Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ежелгi организмдердiн калдыктары мен тiршiлiк əрекетi iздерiн зерттеу

Автор:   •  Декабрь 3, 2020  •  Реферат  •  2,662 Слов (11 Страниц)  •  412 Просмотры

Страница 1 из 11
  1. ЕЖЕЛГІ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ ҚАЛДЫҚТАРЫ МЕН ТІРШІЛІК ƏРЕКЕТІ ІЗДЕРІН ЗЕРТТЕУ

Мұнай мен газ кендерін іздеу-барлау жұмыстары жүргізілетін шөгінді қабаттарында органикалық қалдықтар жиі кездеседі. Оларды зерттеу шөгінділердің қалыптасу жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайда органикалық

қалдықтардың құрамын анықтаудың өзінен ғана шөгінді жиналудың қандай жағдайда болғаны туралы қорытынды жасауға болады. Мыс., маржандардың, құлпысыз брахиоподтардың, трилобиттердің, теңіз кірпілерінің, лилиялардың, басаяқты моллюскілердің, акулалардың қалдықтары шөгіндінің тек теңіздік екенін ғана көрсетеді. Органикалық қалдықтар бойынша шөгіндінің қалыптасу жағдайын дəл анықтау үшін алдымен олардың биоценоз ба, əлде танатоценоз ба екенін білу керек.

Биоценоз (биос-өмір, кэнос-жалпы) деп қоршаған ортаның барлық                

ерекшелігінің                əсерімен                белгілі                бір                уақыт        аралығында (тіршілік еткен) қалыптасқан жергілікті тұрғындарды (жəндік- жануарларды)                айтады.                Биоценоздың        тұрғын                жерін                биотоп (bіоtорus - мекен)дейді. Биотоп тірі кезінде өмір сүрген, басқа жақтан тасымалданбаған организмдердің қалдықтарынан тұрады. Қазба        биоценоздар        автохтондыға        жатады.        Колониялы маржандар,        мшанкалар                өсу                        жағдайында,                        брахиоподтар, пелециподтар                        басқа                        затқа        жабысқан        (бекіген)        күйінде, ұйықжегіштер, шылаушындар іздерінде кездеседі. Биоценоздар бір-ақ түрден тұрады жəне олардың өлшемі əр түрлі болады.

Оларда тасымалдау ізі, сынықтары, жұмырлану болмайды.

Танатоценоз (танатос-өлім, кэнос-жалпы) деп организмдердің өлгеннен кейінгі қалдықтарының басқа жерде жиналуын айтады. Мұндай жерлерді танатоп дейді.Танатоценоздар аллохтондыға жатады. Олардың бақалшақтары көбінесе сынық күйінде, ірілігі бойынша іріктелген, жұмырланған жəне белгілі бір бағытта бағдарланған болып келеді. Танатоптарда тіршілігінде бірге өмір сүрмеген əр түрлі организмдердің, биоценоздардың қалдықтары кездеседі.

Биоценоз не танатоценоз екені туралы шөгіндінің литологиялық құрамы бойынша жанама анықтауға болады. Тынық жағдайда қалыптасатын майда түйірлі шөгінділерде биоценоздар болады, ал гидродинамикасы қарқынды жағдайда пайда болатын ірі түйірлі шөгінділерде негізінен танатоценоздар болады. Бірақ осылай əруақытта бола береді деуге болмайды.Себебі толқыны қатты жерлерде сауыты қалың

бақалшақтар мен басқа бір затқа жабысып өсетін организмдердің қалдықтары сақталып қалуы мүмкін.

14.1 ҚАЗБА БИОЦЕНОЗДАРДЫҢ ФАЦИЯЛЫҚ МƏНІ

Қазба биоценоздарды зерттеп, олардың тіршілік еткен ортасының физикалық-химиялық жағдайын анықтауға болады. Егер əр түрлі фауна мен флоралар, олардың əр түрлі топтары мен түрлері бірге кездесетін болса, онда ортаның олардың бəріне де қолайлы болғанын көрсетеді. Бұл қалыпты теңіздік жағдайды көрсетеді. Егер керісінше организмдердің тек бір түрі ғана жəне олар ерекше көп дамыған болса, онда ортаның да ерекше болғанын көрсетеді. Жағдайдың қалыптыдан ауытқуы əр түрлі себептерден болуы мүмкін. Теңіз үшін, мысалы, тұздылығының, температурсының өзгеруі, гидродинамикасының ерекшелігі. Оны нақтылы анықтау үшін қосымша деректер қажет. Егер  зерттелетін шөгінділерде тек эвригалиндік түрлердің қалдықтары кездессе, онда ол тұздылықтың өзгергенін көрсетеді. Егер су саяз жəне қозғалмалы, яғни ағынды-толқынды болса, онда бұл жерде сумен тасымалдауға қарсы тұра алатын организмдер дамиды. Мұндай жағдайда су түбінде ауалану жақсы болғандықтан организмдер көптеп дамиды, бірақ олардың түрі, яғни биоценоздың түрі шамалы болады. Танатоценозға, яғни шайылма бақалшақтарға қарағанда банкалықтар негізінен қозғалмай тіршілік ететін түрден тұрады. Олардың сауыттары қалың, тасымалдау жəне механикалық іріктелу оларда болмайды. Қазіргі теңіздерде олар устрицалық жəне мидиелік банкалар құрайды, мезозой мен кайнозой суқоймаларында банкалық бақалшақтастар устрицалардан, палеозойда брахиоподтар мен шамалы қосжақтаулы молюскілерден тұрады. Су терең болған сайын фаунаның түрі де, саны да азаяды.

...

Скачать:   txt (30.6 Kb)   pdf (132.8 Kb)   docx (48.4 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club