Мыс, қорғасын, мырыш кен орындары
Автор: Aidananka • Декабрь 11, 2021 • Реферат • 1,384 Слов (6 Страниц) • 966 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан
Мемлекеттік техникалық университеті
Жер туралы ғылымдар мектебі факультеті
ШНЗиОс кафедрасы
Тақырыбы: Мыс, қорғасын, мырыш кен орындары
Орындаған: Кәдірбек Н
Тексерген: Айтбаева С.С. аға оқытушы
2021 ж
Өскемен қаласы
Қолданылуы. Мыс жақсы электр- жəне жылуөткiзгiштiк, химиялық төзiмдiлiк, майырылғыштық, созылғыштық қасиеттерімен сипатталады. Сондықтан өнеркəсiптiң түрлi салаларында: электротехника мен байланыс құралдарында (50%), машина жасауда (25%), құрылыс, тамақ пен химия өнеркəсiбiнде (25%) пайдаланылады. Мыстың қалайымен, қорғасынмен, алюминиймен, кремниймен, бериллиймен (қола), мырышпен (жез), никельмен (мельхиор) жəне т.б. қорытпалары кеңiнен белгiлi.
Геохимиясы мен минералогиясы. Мыстың кларкi 0,01%, концентрациялану коэффицентi 200. Оның жоғарғы мөлшерi қышқылдау гранитоидтарға, негiздi таужыныстарға жəне кейде қышқылды граниттерге тəн. Мыстың 240 минералы белгiлi. Олардың iшiнде өнеркəсiптiк мəнге ие болатындары (Cu, %): сомтума мыс Cu (~100); халькопирит CuFeS2 (34); борнит Cu5 FeS4 (63); ковеллин CuS (66); халькозин Cu2 S (79,8); солғын кен Cu3 (AsSb)S3 (52–57); куприт CuО2 (88,8); малахит Cu2 СО3 (OH)2 (57,4); азурит Cu3 (СО3 )2 (OH)2 (55,3); хризоколла CuSiО3 nН2 О (36,1).
Рудасының типтерi мен кондициялары. Мыс рудасы екi өнеркəсiптiк типке бөлiнедi: сульфид жəне оксид. Мыстың 90%-ы сульфид рудадан балқытып алынады. Қалған бөлiгi сомтума мыс, оксид, карбонат жəне т.б. руданың үлесiне тиедi. Мыс рудасынан қосымша молибден, мырыш, қорғасын, алтын, рений, кадмий, индий, висмут, никель, кобальт, платиноидтар, селен, теллур, күкiрт жəне т.б. айырып алынады. Олардың бағасы көбiнесе негiзгi компонент мыстың бағасынан асып келедi. Мыс рудасына қойылатын талап оның құрамына, қорының масштабына жəне кенорындарды игеру тəсiлдерiне байланысты. Монометалды ұсақ кенорындар мыстың мөлшерi 2-3% болғанда игерiледi. Iрi кенорындарда ол 1%-ға дейiн төмендеуi мүмкiн. Руданы ашық тəсiлмен өндiргенде 0,5%, ал iрi комплекстi кенорындарда 0,3%-ға дейiн азаяды.
Қоры мен өндiрiсi. Мыстың жалпы əлемдiк қоры (ТМД елдерiн қоспағанда) 843 млн т, барланғаны – 466 млн т. Барланған қордың негiзгi бөлiгi АҚШ пен Чили 270 (əрқайсысында 85 млн т-дан), Замбия мен Канада (29 млн т-дан), Конго (25 млн т) мен Перу (27 млн т) кенорындарының үлесiне келедi. Мыс əлемнiң 37 елiнде өндiріледi. Оның мөлшерi 6,3 млн тоннаға жетедi; негiзгi бөлiгiн (80%) АҚШ (1,1 млн т), Чили (1,4 млн т), Канада (0,8 млн т), Замбия, Конго, Австралия, Перу, Филиппин өндiредi. 1 т мыстың құны əлемдiк биржада соңғы кезде $6500±1500 шамасында. Қазақстан мыс рудасының қоры бойынша əлемде алдыңғы орындардың бiрiн алады. 30 кенорынның баланстық қоры бекiтiлген. Олардың iшiнде қоры мен пайдалы қазбасының жиынтығы бойынша бiрегейі – Жезқазған. Ол республика мыс руда өнеркəсiбiнiң ең үлкен шикiзат базасы. Iрi кенорындарға жататындар – Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрқазған (Самара) кенорындары. Жалпы саны 70-ке жуық кенорынның дербес мыс рудалыға 30-ы жатады, қалғандары – комплексi, яғни құрамында мыс бар кенорындар. Мыс кенорындарының негiзгi (өндiру бойынша) геологиялық-өнеркəсiптiк типтерiне жататындар: мысты құмтас (58%), мысты колчедан (17,1%), мысты-порфир (8,2%), скарндық (4,1%) жəне т.б. (Полетаев, 1996 ж.). Қордың жалпы балансында мысты құмтас типтi руданың үлесi 42%, мыстыпорфирдің – 42%. Мысты құмтас кенорындары – Жезқазған, Жаман Айбат, Сарыоба, Итауыз, т.б. Орталық Қазақстанда орналасқан. Мысты-порфир кенорындар – Орталық Қазақстанда (Қоңырат, Бозшакөл, Борлы, Нұрқазған, Қызылту, т.б.) жəне ОңтүстiкШығыс Қазақстанда (Көксай, Ақтоғай, Айдарлы, Қасқырмыс, Восток I-IV). Мысты колчедан кенорындары арасында Мұғалжарда – 50 Октябрь атындағы, Ормаңы, Авангард, Аралша, т.б.; Шыңғыста – Ақбастау, Құсмұрын кенорындары бөлiнедi. Мысты скарн типтi кенорындардың ең белгiлерi – Саяқ, Қаратас, кварц-сульфидтiлердің (мысты желiлер) – Шатырқұл, Жайсан. Қазақстанда аталған негiзгi типтi кенорындармен қатар мысты-никельдi (Мақсұт, Қойтас, Қамқор), мысты-цеолиттi “желек” типтi (Темiрлiк) жəне т.б. бар. Өнеркəсiптiк жаңа кенорындарды анықтау бойынша Қазақстанның болашағы əлi маңызды. Қазiр республиканың мыс өнеркəсiбi шикiзат базасымен қамтамасыз етiлген. Бейбелсендi қордың бiршама бөлiгi (мардымсыз мысты-порфир руда) игерiлуi жағынан проблема туындатады.
...