Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын-алудағы дене шынықтыру
Автор: didiidi • Март 4, 2022 • Реферат • 993 Слов (4 Страниц) • 661 Просмотры
«Астана медициналық университеті» КЕАҚ
Оңалту бөлімі, спорттық медицина және дене шынықтыру
Реферат
Тақырыбы: «Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын-алудағы дене шынықтыру»
Орындады:Қуат Диана
Факультет:жалпы медицина
Топ:127
Қабылданды: Есеева А.А.
Күні: 28.02.2022
Нұр-Сұлтан
2022
Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім:
1.Гипертоникалық ауру
2.Артериальдық гипотония
3.Жүректің ишемиялық ауруы
3.Қорытынды
1.Кіріспе
Әлемде жыл сайын жүрек-қан тамырлары дертінен көз жұматын жандардың саны артып келеді. Медицина мамандары мұндай дерт көрсеткішінің өсуіне бір ғана фактор әсер етпейтінін айтады. Себебі біріміз мұндай сырқаттың алғашқы белгілеріне мән бермесек, біріміз дәрігерлік тексеруді күнделікті күйбең тірлікпен кейінге шегеріп жүре тұрамыз. Әйтсе де жүрек-қан тамырлары дертінің алдын алудың жолдары мен амалдары барын ескере жүргеніміз абзал-ақ.
Жүрек қан тамырлары ауруы дегеніміз не?
Бұл бір ғана дерттің атауы емес, жалпы атауы. Жүрек қан тамырлары ауруының түрлері көп. Төмендегідей тізіп шығуға болады:
– Жүректің ишемикалық ауруы – жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз етіп отыратын қан тасымалдаушы тамырлардың зақымдалуы;
– Бас қан тамырларының ауруы – миға қан тасымалдайтын тамырдың зақымдалуы;
– Перифериялық артерия ауруы – аяқ пен қолға қан тасымалдайтын қан тасымалдаушы тамырлардың ауруы;
– Ревмокардит – стрептокок бактерияларының ревматикалық шабуылының нәтижесінде жүрек бұлшық еті мен жүрек клапанының зақымдалуы;
– Туа біткен жүрек ақауы – баланың дүниеге келген шағынан жүрегінің деформациялануы;
– Терең тамырлардың тромбозы және өкпе эмболиясы – жүрек пен өкпеге жететін қанды тасымалдайтын аяқ қан тамырларында қанның ұйып қалуы;
Инфаркт пен инсульт, әдетте, жүрек пен миға баратын тамырлар бітеліп қалған кезде мазалайды.
Ал бұл аурулардың алдын-алу үшін бірнеше ережені ұстанған жөн.Мысалы:
1.Қимыл-қозғалыс
2.Қан қысымыңызды тексеріп тұрыңыз
3.Холестерин мөлшерін тексертіп тұрыңыз
4.Қандағы қант мөлшерін өлшетіп тұрыңыз
5.Дұрыс тамақтаныңыз
6.Артық салмақ қосудан сақтаныңыз
7.Темекіден аулақ болыңыз.
Міне,осы шараларды сақтай отырып,денсаулығыңызды жоғары деңгейде ұстап тұра аласыз.Ал,қазір біздің толығырақ тоқталатын тақырыбымыз,жоғарыда айтылып кеткен қимыл-қозғалыс,яғни дене шынықтыру және спорттың жүрек-қан тамыр ауруларын алдын-алудағы маңызы.
2.1 Гипертоникалық ауру
Гипертоникалық ауру — орта ұшынан артерияға дейін материалды қан қысымының тұрақты көтерілуі.
Басты белгілері: бас ауруы, бас йналуы, жоғары жүйкелік қозу, ұйқының бұзылуы.
Көрсетімдер: жеке физикалық жаттығулар, жалпы қатайту тәсілдері (массаж, шынығу), жасына, жынысына, ағзаның қызметтік жағдайына қарай сәйкес жалпы дамыту, тыныс алу, демалдыратын жаттығулар, циклдық жаттығулар (мөлшерленген жүру, шаңғымен жүру).
Шектеулер: жылдам орындалатын, күшті, төзімділікті қажет ететін жаттығулар, қайнатылған тұзды қабылдау.
Қарсы көрсетімдер: тыныс алуды ұстап тұратын жаттығулар, ұзақ уақыт иілуді қажет ететін жаттығулар, секірулер, аттаулар.
Жаттығулар кешенінің міндеттері: жүйке жүйесінің функционалдық жағдайын қалыпқа келтіру, қан айналым және зат алмасуды жақсарту, қантамыр қабырғаларындағы жүйке-бұлшықет аппаратының оянуын азайту.
[pic 1]
2.2 Артериальдық гипотония
Артериальдық гипотония - систоликалық қан қысымының 100 мм рт.ст. төмен түсуімен түсіндіріледі. Диастоликалық – 60 мм рт.ст төмен.
...