Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гидравликалық машинаға жалпы сипаттама

Автор:   •  Май 30, 2018  •  Курсовая работа  •  4,974 Слов (20 Страниц)  •  1,816 Просмотры

Страница 1 из 20

                       

     Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................4

Негізгі болім:

  1. Гидравликалық машинаға жалпы сипаттама........................................5
  2. Плунжерлі насос туралы сипаттама......................................................6
  3. Плунжерлі насостың жұмыс істеу принципі........................................8
  4. Плунжерлі насостың қолдану аясы.....................................................11
  5. Плунжерлі наcостың артықшылықтары мен кемшіліктері...............12
  6. Плунжерлі насостың есебі....................................................................13
  7. Қауіпсіздік ережелері............................................................................16

Қорытынды......................................................................................................17

        Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................18

                                               КІРІСПЕ

Химиялық өндірісте сұйықтың немесе газдың өнімдерінің құбырөткізгіш бойымен тасымалдауы үлкен роль атқарады. Бұл типтік тапсырма гидравликалық машиналар тарауына арналады. Гидравликалық машиналар насостар, компрессорлар және вентиляторлар деп бөлінеді.

Сұйық ағынының гидровликалық энергиясын механикалық энергияға айналдыратын машиналарды қозғалыстар деп атайды.

Сораптың жұмысын сиппатайтын негізгі параметрлер- бұл беріліс,арық,қысым, энергия.

         Беріліс дегеніміз-белгілі бір уақыт аралығында өткен сұйықтықтың немесе газдың көлемі. Ол көлемдік және сапалық болып белгіленеді.

        Насос – қысым тудыру арқылы сұйықтарды бір бағытты қозғалысқа келтіретін гидравликалық машина. Бұл негізінен сұйықты бір орыннан екінші орынға жеткізу үшін двигательдің механикалық энергиясын сұйық энергиясына айналдыру арқылы жасайды.    

        Насостар дегеніміз сырттан әсер  ететін күш қуатына (механикалық, электрлік және т.б) байланысты су немесе басқа да сұйықты көтеруге және оны тиісті қысыммен тұтынушыға беруге арналған құрылғы.

Насостар, гидровликалық машиналар ретінде, ұзақ уақыт бойы тек су айдау үшін қолданылатын. Қазіргі танда насостар адамзат қызметінің көптеген салаларында (коммуналды және өндірістік сумен қамтамасыздандыру, гидроаккумуляция,тасымалдау). Насостар жылу электр станцияларында қолданылады, сонымен қоса мұнай, мұнай химиясы, қағаз, торфты, металлургия және басқа да өнеркәсіп салаларында қолданылатын насостар белгілі. Көмекші құрылға ретінде (үйкеліс түйіндерін майлау жіне отын беру үшін) насостар көптеген машиналар құрамына кіреді: іштен жану қозғалтқыштары, сұйықты-ракеталы қозғалтқыштарда және т.б плазманы игеру жолында плазмалық насостар пайда болып жатыр.

        Насостардың құрылымдық түрлері өте көп, сондықтан оларды тағайындалуы бойынша топтастыру қиын. Насосты  қазіргі танда қозғалтқыштың механикалық энергияны айдалатын сұйықтың энергиясына түрлендіретін машина ретінде анықтаған жөн.

Насостардың гидроқозғалтқышпен көптеген ұқсастықтары бар, өйткені оларда сұйықтың энергиясын механикалық энергияға түрлендіру процессіне кері процесс жүреді. Сондықтан насостар мен гидроқозғалтқыштардың теориясы және құрылымдық құрылуы ұқсас болады.

Сұйықтар мен газдардың физикалық қасиеттері ( газдың дыбыс жылдамдығына дейін) өте ұқсас, бұл сораптарды газ машиналарының энергетикалық тобымен – желдеткіштер, газүрлегіштер, компрессорлар және кері процесті машиналармен- бу және газ турбиналарымен аз мөлшерде салыстыруға мүмкіндік береді.

Насостардың басқа энергетикалық машиналарымен ұқсастығын анықтау машина жасаудың аралас салалары тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.          Сонымен қатар насос жасау тәжірибесі гидротурбиналарды, компрессорлық машиналарды және желдеткіштерді жобалағанда пайдалануға болады.

Кеңейтілген түрлеріне байланысты насостар қазіргі кезде мынадай типтерге бөлінеді: поршенді насостар, плунжерлі насостар, диафрагмды насостар, винттік және алтылық, құйынды және т.б.

Осы насостардың арасынан поршендік және плунжерлі насостар жиі пайдаланылады және де көптеп кездеседі. Поршенді және плунжерлі насостар ең қарапайым. Олардың құрылымының бірнеше типі кездессе де олар қарапайым болып қалады.

...

Скачать:   txt (48.6 Kb)   pdf (388.8 Kb)   docx (116.1 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club