (1—2) жұмыртқа сақтайтын қатпарлары болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, соқыр және денесі бүтіндей мамықпен қапталып тұрады. Ұзақ уақыт ұяларында болады. Бұлар негізінен Антарктикалық материктің жағалауларында тіршілік етеді. Салқын ағынды қуалай отырып солтүстікке карай тараған. Мысалы, оңтүстік шеңбердің 17°-қа дейін, Батыс Африкаға 38°-қа дейін, Австралияға, Галапагас аралдарына дейін тараған. Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Құрлықта жүргенде тікесінен тік тұрып, жайлап қозғалады. Ұяларын жерге салады, кейбір түрлері ұяларын тастарды жинастырып, үйіп жасайды, енді біреулері жерді шұңқырлап ұя салса, үшінші бір түрлері жерден терең ін қазады. Олар ұяларының түбіне шөп төсейді. Көпшілігінде бір, кейде екі жұмыртқа туады. Жұмыртқаларын екеуі де басады. Су ішінде аяғын және қанатын пайдаланып жақсы жүзеді, сүңгиді. Олар балықтармен, шаянтәрізділермен, кейде басаяқты моллюскалармен қоректенеді. Пингвиндердін, 20 шақты түрі белгілі. 3. Отряд тобы  Жаңа таңдайлылар немесе қырлы төсті құстар (Carinatae). Ұшатын құстардың көпшілігінде төс сүйектерінің қыры жақсы жетілген, контурлық қауырсындарының иілген желпуіштері және аптериясы, сүйектерінін ауа қуыстары болады. Құстардың көпшілігі дерлік осы отряд үстіне жатады. Бұл отряд үстін бірнеше отрядқа бөледі: гагаратәрізділер (Gaviiformes), сұқсыртәрізділер (Podicipediformes), ескекаяқтылар (Pelecaniformes), ләйліктәрізділер немесе сирақтылар (Ciconiiformes), қоқиқазтәрізділер (Phoenicopzeriformes), қазтәрізділер (Anseriformes), сұңқартәрізділер (Falconiformes), тауықтәрізділер (Calliformes),  тырнатәрізділер (Cruiformes), татреңтәрізділер (Charadriiformes), бұлдрықтәрізділер (Pteroclidiformes), кептертәрізділер (Columbiformes), көкектәрізділер (Cuciliformes), жапалақтәрізділер (Strigiformes), ешкіемертәрізділер (Caprimulgiformes), ұзынқанаттылар немесе сұрқарлығаштәрізділер (Apodiformes), көкқарғатәрізділер (Coraciiformes), бәбісектәрізділер (Upupiformes), тоқылдақтәрізділер (Piciformes), торғайтәрізділер (Passeriformes),түтікмұрынтәрізділер (дауылпаздар) (Procellariiformes), тотықұстәрізділер (Psittaciformes), дегелектәрізділер (Ciconiformes).

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

Тест тапсырмалары:

1. Құстардағы күрделі сегізкөз элементтері:

А) мойын омыртқалары

В) омыртқа қабырғалары

С) жауырын

Д) артқы көкірек омыртқалары

Е) аша сүйек

*****

2. Құстардың дене құрылысындағы ұшуға мүмкіндік беретін белгілер:

А) омыртқалардың бөлімдерге жіктелуі

В) интертарзальды және интеркарпальды қосылыстардың пайда болуы

С) қаңқаның жеңілдеуі

Д) қаңқаның жеке элементтерінің қосылуы

Е) аяқтарының түр өзгерісі

*****

3. Құстардағы ауа қапшықтарының қызметі:

А) тыныс алу механизмін анықтайды

В) құс денесін қызып кетуден сақтайды

С) мүшелер арасындағы үйкелісті азайтады

Д) дене көлемін ұлғайтады

Е) жылу алмасуға қатысады

*****

4. Құстардағы жүректің соғу жиілігі:

А) 20

В) 70

С) 150

Д) 100

Е) 400

*****

5. Ірі, ұршық тәрізді денелі, артқа ығысқан қысқа аяқтарында жүзу жарғақтары бар құстардың экологиялық тобы:

А) сулы-су астылық

В) сулы-ауалық

С) сулы-батпақтық

Д) суда жүзетіндер

Е) құрлықтық

*****

Сұрақтар:

1. Құстардың дене пішіні, ұшу кезіндегі ағашта, жер бетінде  

    қозғалысындағы, сүңгудегі және тағы басқалардағы маңызы    

2. Қауырсын жамылғыларының маңызы

3. Қауырсын түстерінің  биологиялық маңызы

4. Қауырсындардың эмбриональдық дамуы

5. Түлеу неге байланысты

1

11

Дәріс 11. Тақырыбы: Құс қаңқасының құрылысы. Ұшуға байланысты құстардың қаңқа құрылысындағы ерекшеліктер

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

      1. Құстардың құрылыс ерекшеліктері

2. Құстардың қаңқасы

Дәрістің қысқаша мазмұны: Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері: а)құстардың орталық жүйке жүйесі жақсы жетілген, олар әртүрлі жағдайларга бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді. б)денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұракты болуына әкеліп соқкан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбеюі біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі). Құстардың көрсетілген прогрессивтік белгілері, кластың жастығына қарамай олардың жер шарының алуан түрлі тіршілік орталықтарына тарауына мүмкіндік туғызған. Құстар морфологиялық жағынан денесінің қауырсынмен қапталуымен алдыңғы аяқтарының қанатқа айналғандығымен, сүйектерінің ішінде куыс болумен, ми сауытының шүйдесіндегі бұдырының болумен жүрегінің төрт камералы, оның оң жағында бір ғана аорта доғасының болуымен сипатталады. Құстардың тісі болмайды, олардың қызметін мүйізді тұмсықтары атқарады.

2.Құстардың қаңқасы. Қаңқасы ұшуға бейімделуіне және құрлықта жүруіне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар: алдыңғы аяқтарының, иык және жамбас белдеуінің өзіндік өзгерісінің болуы. барлық қаңқасының жеңіл, әрі мықты болуы. Сүйектерінің жеңіл болуы көптеген сүйектерінде куыстың болуынан, ал беріктігі — даму кезеңінің ерте мерзімінде бірқатар сүйектерінің жымдасып, бірігіп кетуінен болады. Тіпті ересек құстардан сүйектердің жігін байқау мүмкін емес. Омыртқа жотасы — мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құймышақ-кұйрык бөлімдерінен калыптасады. Бел омыртқалары ересек құстарда күрделі құрылысты сегізкөз құрамына енеді. Құстардың мойын омыртқаларын гетероцельдік омыртқалар деп атайды. Себебі, мойын омыртқалары бір-біріне ер сияқты жалғасады. Мұның өзі олардың тез кимыл жасауын да қамтамасыз етеді. Құстардың мойын омыртқаларының саны 11-ден 25-ке дейін болады. Бас сүйегімен жалғасатын алғашқы екі омыртқасы амниоттардың омыртқалыларының құрылысына ұқсас болып келеді, оларды атлант және эпистрофей деп атайды. Құстардың басқаңқасының  құрылысы рептилилердің басқаңқасының құрылысына ұқсас болып келеді.

Қанаттары және иық белдеуі — ұшуға бейімделуге байланысты ерекшеліктері болған. Иық белдеуі жауырыннан, коракоидтан және бұғанадан құралады. Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйісіп келіп тоқпан жілік бекитін ойықты қалыптастырады. Жауырынының тұрқы ұзын, түрі қылыш тәрізді иіліп келеді. Ол қабырғалардың үстінде жылжып қозғала алатындай болып орналасқан. Коракоид өте жақсы дамыған, оның бір ұшы төспен ұштасады да, екінші ұшы буын арқылы тоқпан жілікпен жалғасады. Құстардың оң және сол жақтағы бұғаналары бірігіп кетеді — мұны “айыр” сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне серпімділік қасиет береді. Артқы аяқтар және оның белдеуі. Жүргенде құстардың барлық салмағы артқы екі аяғына түсетін болғандықтан олардың құрылысында бірқатар өзгешеліктердің бар екенін көреміз. Жамбас белдеуіне күрделі сегізкөз бен мықынның үлкен қалақша сүйектерінің ұзына бойына тұтасып барып орналасқандығы үлкен тірек болып саналады. Мықын сүйектерімен өте ірі шонданай сүйегі бірігіп кеткен. Шап сүйегі өте жіңішке шыбық тәрізді болады. Олар шонданай сүйегінін сырт жағына орналасқан. Артқы аяқтары — ортан жілік, асықты жілік және сирақ пен саусақтардан тұрады. Құстардың саусақтарының саны көпшілігінде төртеу, үшеу болуы сирек кездеседі, ал Африка түйеқұсында екеу болады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

Тест тапсырмалары:

1. Құстардың омыртқа жотасы бөліміндегі қозғалмалы омыртқалар:

А) көкірек

В) бел

С) сегізкөз

Д) құйрық

Е) мойын

*****

2. Төс қыры  болмайтын құстар:

А) торғайлар

В) үйректер

С) жыртқыштар

Д) пингвиндер

Е) түйеқұстар

*****

3. Белдеуге ерекше серпімділік беретін, аша тәрізді біріккен сүйектер:

А) жауырын

В) бұғана

С) омыртқалар

Д) төс

Е) каракоид

*****

4. Құстарда білезік пен алақан сүйектерінің бірігуінен пайда болған сүйек:

А) жіліншік

В) пряжка (қамытша)

С) төс қыры

Д) құйрық пластинкасы

Е) уростиль

*****

5. Құстарда толарсақ пен табан сүйектерінің бірігуінен пайда болған сүйек:

А) жіліншік

В) пряжка (қамытша)

С) төс қыры

Д) құйрық пластинкасы

Е) уростиль

*****

Сұрақтар:

1. Қатты таңдайдың құрылысы

2. Тіласты аппаратының құрылысы

3. Иық белдеуінің ұшуға бейімделуінің көрінісі

4.  Маңдай сүйектерінің өзара бірікпеушілік себебі

5. Қоректік сипатқа байланысты тұмсықтың өзгеруі

 

12

Дәріс 12. Тақырыбы: Құстардың экологиялық топтары, шығу тегі, практикалық маңызы

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Құстардың экологиясы

      2. Құстардың шығу тегі

      3. Практикалық маңызы, қорғау шаралары

Дәрістің қысқаша мазмұны: 1. Құстардың экологиясы. Осы кезде тіршілік ететін құстар ағашты, бұталы, батпақты, сулы орталарды мекен етеді. Бірақ сүтқоректілерге қарағанда қүстардың бейімделген орталары көп емес. Мысалы, кұстардың ішінде тек қана суда тіршілік ететін немесе топырақтың қалың қабатында тіршілік етуге бейімделген түрлері болмайды. Бірнеше экологгиялық топтары бар: 1. Бұталы-орман құстары. Құстардың бұл тобына олардың өте көптеген түрлері жатады.

Бұл ортада көбірек мамандалған құстардың тобы — ағашта өрмелеушілер болып саналады. Олар қоректерін ағаштан немесе бұталардан алып, осы жерге ұялайды. Көбінесе ұяларын ағаштардың бұтағына салмай, діңіндегі қуыс жерлеріне салады. Қоректерін ағаштан табатын болғандықтан, олар ағаш бойымен тез өрмелей алады. Олардың аяқтары қуатты және иілген тырнақтары болады. Көпшілігінің (тоқылдақтар) екі саусағы алдына қарай, қалған екі саусағы артына қарай бағытталған. Ағаш бойымен өрмелегенде серпімді құйрық қауырсындары тірек қызметін атқарады.

қоректенеді. II. Батпақты-шалғындықтың құстары. Бұл құстар су қоймаларының суы тайыз агашсыз, аздап та болса батпақты, топырағы дымқыл жағауларда мекендейді. Шалшық суларда жүретін сирақты құстарға дене мөлшері ірі және орташа болып келетін аяқтары өте ұзын — тырналар, құтандар, дегелектер жатады. Олар батпақты-шылғындықтарды, мүкті-батпақтарды, қалың өскен қамыстарды мекендейді. Кейбір түрлері ағаштың басына ұялайды. III. Шөлді дала құстары. Бұларға — түйеқұстар, дуадақтар және тағы басқалары жатады. Бұл типке жататын құстар өсімдігі аз, әрі сирек ашық даланы мекен етеді. Осы тіршілік жағдайында пайда болған ерекшеліктеріне қарай бұл топқа жататын кұстар жүрдек және тез ұшатын құстар деп екіге бөлінеді. IV. Су құстары. Бұған сегіз отрядтың өкілдері: пингвиндер, чистик тәрізділер, шағалалар, түтік түмсықтылар, гагар тәрізділер, ескек аяқтылар, қаз тәрізділер енеді. Сулы ортада тіршілік етуі және олардың дене құрылысындағы бейімделушілік әрбір түрінде түрліше болады. Жалпы белгілері қауырсыны өте тығыз, мамығы өте жақсы, құймышақ безі жақсы жетілген. V. Жыртқыш құстардың белгілі мекен ететін экологиялық ортасы болмайды, олар түрлі ортада; тоғайда, тауда, далада, батпакты жерлерде мекен ете береді. 2.  Құстардың шығу тегі. Құстардын. арғы тегі рептилилер болғаны сөзсіз. Рептилилердің бір бұтағы болып бөлініп, одан ең соңында кұстардың шығуы мезозойдың (триас) бас кезі деп саналады. Диназаврлардан, крокодилдерден басқа рептилилердің топтарының арғы ата-тегі болып саналатын құстарға жақын тұрған псевдозухилер (Рsеudоsисһіа) болып саналады. Псевдозухилердің ішінде құстарға морфологиялық жағынан өте ұқсас орнитозухилер (Огпіtһоsисһиs) болған. Олар құстар сияқты артқы аяқтарымен қозғалып жүріп алдыңғы қолаяқтарымен қоректерін қармап ұстаған. Құйрығы ұзын, сол сияқты жамбас белдеуінде де құстардың жамбас белдеуіне ұқсас белгілері болған. Денесінін сыртын ұзынша қабыршақтар қаптаған. Қабыршақтарының көлденең өсі болады, оның бүйірінен қысқа құстардың қауырсындарына ұқсас қабыршақ кетеді. Псевдозухилер рептилилердің маманданған бір бұтағы болып саналады. Құстардың арғы ататектерінің шығу тегін және псевдозухилердің шығу тегін ертедегі рептилилерден қарастыру керек. Бұл топтардың эволюциясы алғашқы кезде ағаштарға өрмелеп жүруден басталуы мүмкін, соның салдарынан артқы аяқтары қатты заттың бетімен жүргенде денесіне тірек болып, ал алдыңғы аяқтары бұтақтардан ұстап қозғалуға маманданған. Бұдан кейін оларға бір бұтақтан екінші бұтаққа секіретін қабілет пайда бола бастаған. Алдыңғы аяқтарының артқы жиегіндегі қабыршақтары ұзарып қанаттың қауырсынының алғашқы нұсқасын құраған. Осыған байланысты қазіргі кездегі гоациндардың балапандарының саусақ қанаттарының жәрдемімен ағаштарға өрмелеп шығуын еске түсіруге болады. Ағаштарға өрмелеп жүрудің нәтижесінде, артқы аяқтарының бірінші саусағы, басқа саусақтарына қарама-қарсы арт жағына қарай бағытталып орналасқан. Бұдан әрі қарай даму кезеңінде қабыршақтарының жиегі кеңейіп, қауырсынға айналған. Бұл даму процесі алдымен қанаттары мен құйрық қауырсындарынан басталып, бүкіл дене қауырсындарының дамуымен аяқталады. Қауырсынның пайда болуы олардың ұшуына мүмкіндік беріп қана қоймай, дене жылуының реттелуіне, яғни құстардың “жылы қанды” болуына себепші болған.

Құстардың нағыз тегінід қалдығы әлі табылмаған. Полеонтологиялық қазбалардың ішінде рептилилер мен құстардың аралық формасы болатын үш факты бар. Өткен ғасырда юра дәуіріндегі жер қабатынан алдымен қауырсынның таңбасы, соңынан толық екі қаңқа табылған. Оның біреуін археоптерикс, ал екіншісін соған жақын археорнис деп сипаттаған. 3.Практикалық маңызы, қорғау шаралары. Құстардың көпшілік түрлерінің кәсіптік маңызы үлкен. Жабайы құстарды пайдалану шаруашылығымызға  қосымша ет, жұмыртқа, мамық, қауырсын немесе қауырсыны бар құс елтірісін береді. Бұл азық-түліктердің ішінде көбірек маңызы бары құс еті болып саналады. Бізде жыл сайын жабайы құстардың 150 түріне жататын ондаған миллионы ауланады. Кәсіптік құстардың негізгісі тауықтәрізділер (20-дан артық түрі) мен қазтәрізділер (50-дей түрі) болып табылады. Тауықтәрізділердің күзде және қыста бір жерге топтанып жиналуы, оларды көбірек ұстауға мүмкіндік туғызады. Бұл құстар (бөденеден басқасы) барлығы дерлік отырықшы құстар. Сондықтан бүкіл жыл бойы аулауға мүмкіндік болады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

Тест тапсырмалары:

1. Археоптерикстегі құстарға тән белгі:

А) тістерінің болуы

В) алдыңғы аяқтары қанаттарға айналған

С) мүйізді тұмсығының болмауы

Д) қырсыз төс

Е) омыртқа жотасының ұзарған құйрық бөлімі (20-ға жуық омыртқалар)

*****

2. Археоптерикстегі құстарға тән белгі:

А) тістердің болуы

В) мүйізді тұмсығының болмауы

С) семсертәрізді жауырын

Д) қырсыз төс

Е) омыртқа жотасының ұзарған құйрық бөлімі (20-ға жуық омыртқалар)

*****

3. Археоптерикстегі құстарға тән белгі:

А) қырсыз төс

В) мүйізді тұмсығының болмауы

С) доғаға біріккен бұғаналар

Д) тістердің болуы

Е) омыртқа жотасының ұзарған құйрық бөлімі (20-ға жуық омыртқалар)

*****

4. Археоптерикстегі құстарға тән белгі:

А) тістердің болуы

В) омыртқа жотасының ұзарған құйрық бөлімі (20-ға жуық омыртқалар)

С) қырсыз төс

Д) мүйізді тұмсығының болмауы

Е) артқы аяқтарда біріккен табан-сирақ сүйектерінің болуы

*****

5. Археоптерикстегі рептилилерге тән белгі:

А) доғаға біріккен бұғаналар

В) семсертәрізді жауырындар

С) қауырсынды жамылғы

Д) мүйізді тұмсығының болмауы

Е) артқы аяқтарда біріккен табан-сирақ сүйектерінің болуы

*****

Сұрақтар:

1. Қазтәрізділердің систематикасы, экологиясы, таралуы (практикалық

    маңызы)

2. Жыртқыш құстардың систематикасы, экологиясы, таралуы (қорғалуы,

    маңызы)

3. Тырнатәрізділердің систематикасы, экологиясы, таралуы (қорғалуы,

    маңызы)

4. Тауықтәрізділердің систематикасы, экологиясы, таралуы (жаңа

   қолтұқымдарын алу)

5.Көкектәрізділердің экологиясы, таралуы (ұялық паразитизм, оның пайда

   болуы)

1

13

Дәріс 13. Тақырыбы: Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама
  2. Сүтқоректілердің систематикасы

Дәрістің қысқаша мазмұны: 1.Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама.      Сүтқоректілер (Mammaliaжануарлардың хордалылар типіне жататын, құрылысы жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар класы. Сүтқоректілерге ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылы қанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олар түрлі табиғи орта жағдайларында (суда, аспанда ұшып жүріп, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын «маммалогия» (лат. «маммалис» - емшек+гр. «логос» - ғылым), кейде «териология» (грекше «терион» - аң, + «логос» - ғылым) деп те атайды. Алайда олар әртүрлі ортада  құрлықта болсын, суда болсын, ауада болсын кез-келген жағдайда, кез-келген климатта өмір сүруге бейім келеді. Олардың миы (дене мүшелерінің өзгелеріне қарғанда) басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болады. Сүтқоректілер қатарынан құрлық пен теңіздің ең үлкен жануарлары – мұхитта киттер және құрлықта пілдер болып табылады. Сүтқоректілердің морфологиялық ерекшеліктері денесі түкпен қапталған. Терісінде бездері көп, әсіресе жақсы жетілген сүт безін атап өтуге болады. Басқаңқасы омыртқа жотасымен екі бұдыр ескіншектер арқылы бекиді. Төменгі жағы тек қана тіс сүйегінен тұрады. Шаршы сүйек пен байланыс сүйегі ортаңғы құлақ қуысында орналасқан есту сүйегіне айналған. Тісі күрек тіс, шошақ тіс, азу тіс болып жіктелген, олар альвеолдарға бекіген. Жүрегі төрт камералы, бір ғана сол жақ қолқа доғасы сақталған. Тері бездері өзінің құрылысына және атқаратын қызметіне қарай — тер, май, иіс және сүт бездері болып бөлінеді.Тер бездері — түтік пішінді, астыңғы бөлімі иіріліп барып қошқар мүйізденіп бітеді. Бұлар бірден терінің үстіңгі бетіне немесе түк қалтасына ашылады. Бұл бездің өнімі тердің құрамында су, еріген мочевина және тұз болады. Бұл өнімдерді тер безі жасап шығармайды, оған қан тамырларынан келеді. Тер безінің қызметі суды буландыру арқылы теріні салқындату және ыдырау өнімдерін бөліп шығару. Сөйтіп жылуды реттеп отыру және зәр шығару қызметін атқаратын болады. Тер бездері барлық сүтқоректілерде дерлік болады, бірақ барлығында бірдей жетілмеген. Мысалы ит пен мысықта өте аз, кемірушілердің көпшілігінің тер безі табанында, шабында және ернінде болады. Киттәрізділерде және кесірткетәрізділерде тер безі болмайды. Май бездері шоқтанып жатады да әрқашанда түк қалтасына ашылады. Май бездерінің шығарған өнімдері түктерді, эпидермистің сыртын майлап, сыртқы зиянды әрекеттерден сақтайды. Иіс бездері — тер немесе май бездердің түрінің өзгерген түрі болып саналады. Тіпті кейбір кезде сол екі бездің екеуінің де қажеті осы иіс безінен байқалады. Мысалы, сасық күзендердін  артқы тесігінің маңайында өткір иісті, сасық өнім шығаратын бездері болады. Бұл күзенді жауларынан қорғауда маңызды қызмет атқарады. Кейбір сүтқоректілерде мускустық иіс бездері болады. Бұл бездің маңызы әлі толық анықталмаған. Бірақ, без аталған жануарлар үйірге түскенде анық байқалады. Сондықтан оның қызметі жануарлардың көбеюімен байланысты, яғни жыныстық қозуды тудыруы мүмкін.
Сүт бездері — түтік пішінді болады. Клоакалы сүтқоректілердің (үйректұмсықтардың, ехидналардың) сүт бездері түтік сияқты болады. Олардың ұшы құрсақ жағындағы “безді алаң” деген бөлімдегі түк қалташығына келіп ашылады Балалары осы түктерді сорып, оның түбіндегі тесіктен шыққан сүтпен қоректенеді. Ехидналарда “безді алаң” арнаулы қалтаның ішінде болады. Бұл көбею кезінде дамиды. Мұның ішінде жұмырткасы, одан кейін ехиднаның баласы жатады. Үйректұмсықтылардың “безді алаңы” кұрсақ жағына орналасады. Бұлардың емшегі болмайды. 2.Сүтқоректілердің систематикасы.Класс тармағы  Алғашқы немесе клоакалы андар (Prototheria). Инфракласс Атерилер (Atheria). Отряд Біртесіктілер (Monotremata). Класс тармағы  Нағыз аңдар (Theria). Инфракласс Төменгі сатыдағы аңдар (Metatheria). Отряд Қалталылар (Marsupiala). Инфракласс Жоғарғы сатылы андар немесе плацентарлық сүтқоректілер (Eutheria
). Қазір барлық материкте кездесетін жер бетінде кеңінен тараған, әр түрлі тіршілік жағдайында кездесетін жоғарғы сатыдағы сүтқоректілер.
Өзіне тән маңызды белгілері мынандай, біріншіден алдыңғы мидың күмбезі жақсы жетілген және ми сыңарлары бірімен-бірі сүйелді дене арқылы байланысқан. Екіншіден плацента әрқашанда пайда болып, баласын өз бетінше емшек еме алатындай болып туады. Үшіншіден қалталы сүйектері болмайды. Төртіншіден қынабы әрқашанда парсыз болады. Осы заманда тіршілік ететін плацентті сүтқоректілердің 18 отряды белгілі.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

Тест тапсырмалары:

1. Сүтқоректілерде болмайтын без:

А) май безі

В) тер безі

С) сүт безі

Д) сілекей безі

Е) құйымшақ безі

*****

2. Қазақстандағы сүтқоректілер класының отрядтар саны:

А) 10

В) 9

С) 7

Д) 5

Е) 12

*****

3. Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар:

А) алтай көртышқаны

В) қорқау қасқыр

С) тас сусары

Д) үнді жайрасы

Е) зорман (сарытышқан)

*****

4. Сүтқоректілерге тән белгілер:

A) жұмыртқа салу

B) плацентаның болуы

C) безсіз тері

D) гомодонтты тіс жүйесі

Е) дене температурасы тұрақсыз

*****

5. Сүтқоректілерге тән белгілер:

A) жұмыртқа салу

B) дене температурасы тұрақсыз

C) безсіз тері

D) гетеродонтты тіс жүйесі

E) мезонефрос

*****

Сұрақтар:

1. Сүтқоректілердің ас қорыту жүйесі

2. Сүтқоректілердің тыныс алу жүйесі

3. Сүтқоректілердің қан айналу жүйесі

4. Сүтқоректілердің зәр шығару жүйесі

5. Сүтқоректілердің көбеюі

1

14

Дәріс 14. Тақырыбы: Сүтқоректілердің қаңқалық ерекшеліктері

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылысы
  2. Сүтқоректілердің қаңқасы және тіршілік ерекшеліктері

Дәрістің қысқаша мазмұны: 1. Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылысы. Тіршілік ететін ортасының түрліше болуына байланысты сүтқоректілердің дене пішіні түрліше болады. Оның ішінде кеңінен таралғаны жер бетінде мекендейтін төрт аяқты аңдар. Олардың аяғы ұзын болады да, ол астына арналасқан. Сондықтан тізе буындары денесінің алдына қарай, ал шынтақ буындары денесінің арт жағына қарай бағытталған. Мойын бөлімі жақсы жетілген, ал құйрық бөлімі керісінше дененің қосалқы бөліміндей нашар дамыған. Жер астында тіршілік ететін түрлерінің денесі ұршық сияқты, мойны қыска, сыртынан айқьн байқалмайды. Құйрығы редукцияланған. Аяқтары өте қысқа болады. Суда тіршілік ететіндерінің дене пішіні балық тәрізді болады да, аяқтары ескекке айнапған. Киттәрізділерде тек қана алдыңғы аяқтары сақталған. Сүтқоректілер түрлі ортада тіршілік етуіне байланысты тері жамылғысының құрылысы басқа омыртқалылармен салыстырғанда анағұрлым күрделі болады. Омыртқалылардың тері жамылғысы сыртқы — эпидермистен, оның астыңғы қабаты.— кутистен немесе нағыз теріден тұрады. Эпидермис өз тарапынан екі қабаттан тұрады. Бірінші — төменгі қабатын — мальпигиев немесе өсу қабаты деп атайды. Ол қабаттың клеткалары цилиндр немесе кубик тәрізді болады. Бұл қабаттың үсті жалпақтау келген жасушалардан тұрады. Олар біртіндеп ішкі қуысына кератогиалиннің толуына байланысты мүйізденген өлі жасушаларға айналады. Бұл қабаттың үстіңгі жасушалары біртіндеп қайызғақ түрінде немесе кесек (лоскут) қабат түрінде (тюленьдерде) түлеп түсіп отырады. Сүтқоректілердің  түгі, тырнақтары, тұяқтары, мүйіздері (бұғыдан басқаларында), қабыршақтары және түрлі тері бездері осы эпидермис қабатынан пайда болады. Сүтқоректілерде терінің кутис қабаты өте жақсы жетілген. Кутис талшықты дәнекер тканьдерінен қалыптасады. Кутистің астыңғы қабатының ішкі беті жұмсақ талшықты ұлпалардан тұрады, оған май жиналады. Бұл қабатты тері астындағы майлы клетчаткалар деп атайды. Кит пен тюлень сияқты суда тіршілік ететін аңдардың жылуды сақтап тұратын түктері болмағандықтан май қабаты жылуды реттеу қызметін атқарады. Кейбір қысқы ұйқыға жататын жануарларда (саршұнак, суыр, борсық г. б.) май қабаты жақсы жетілген. Май олар үшін қысқы ұйқы кезіндегі қоректік материал болып саналады. Сүтқоректілердің барлығының дерлік денесінің сыртын қаптап тұратын түк болады. Кейбір түрлерінде (кит, дельфин т. б.) түк тіпті болмайды. Болса рудимент түрінде ғана сақталған. Сүтқоректілердің түктері жаңарып, жылдың белгілі бір маусымында түлеп тұрады. Тиіндер, түлкілер және көртышқандар жылына екі рет (күзде, көктемде) түлейді. Басқа сүтқоректілер жылына бір рет түлейді. Солтүстікті мекендейтін сүтқоректілердің түгінің тығыздығы мен ұзындығы жыл маусымына қарай түрліше болады. Тропиктік жануарларда жыл маусымдарындағы температураларының айырмашылығы шамалы болғандықтан көп өзгеріс болмай, олардың түгі әр уақытта бір қалыпты өседі. 2. Сүтқоректілердің қаңқасы және тіршілік ерекшеліктері.

Омыртқа жотасы. Сүтқоректілерде омыртқаларының буындасатын беттері тегіс болады, яғни омыртқаның мұндай түрін платицельдік омыртқа деп атайды. Омыртқа жотасы — мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық омыртқаларынан құралады. Мойын омыртқасының саны әрқашанда тұрақты болады. Алдыңғы екі мойын омыртқасын — ауыз омыртқа (атлант) және эпистрофей деп атайды. Мойын омыртқасы (ламантинадан басқасында). жеті омыртқадан тұрады. Арқа омыртқалары 12—15 болады. Бір ұшымен алдыңғы жеті арқа омыртқасына, ал екінші ұшымен төс сүйегіне бекіген қабырғаларды — нағыз қабырғалар деп атайды. Ал қалғандарын, яғни екінші ұшы төс сүйегімен жалғаспаған қабырғаларды — жалған қабырғалар деп атайды. Төс сүйегі (зtегпum) бір-біріне жалғасқан бірнеше сүйек пластинкаларынан тұрады. Бел омыртқаларының саны 2-ден 9-ға дейін болады. Ондағы қабырғалар рудименті түрде ғана болады. Сегізкөз көпшілігінде бір-бірімен бірігіп кеткен төрт омыртқадан тұрады. Бұл төрт омыртқаның алдыңғы омыртқасы ғана сегізкөз омыртқасы болады да, артқы екеуі сегізкөзге бірігіп кеткен кұйрық бөлімінің омыртқасы болып саналады. Құйрық омыртқаларының саны тұрақты болмай-ды. Ми сауыты. Сүтқоректілердің миының үлкен болуына байланысты ми сауыты да үлкен болады. Жас сүтқоректілердің ми сауыты ересектерінің ми сауытынан үлкен болады. Сүтқоректілердің ми сауытындағы жеке сүйегінің саны төменгі сатыдағы омыртқалардың сүйегінен аз болады. Өйткені ми сауытын құрайтын көптеген сүйектер өзара бірігіп кеткен. Иық белдеуі — сүтқоректілерде өте қарапайым. Ол негізгі жауырын, оған бекіген рудиментті каракоидтан тұрады. Сүтқоректілердің алдыңғы аяғы алуан түрлі күрделі қимылдар жасайтын түрлерінде (маймылдарда) бұғана болады, ал алдыңғы аяғы жер бетімен қозғалу қызметін атқаратын тұяқтыларда рудиментті түрде болады немесе тіпті болмайды. Жамбас белдеуі — жер бетінде тіршідік ететін жануарларға тән — шонданай, шап және мықын сүйектерінен тұрады. Көпшілік сүтқоректілерде бұл үш сүйек тұтасып барып бір ғана — жамбас сүйегін (іппоmіпаtіum) құрайды. Аяқтарының қаңқасы барлық жер бетімен қозғалатын бес саусақты жануарларға тән құрылысты сақтайды. 

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

Тест тапсырмалары:

1. Мойын омыртқаларының саны 6-дан 10-ға дейін болатын сүтқоректілер:

A) насекомқоректілер

В) қояндар

С) кемірушілер

D) жалқау аңдар

Е) тұяқтылар

*****

2. Төсінде қыры дамыған сүтқоректілер:

A) жұптұяқтылар

В) тақтұяқтылар

С) жарғанаттар

D) приматтар

Е) ескекаяқтылар

*****

3. Сүтқоректілердің  көкірек бөліміндегі омыртқалар саны:

A) 7

В) 10

С) 12-15

D) 10-20

Е) 1-10

*****

4. Сүтқоректілердің бел бөліміндегі омыртқалар саны:

A) 7

В) 10

С) 12-15

D) 10-20

Е) 2-9

*****

5. Сүтқоректілердің сегізкөз бөліміндегі омыртқалар саны:

A) 4

В) 10

С) 12-15

D) 10-20

Е) 2-9

*****

Сұрақтар:

1. Сүтқоректілердің басқаңқасы

2. Сүтқоректілердің алдыңғы аяқтарының құрылысы

3. Сүтқоректілердің артқы аяқтарының құрылысы

4. Сүтқоректілердің осьтік қаңқасының құрылысы

5.. Сүтқоректілердің жамбас белдеуі

1

15

Дәріс 15. Тақырыбы: Сүтқоректі жануарлардың шығу тегі мен эволюциясы, практикалық маңызы, қорғау шаралары

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Сүтқоректі жануарлардың шығу тегі мен эволюциясы
  2. Сүтқоректілердің практикалық маңызы, қорғау шаралары

Дәрістің қысқаша мазмұны: 1. Сүтқоректі жануарлардың шығу тегі мен эволюциясы.

Қазіргі кездегі сүтқоректілердің тегі палеозой дәуірінде тіршілік еткен қарапайым рептилилер болып есептеледі. Оған аң тәрізділер (Тһеготогрһа) класс тармағынан перм аң тістілері (Тһегіоdопtіа) жатады. Олардың тісі күрек, шошақ, азу тістерге жіктеліп, альвеолдарға орналасқан. Көптеген түрлерінің екінші реттегі таңдай сүйектері болған. Африкадағы триас қабатынан табылған циногнаттарды (Супоgпаtһиs) атап өтуге болады. Бұларды қазіргі кездегі сүтқоректілердің тікелей шыққан тегі деп айтуға болмайды, өйткені олардың бірқатар белгілері сүтқоректілерге ұқсас болғанымен, бірсыпыра жоғары маманданған өзіндік айырмашылықтары да бар. Сондықтан сүтқоректілердің тегін ертеректе тіршілік еткен өте қарапайым және аз мамандаған аң тістілердің ішінен іздеу керек. Сүтқоректілердің прогрессивтік эволюциясы денесінің жоғары температурасы, оны реттеу қабілеті, тірі тууы және өзін қоршаған тіршілік жағдайларының әсеріне түрліше бейімделуді қамтамасыз ететін жоғары дамыған жүйке әрекеттерімен байланысты.

Болжау бойынша қазіргі кездегі сүтқоректілердің тегіне жақын формалар жер бетінде юра дәуірінің ортасында пайда болған. Бұлар үш бұдырлылар (ТгіtиЬегсиІаtа) деп аталған. Бор дәуірінде қалталылар пайда болады. Олардың ертеректегі қалдықтары Солтүстік Америкада бор қабатында және Солтүстік Америка мен Евразияның төменгі үштік қабатында болған. Миоценнен кейін Оңтүстік Америкада плаценталылар көбейіп, қалталыларды толық ығыстырып шығарады да, тек қана аздаған маманданған түрлері қалады. Бор дәуірінде де қалталылардан бұрынырақ плаценталы сүтқоректілер пайда болса керек. Олар үш бұдырлылардан да бұрынырақ шығуы және дербес немесе қалталылар шыққан бұтаққа параллель шыққан жануарлар болуы да мүмкін. Плаценталылардың ең ертеректегі отряды насекомқоректілер (Іпsесtіvога) болып есептеледі. Мұндай қарапайым жйнуарлар Монғолияның жоғарғы бор қабатынан табылған. Бұлардың бір тобы жер бетінде, бір тобы ағашта мекендеп плаценталы сүтқоректілердің шығуына негіз болған. Ағашты мекендеп ұшуға бейімделген насекомқоректілерден қолқанаттылар (Сһігорtега) пайда болады, ал жыртқыштыққа бейімделген бұтағынан үштік дәуірдің бас кезінде ертедегі қарапайым креодонт (Сгеоdоntа) деп аталатын жыртқыштар пайда болады. Бұлар аз уақыттың ішінде кеңінен таралған олигоценнің аяқ кезінде үштік дәуірдің жай қозғалатын тұяқтыларының орнын, тез қозғалатын тұяқтылар басқан кезде, креодонттар ығысады да, олардан анағұрлым мамандалған жыртқыштар (Сагпіvога) пайда болады. Эоценнің аяқ кезінде, олигоценның бас кезінде жыртқыштардан ескекаяқтылар (Ріппіреdіа) жеке бұтақ болып шығады. Олигоценде қазіргі жыртқыштар (мысық, ит, сусар т. б-) тұқымдасының бірнеше алғашқы тектері тіршілік еткен.

Креодонттан үлкендігі иттей, ұсақ жануарлар—ертедегі тұяқтылар немесе кондилартрлар (СопсІуІагthга) шыққан. Олар талғамай қоректенетін, палеоценде пайда болған организмдер. Олардың аяғы бес саусақты болған, бірақ басқа саусақтарынан үшінші саусағы ұзынырақ, бірінші және бесінші саусақтары қысқарак болған. Аз уақыт қана тіршілік етеді. Қондилартрден эоценнің бас кезінде екі дербес бүтақ: тақтұяқтылар (Регіsssоdасtуlа) отряды мен жұптұяқтылар (Агtіосіасtуlа) отряды шығады. Эоценде тұмсықтылар да (РгоЬоsсіdеа) пайда болады.

 2. Сүтқоректілердің практикалық маңызы, қорғау шаралары. Сүтқоректілер өте кен тараған жануарлар. Сүтқоректілерді кәсіп ету халқымыздың шаруашылық ісінің маңызды саласы болып есептеледі. Осы жолмен өнеркәсіптік, тамақ, бағалы тері, тоқыма өнеркәсібінің т.б. өнімдерін алады. Әсіресе, жануарлар дүниесіне өте бай біздің елімізде табиғаттың осы байлығын тиімді пайдаланудың маңызы өте зор. Бағалы тері өндіруде ерекше орын алады. Біздің фаунамызда 178-ге жуық сүтқоректілер бар. Олар кәсіптік және спорттық маңызы бар жануарлар. Мысалы жыртқыштар, кемірушілер, жұптұяқтылар,  ескекаяқтылар, кояндар т.б. кәсіптік жануарлар болып есептеледі. Біздің еліміздің экономикасында теңіз жануарларының кәсіптік үлкен маңызы бар. Жабайы аңдарды аулау халық шаруашылығының маңызды саласы болып саналады. Сондықтан келешекте оларды көбейту және қорғау жөнінде арнаулы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады. Қазіргі кезде жабайы аңдарды жерсіндіруде үлкен жұмыс жүргізіліп отыр. Соңғы кездерде халық шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты қоршаған ортаға төнген экологиялық апаттар жан-жануарлар дүниесінің азаюына, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әсер етуде. Республикада сүтқоректілердің 40-тан астам түрі қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”, ал соның ішінде жұпартышқанқызыл қасқырқабыланқарақал,  барыс, құланМензбир суыры Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. 

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

Тест тапсырмалары:

1. Пржевальский жылқысы төмендегі отрядтың өкілі:

A) тақтұяқтылар

В) жұптұяқтылар

С) жүнқанаттылар

D) насекомқоректілер

Е) жыртқыштар

*****

2. Зебра төмендегі отрядтың өкілі:

A) тақтұяқтылар

В) жұптұяқтылар

С) жүнқанаттылар

D) насекомқоректілер

Е) жыртқыштар

*****

3. Жойылып кеткен тақтұяқты сүтқоректілер:

A) құлан

В) тарпан

С) Пржевальский жылқысы

D) тапир (салпы ерін)

Е) қара мүйізтұмсық

*****

4. Жылқының тегі:

A) құлан

В) тарпан

С) есек

D) тапир (салпы ерін)

Е) зебра

*****

5. Барсакелмес аралына қайта жерсіндірілген тақтұяқты жануар:

A) құлан

В) тарпан

С) Пржевальский жылқысы

D) тапир (салпы ерін)

Е) қара мүйізтұмсық

*****

Сұрақтар:

1. Тақтұяқтылардың таралуы

2. Сүйелтабандылардың таралуы

3. Жұптұяқтылардың таралуы

4. Жұптұяқтылардың көпжақтылығы

5. Сүтқоректілердің шығу тегі

...

Скачать:   txt (155.5 Kb)   pdf (362.1 Kb)   docx (91.2 Kb)  
Продолжить читать еще 41 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club