Жалпы геологиялық сипаттама
Автор: sandibay • Май 8, 2018 • Лекция • 551 Слов (3 Страниц) • 975 Просмотры
Жалпы геологиялық сипаттама
Прорва – Атырау облысында орналасқан мұнай және газ конденсатты кен орны. Кен орын Батыс Прорва және Шығыс немесе Орталық Прорва болып екіге бөлінеді.
Батыс Прорва мұнайгазконденсатты кен орны Атырау облысының Эмбенск ауданында, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 170 км орналасқан. Алғашғы барлама бұрғылану 1963 жылы басталып, 1964 жылы кен орын ашылған. Зерттеу-барлау жұмыстары 1964-1978 жж. аралығында жүргізілген.
Кен орын тұз күмбезді тектоникалық құрылымнан орын алған. (сур. 1) Кен орын 9 горизонтқа бөлінген: келловейде VIII1 - газдыконденсатты. VIII2, VIII3 – газдымұнайлы, VIII4 - газды; орта юрада – IX1 – газды , IX2 – газдыконденсатты; триаста II-Т1 , III-Т және VI-Т – газдымұнайлы.
Юралық өнімді қабаттар 2179-2320м. тереңдікте жатыр, ал триас кезеңіндегілер – 3109-3108м. тереңдікте. Юралық қабаттағы мұнайлы бөліктің биіктігі 10-28м, ал триаста 36-75м, газды бөлік, сәйкесінше 23-56м. Юралық кезеңде су және мұнай байланысы -2295-2381м аларықты қамтиды, ал триаста -3168-3404 м құрайды. Ал су және газ байланысы юралық қабаттарда -2258-2363м абсолютті тереңдікте жатады. Қабат резервуарлары негізінен стратигрофиялық экрандалған, ішінара литологиялық экрандалған түрде кездеседі. Өнімді қабаттар терригенді жыныстардан, коллекторлар кеуекті болып табылады. Коллекторлардың ашық кеуектілігі 14-19%, ал өткізгіштігі 0,015-0,603 мкм2 құрайды. Мұнаймен қаныққан юралық қабаттың қалыңдығы 3-9м, триастық 7-11м, ал газбен қаныққан қабат сәйкесінше 7-9м және 19м құрайды. Мұнаймен қаныққандық коэффициенті 0,51-0,67, газбен қаныққандылық 0,44-0,64. Бастапқа мұнай дебиті, штуцер диаметрін 7 мм деп алсақ, 11м3/тәул. -ден 144,4м3/тәул. – не дейін барады. Газ дебиттері 18,1мың м3/тәул. –нен 85 мың м3/тәул. –ға дейін өзгереді. Бастапқы газдық фактор 105,6-261 м3/м3. Бастапқы қабат қысымы 23,6-34,9 МПа, температура 73-96°C ді құрайды.
Мұнай тығыздығы 823-899кг/м3. Мұнай: 0,33-1,46% - күкірт, 2,05-4,22% - парафин, 15,66% шайыр, 1,12% асфальтенді қамтиды.
Газ құрамы: метан (90,3-90,93%), этан (3,34-4,13%), пропан (1,36-1,64%), изобутан (0,83-1,05%), пентан және жоғарылар (0,42-0,46%), азот және сирек кезесетіндер (1,74-1,79%), гелий (0,01-0,016%), күкіртсутек (0,01%), көмірқышқыл газы (0,26-1,72%). Бастапқы тұрақты конденсат құрамы газдың 79-93г/м3. Оның тығыздығы 755-758кг/м3 құрайды. Конденсат құрамындағы күкірт мөлшері 0,11%.
...