Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шошқаның африкалық обасын жұқтырған жануардың өлексесіне патологиялық

Автор:   •  Декабрь 21, 2021  •  Курсовая работа  •  3,798 Слов (16 Страниц)  •  371 Просмотры

Страница 1 из 16

КІРІСПЕ

Патологиялық анатомия  ( патологиялық морфология ) – торшалар мен өрмелердегі құрылымдық өзгерістерді зерттеу арқылы жануарлар ауруларының материалық мәнін ашатын ғылыми қолданбалы пән. Ол сырқат организмдегі кешенді мәселелер жөніндегі қомақты ғылым – патологияның (грек. Phatos – сырқат, logos – ілім ) бір саласы.

Қазіргі уақытта ауруға ұшыраған организмнің құрылымдық өзгерістері организмдік, өрмелік, мүшелік, торшалық, жүйелік, ультрақұрылымдық және молекулалық деңгейде зерттеледі. Организмді түгел зерттеу өлексені сойып-зерттеу арқылы, мүшелерді – жай көзбен және жарық микроскопымен, торшалар мен торшааралық затты – жарық микроскопымен, ультрақұрылымдарды – электрондық микроскоппен жүзеге асырылады. Торшаның өте нәзік жарғақтарында ( мембраналарында ), митохондриялар мен эндоплазмалық торда, сол сияқты т.б. құрылымдарда туған өзгерістерді анықтау қазіргі заманға тән гистохимиялық әдістерді, электрондық және люминесценттік микроскоптармен қарау, гистоавторадиографиялық әдістерді қолдану арқасында мүмкін болады.

Патологиялық анатомия ветеринариялық ғылымдар кешенінде, мал дәрігерлерінің өндірістік қызметінде ерекше орын алады. Бұл пән торшаның ультрақұрылымдық патологиясын, құрылым мен функцияның бұзылуы болып табылатын жалпы патологиялық процестерді және патологиялық процестердің алуан түрлі тіркестері болып табылатын жануарлар ауруларын зерттейді. Мал дәрігерлерін дайындау жүйесінде мұндай аса күрделі, мән-мағнасы өте зор пән кемде кем. Басқаша айтқанда, патологиялық анатомия жалпы биологиялық пәндерге сүйене отырып, клиникалық пәндермен ұдайы тұрақты байланыста болып, ветеринариялық ғылымның күрделі кешенінің барлық деңгейін бір салаға түсіріп өзара біріктіреді. Патологиялық анатомия студенттерге аурудың материалдық негізі жөнінде ғылыми ұғым береді. Әрбір аурудың өзіндік морфологиялық нышаны бар. Демек, өлексені не арнайы өлтірілген ауру жануарды егжей-тегжейлі сойып-зерттеу арқылы, қажет болса, басқа да қосымша зерттеулер жүргізу арқылы аурудың себебін дер кезінде табуға, осыған сәйкес шаруашылықты сол аурудын арылту шараларын белгілеуге болады.  

Патологиялық анатомия үш бөлімнен тұрады: жалпы патологиялық анатомия және арнайы патологиялық анатомия бөлімдері мен патанатомиялық сою курсынан тұрады. Жалпы патологиялық анатомия торша патологиясы мен барша мал ауруларына ортақ патологиялық процестерді ( дистрофия, некроз, қан мен лимфа айналымының бұзылуы, қабыну, қалпына келу және компенсация, иммундық патология, сондай-ақ, ісіктерді, т.б. ) зерттейді. Бұл бөлімде сол процестердің тууы, дамуы, сөнуі, осы кезеңдерге тән морфологиялық өзгерістерді оқытады. Арнайы патологиялық анатомияны оқып үйрену барысында студенттер ауыл шаруашылығы жануарларының басты ауруларымен (ішкі жұқпайтын, инфекциялық және инвазиялық аурулар, микоздар мен микотоксикоздар, протозооздар мен гельминтоздар, уланулар ) танысып, олардың этиологиясы, патогенезі, морфологиялық сипаты жөнінде білім алады.

Инфекциялық аурулар ( лат. infest – ауру қоздырушы ) – бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар әрекетінен жануарлар организмінде жаңадан қалыптасқан тіршіліктің бір көрінісі болып табылатын дертті айтады.  Жануарлар мен адамның көптеген инфекциялық ауруларын вирустар тудырады, олар организмде тек торшалар ішінде өмір сүреді.

Вирустық аурулар дегеніміз – вирустар арқылы таралып, белгілі бір жануарға жұғу арқылы болатын жұқпалы аурулар және қатерлі ісіктер. Вирустар организмге тыныс алу немесе ас қорыту мүшелерінің кілегейлі қабықтары немесе терідегі жарақаттар, ауру тасымалдаушы жәндіктер арқылы жұғады. Вирустық инфекциялардың өтуі әртүрлі. Олар жіті және созылмалы болуы да, жасырын болуы да мүмкін. Кейбір вирустық аурулар тым баяу өтуі мүмкін.

...

Скачать:   txt (56.8 Kb)   pdf (203.2 Kb)   docx (27.7 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club