Ұлы дала тарихы: көне дәуiрден казiргi заманfа дейiн
Автор: аяулым ерланова • Февраль 5, 2023 • Реферат • 1,234 Слов (5 Страниц) • 220 Просмотры
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ Астана, 2018
«ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ: КӨНЕ ДӘУІРДЕН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА ДЕЙІН» Халықаралық Еуразиялық форумының МАТЕРИАЛДАРЫ 1-ТОМ Нұр-Сұлтан, 2019
Жоспар
- кіріспе
- негізгі бөлім
- мемлекет қалыптасуы
- калыптаскан мемл мадениеты
- көшпелі және отырықшы мәдениет
- қорытынды
Ұлы дала тарихы – Еуразия кеңістігін мыңдаған жылдар бойы мекендеген халықтардың тарихи шежіресінің куәсі. Батыс пен Шығыс өркениеттерін тоғыстырған үндестік пен үйлесімнің бесігі, мәдени қазынасы мен тамырлы тарихы, жауһардай әдеби мұрасы мен жарқыраған асыл тілі, тасқа таңбаланған жазуы мен саф өнері - адамзат өркениетіне қосылған баға жетпес құнды байлығы екені тарихи шындық.
Расында, Байкалдан Балқанға, Алтайдан Ақтеңізге, Моңғолиядан Мажарстанға дейінгі ұлан-ғайыр алып аумақты мекендеген байырғы халықтардың арғы тамыры Ұлы даладан бастау алады. Ежелгі дәуірлерде Ұлы дала төсінде сақтардан алау алған елдік дәстүр жалғасын тауып, ғұндар1 мен түрктер2 дүниені дүр сілкіндіріп, айбынды империялар орнатады. Даңқты бабаларымыз іргелі мемлекеттердің негізін қалап, замана көшінің келбетін өзгертіп қана қоймай, бағзы дәуірлерде алғаш рет жылқыны қолға үйретіп, кен қорытып, темір өндіріп, ауыз әдебиетінің бай үлгілерін ұрпаққа аманаттап, адамзат ақыл-ой қазынасына өлшеусіз үлес қосты.
Ұлы даланың әр қиырынан табылған мәрмәр тасқа бәдізделген жазу мәдениетінің үздік нұсқалары – жазба ескерткіштер, Тәңір наным-сенімінің көріністері – киелі ғибадатханалар мен ғұрыптық кешендер, өркениеттің жауһарлары – көне шаһарлар мен әсем кесенелер ежелгі түрк мәдениеті әлеуетті де салтанатты болғанын айғақтайды. Ұлы даланың тұрғындары арман-аңсары мен қаһармандық тарихын туған жердің әр тасына қашап қалдырған, оны бәдіздеп, оюмен өрнектеген ойшыл халық. Осылайша Еуразия кеңістігіндегі байтақ қоныстың әрбір тасы таңбаланып паспортталған, оны көзінің қарашығындай сақтаған Ұлы дала елінің аманаты бізге ұласқан.
түрк ұрпағы баяғының бай заманынан көк аспан мен қара жердің ортасынан туған төл перзент болып саналады да, көз ашып өмірге келісімен Ұлы даланың ұланына айналып, Отан-ана үшін жүрегі адал соғатын парызға ие болған. Сағымды сайын даланың салқар төсінде Күннен жаралған ұрпақпын деп патшасына сары алтыннан киім кигізіп, жүйрік тұлпар жеккен күймелі арбасымен Күн түбіне жеткелі күңірене жүйткіген сайыпқыран ұлыстың дүниені дүбірлеткен даңқтысы сақтар болатын.
Ұлы даланың түрк әлемі тарихының келбетін айқындаған байырғы ошақтары саналатын кеңістігіне қазіргі Қазақстан, Оңтүстік Сібір, Моңғолия, Шығыс Түркістан, Орал, Каспий, Қара теңіз, Кавказ аумақтары қамтылады. Бұл аймақтарда «скиф», «сақ», «усунь», «кангюй», «юэчжи», «ғұн», «динлин» сынды жалпылама аталатын бірқатар мемлекеттер мекендеді.
Орталық Азияда б.з.д. VII-VI ғасырларда мекендеген тайпаларды ежелгі қытай жазбаларында «се», «сай», «жун», «ди» деп атаса, кейінірек «ху» деп жалпылай атаған еді. Сонымен қатар Орталық Моңғолияда «ғұн», Хянған, Ішкі Моңғолия, Манжұрияда «дұнхұ», Тянь-Шань, Шығыс Түркістан өңірлерінде «юэчжи» деп жалпылама аталатын тайпалық одақтар, мемлекеттер болды. Аталмыш мемлекеттер мен тайпалар одағының құрамындағы этностар прото түрктердің қалыптасуында маңызды қызмет атқарды. Бұл – этногенезистік, әрі лингвистикалық тұрғыдан да түрк халықтары ататегінің тым ежелгі негіздері Ұлы даладан бастау алып, қалыптасты деген сөз.
Сол себептен де түрк әлемінің байырғы тамырларының бірі далалық көшпелі скиф-сақтар болып табылады. Еуразияның ұлан-байтақ аумағында оның ішінде қазіргі Қазақстан аймағында «Азия скифтері, сақтары» деген жалпы атаумен «сақтар, массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспалар, аргиппейлер сияқты көптеген көшпелі және жартылай отырықшы тайпалардың одағы өмір сүрді. Қазақстанның оңтүстік аумақтарында тиграхауд сақтар, дахтар, орталық аумақтарында исседондар, батыс аумақтарында савроматтар, солтүстік шығысында аримаспылар мекендеген. Ғалымдардың пайымдауынша, сақтарда түрк этногенезисінің бастаулары бар, олар ерте замандардан парсы және өзге тайпалармен көрші өмір сүрген.
...