Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Хирургиялық ауруларды емдеуде ұлпа дәрмектерін қолдану

Автор:   •  Сентябрь 11, 2018  •  Реферат  •  533 Слов (3 Страниц)  •  1,336 Просмотры

Страница 1 из 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ 
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы : Хирургиялық ауруларды емдеуде ұлпа дәрмектерін қолдану

Орындаған: Сембай Асельхан ВМ-305

Тексерген: Ахметжанов О.Н.

Семей 2016.

Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1  Ұлпа терапиясының әдістері

2.2. Артериттер, мидың соғылуында, перифериттік жүйке жүйесінің   аурулары кезіндегі қолданылатын дәрі-дәрмектер

2.3

III.Қорытынды бөлім

IV.Қолданылған  әдебиеттер тізімі

 

ҰЛПА ТЕРАПИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ

Емдік мақсатта көбінесе консервіленген ұлпаны денеге жамап бітіру кең қолданылады. Ол үшін мойын аумағының ортаңғы тұсында операциялық алаңды дайындап, жергілікті инфильтрациялық жансыздандыру жасайды. Сосын теріңдігі 2-3 см ұзындыққа кесіп, ішін кеңейтіп тері асты қалта жасайды. Қан ағысын тоқтатқан соң, асептика, антисептика талап-тарын қадағалап, консервіленген ұлпаны қуысқа енгізіп жараның жиектеріне 3-4 жерден тігіп салады. Керек болған жағдайда ұлпа терапиясын 20 күннен соң қайталайды.

Жаралар, ойылымдар мен күйіктерді емдеуде хлорацид немесе хлорамин ерітіндісінде консервіленген тері не басқа ұлпаларды бейімдеп қондыру (аппликация) өдісін қолданады. Малға егетін ұлпа мөлшері малдың түрі мен.салмағына тікелей байланысты.

Ұлпа терапиясын жазылуы ұзаққа созылған жараларда, ойылымдарда, қаяуларда, торша-лардың бөлініп көбеюінен мүшенің ұлғаюында (пролиферат), тыртықтан пайда болатын контрактураларда, өзектің таралуында, терінің созылмалы ауруларында, жүйке қабынғанда, жартылай және толық салдануларда, ашық іріңді-өлі етті процесстерде, көз ауруларында, акушерлік-гинекологиялық патологияларда, жұқпалы емес ішкі ауруларда қолдану жақсы нәргиже береді. Ал жабық іріңді-өлі еттену процесстерінде, сепсисте, ірі қара малдың 7 айлық буаздығынан бастап емге қолдануға болмайды.

Артерит— қан жолдарының қабынуы — дербес науқас ретінде сирек кездеседі, флегмонамен, сүйек мойынның қабынуы, жаралы процесстер, сепсистер гематоген жолымен тарайтын жұқпалы аурулармен қатар дамиды.

Ем-дәрмектерін қолдану:

Негізгі ауруларын 500 мл 5% глюкозаның ерітіндісін, 250 мл 0,25% промедол ерітіндісін, 4 мл 5% аскорбин қышқылын, 2 мл В, витамин, 2 мл Вб витаминнен жөне 2 мл В,2 витаминнен күре тамырдың ішіне тамшылап қүю.

В.С.Савельевтің антикоагулянтты терапиясын қолдану керек: 10-15 мың гепарин бірлігін күре тамыр ішіне қүю, содан кейін натрий хлоридінің ерітіндісінде немесе 5% глюкозаның 5000 бірлігінде.

Фибринолитикалық дәрі-дәрмектер: 15-20 мың фибринолизин бірлігін натрий хлоридінің ерітіңдісі мен 15-20 мың гепарин бірлігіне қосып тамшылай құю.

Босаңсытқыш дәрі-дәрмекттер: карбохолин, поповарин, редерганды ішкі периартриалды тілінде салынады.

Күре тамыр ішіне новокаин — антибиотик егулер ұсынылады.

Мидың соғылып калуы - бұдан да ауыр клиникалық барысымен анықталады, бас миының заттарының бұзылуымен қатар болады.

Ем-дәрмектерін қолдану:

Ми шайқалғандағыдай, ұстама кезінде аминазин, гексанал, басына суық, есін дұрыстау үшін оттегі, тері астына димедрол, атропин.

Бас сүйегі ішіндегі және        ликворды гипертензия кезінде терапия сұйықтықты азайту, 20-40% глюкоза, гмагнезия, диурез, лазена.

Инфекциялардың алдын алу: антибиотиктер, 40% уротрапин оперативті емдеу ветеринарияда қолданылмайды, бірақ бас сүйегіндегі қан қысымына бағытталуы мүмкін. Мидың бас сүйегінің ашық жарақат алған кезіндегі зақымдалуы тесілген жөне тесілмеген болады. Тесілмегендері қауіпті де ауыр болады.

Перифериялық жүйке жүйесінің аурулары. 

Жүйкенің құрылысы: перифериялық жүйкенің невриттер, жарақаттың, уланған, инфекциялық жөне басқа сипаттағы зақымдануы неврит деп атайды. Зақымданған жеріне қарай да бөлінеді: радикулит — жұлын түптерінің зақымдануы, фуникулит — жүйке зақымдануы, лексит — жүйке өрімінің қабынуы, неврит — жүйке қабынуы.

Ем-дәрмектерін қолдану:

Емдеу алдында суық қояды, гидрокортизон қосқан новокаин, одан кейін жылы орап, жылынатын компресстер, жылан майлары, ара улары, күре тамырға 0,5 пайызды новокаин, В, В2 вигамиңдері, никотин қышкылы, парафин, озокерит.

Жүйке мүшенің өз қызметінің айырылуы немесе оның қызметінің энервацияның бұзылуы салдарынан жойылуы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Магда  И.И. Иткин Б.З.Воронин И.И.Оперативная хирургия с основами тапогрфический анатомии. М.Колос, 2003 г. 360 с.
  2. 1.2 Магда  И.И. и др.  Оперативная хирургия (учебное пособие) М. Агропромиздат,1990 – 333 с.
  3. Мурәлінов  К.Л. Оперативті хирургия. (оқулық құрал) —Алматы Каз.ҰАУ . 2006 ж 416 б.

 

...

Скачать:   txt (8.1 Kb)   pdf (241.4 Kb)   docx (14.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club