Құтыру ауруына сипаттама
Автор: asem32 • Апрель 17, 2018 • Реферат • 719 Слов (3 Страниц) • 1,123 Просмотры
Құтыру ауруына сипаттама
Құтыруға үй және жылы қанды жануарлардың барлық түрі, сондай-ақ адамдарда бейімді. Вирусқа ең көбірек иттер қатарынан түлкілер, қасқырлар, қорқау қасқырлар, сусар мысықтар қатарынан жабайы аңдар сезімтал келеді. Адамдар,иттер,мүйізді мал,жылқы,шошқалар бірқатар дерлік аз сезімтал келеді. Құстардың бейімділігі төмен екекндігі анықталған. Жас малдар ересек малдарға қарағанда, вирусқа көбірек сезімтал болады. Қоздырушының көзі-вирусты сілекеймен сыртқа шығаратын және қабу-тістеу арқылы тарататын ауру жануарлар. Сілекей ауру белгілерінен 8-10 күннен бұрын зарарлы бола алады. Сілекейдің кілігейлі қабықтарға немесе зақымданған теріге түсуіне байланысты залалдану пайда болуы мүмкін. Эксперименттерде қоздырушының алиментарлық және респираторлық жолдармен берілуі іске асырылған. Қоздырушының азғантай саны ауру малдың несебімен және сүтімен бөлініп шығатыны анықталған, бірақ бұл өте сирек болады және індеттік мәні жоқ болуы керек. Құтырудың негізгі таратушылары мен вирустық резервуары жабайы және үй ет қоректілері деп саналады. Олар осы аурудың тістеу арқылы механизмін заңды түрде қоздырушыларға тән етеді. Әрине тістелген барлық малдар ауыра бермейді.
Құтыру ауруының патологиялық анатомиялық және патоморфологиялық өзгерістері
Өлеседегі өзгеріс өлімтік тым арық, тістелінген, үлкейген орындар көрінеді. Басындағы мойнындағы жүндері сілекейленген. Көзге көрінетін шырышты қабықтары көгеріңкі. Сойып қарағанда ішкі ағзаларында қан іркілген. Қарны бос, етқоректі жануарлардың қарнында жеуге жарамсыз заттар (жүн, қауырсын, ағаш, тас, т.б.) болуы мүмкін, мүше бос та табылады. Күйіс малдарының дүңгіршек және жалбыршақ қарындарында тығыздалған жын болады (гипотония немесе атония нышаны). Ішектің кілегейлі қабығы қызарады, катаралды қабынады. Организмде су алмасу процесі бұзылуына байланысты тері, оның шел қабаты, табиғи тұйық қуыстардың бет перделері ылғалсызданады (ангидремия). Қарынның ұлтабарының кілегейлі қабығы қызарады, ісінеді, оларда жолақ, нүктелер байқалады. Кейде қарын мен ішектің кілегейлі қабықтары қабынып, кей жерлері қанталаған, әсіресе қарын қатпарларында кездеседі; әдетте олар гемморагиялық ойылымдар (эрозия). Кейде қуық пен ішек омыртқалары арасындағы ганглилер зақымдануы салдарынан салданып, олардың қуыстарындағы зәрмен, нәжіспен кернелген. Ми мен ми қабықтары домбығып әр жерінде петехиялар дамиды. Құтыру кезіндегі Бабеш-Негри денешіктері. Құтырудың маңызды диагностикалық белгілері: цитоплазмада орталық жүйке жүйесінің ганглиозды клеткаларын анықтауға болады, спецификалық ацидофильді қоспалар – Бабеш-Негри денешіктерімен табылуы және бас миы ұлпасының өзгеруі. Бабеш-Негри денешіктерінің көп мөлшерде аммонды мүйізше клеткасында, сопақша мида және ми жарты шарының қабығында, сонымен қатар жұлында және нерв ганглиясының перифериясында кездеседі. Өзінің формасы жағынан Бабеш-Негри денешіктері әртүрлі, бірақ дөңгелек және сопақша формаға ие, саны ауытқып отырады. Олар цитоплазмада нерв клеткаларының өсіндісінде орналасқан. Әдетте оларды күрделі ганглиозды клеткаларда табады, бірақ ми клеткаларында да кездестіруге
...