Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жалпыгеографиялық карталардың мазмұны

Автор:   •  Ноябрь 1, 2018  •  Реферат  •  432 Слов (2 Страниц)  •  1,608 Просмотры

Страница 1 из 2

Тақырыбы 1.2. Жалпыгеографиялық карталардың мазмұны

 Карта мазмұнының элементтері:

Карта мазмұныңда математикалық негізді және географиялық ауданның ерекшелігін сипаттайтын элементтер болады. Сондай-ақ карта тақырыбына байланысты басқа көрсеткіштер де болады.

Карта мазмұнының элементтері 3 топқа бөлінеді:

1. негізгі

2. қосымша

3. көмекші

Негізгі элемент – өзіне картографиялық бейнені және оның математикалық негізін қосады.

Картографиялық бейне – жергілікті жердегі құбылыстармен объектілерді карта бетіне шартты белгілер түрінде көрсетіледі (елді мекендер, гидрография, бедер, жол торы т.б.). Осы шартты белгілерді және олардың үйлесуін зерттеп, картада көрсетілген географиялық ерекшеліктерінің мәнін түсінеді.

Картаның математикалық негізі өзіне келесілерді қосады: масштаб, проекция, километрлік тор, картаның компоновкасы, картаның разграфкасы, карта беттерінің номенклатурасы, картаның жақтауы, тірек пункттер.

Қосымша элемент географиялық картаның негізгі мазмұнына симаған элементтер жатады. Мысалы: қималар (профиль), диаграммалар, фото суреттер, кестелер мен мәтіндер т.с.с. деректерді жатқызамыз. Бұл мәліметтер картаның шеткі бөлігінде немесе картаның жақтау іщіндегі бос орында орналасады.

Көмекші элемент  картаның шартты белгісі, яғни олардың түсіндірмесі (легендасы), картадағы өлшеуге арналған картографиялық белгілер (қашықтығы мен бұрышы), ауданы, нүктелері, координаттар және т.б. жатады. Көмекші элементтерге картаның атауы, картаны жасаған адамдар туралы мәлімет, карта құрастырылған уақыты туралы анықтама деректері, пайдаланған мағлұматтар және т.б., сонымен қатар картаны басып шығуға керек шығарма деректер, картаны қай жерде, қай жылы шығарылғаны жайлы деректер де карта мазмұнының көмекші элементтеріне жатады.

Картаның математикалық негізгі элементтері:

Негізгі элементтер – картаның математикалық негізіне байланысты: масштаб, проекция, километрлік тор, картаның разграфкасы, карта парағының номенклатурасы, карта рамкасы және тірек пунктері жатады.

Масштаб  пландағы картадағы сызықтың өзіне сәйкес жер бетіндегі ұзындығының горизонталь проекциясына қатынасы. Яғни жер бетінің азаю дәрежесі.

Масштаб: сандық, сызықтық, көлденең болып бөлінеді.

Проекция жер эллипсойдының бетін жазықтыққа математикалық заңдармен бейнелеу. Әр карта анықталған картографиялық проекцияда құрастырылады. Картографиялық проекция меридиандар және параллельдер торларымен көрсетіледі.

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (204 Kb)   docx (10.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club