Отчет по практике в ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы
Автор: assetova_1998 • Март 3, 2020 • Отчет по практике • 3,333 Слов (14 Страниц) • 1,288 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Ветеринария факультеті
«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы
ӨНДІРІСТІК ІС-ТӘЖІРИБЕ
ЕСЕБІ
Мамандығы: 5В120200 - «Ветеринарлық cанитария»
Тәжірибе өткен орны: Алматы облысы Іле ауданы ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы
Орындаған: 4курс ВС – 415(Қ) тобы студенті
Байгани Абілхайыр Маратұлы
Жетекшісі: _________________________
Есепті қорғау қорытындысы:
Қорғаған күні «____» ______ 2019ж.
Бағасы ___________________
(жетекшінің қолы)
Алматы - 2019
Жоспар:
І. Кіріспе........................................................................................................... 3
ІІ. Негізгі бөлім................................................................................................. 4
2.1. Ет және ет өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау...................................................................................................... 3-6
2.2. Сүт және сүт өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау...................................................................................................... 6-9
2.4. Балық өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау.....................................................................................................9-13
2.1. Жұмыртқа өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау..................................................................................................... 13
ІІІ. Қорытынды.............................................................................................. 14
IV. Пайдаланылған әдебиеттер................................................................. 15
І. Кіріспе
Мен, Жарылқасын Аяулым Орманқызы, Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті, «Ветеринария» факультетінің, ВС – 415 топ студенті, Алматы қаласын «Асыл-Мерей» ЖШС ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасында
17.06.2019ж.ж. – 20.07.2019ж.ж. бастап өндірістік тәжірбиеден өттім.
Мал өнімдерін ішкі сауда объектісінде сату барысында ең бірінші ветеринариялық – санитариялық сараптау жүргізіледі. Дұрыс ұйымдастырылған және жауапты жүргізілген ветеринариялық – санитариялық бақылау жұмыстары биологиялық құндылықтары жоғары тағамдық өнімдердің шығарылуын қамтамасыз етумен қатар, халықты мал өнімдерінен жұғатын аурулардан сақтайды.
Ішкі сауда объектісінде ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларында, тағы басқа орындарда жұмыс атқаратын мал дәрігері мамандарына үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Ветеринариялық-санитариялық бақылаудың жүргізілетін орындары жағдайы мен жұмыс ерекшеліктеріне орай малдәрігерлік мамандарынан тиісті кәсіби білімді талап етеді.
ІІ. Негізгі бөлім
Ішкі сауда объектісінің ветеринариялық-санитариялық зертханасының негізгі міндеттері:
- Ет және ет өнімдері, сондай-ақ мал майларын ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткізу тәртіптері, тәсілдері мен ерекшеліктері;
- Сүт және сүт өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткізу тәртібі және тәсілдері;
- Балық өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау тәрітібі;
- Жұмыртқа, тағамдық көкніс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық тексеру тәртібі;
- Орындаған жұмысты есепке алу іс қағаздары, шартты жарамды етті зарарсыздандыру және жарамсыз деп шығарған өнімдерге акт толтыру.
- Ет және ет өнімдері
Ауыл шаруашылық малдарының ұшалары базарға салқындаған, тоңазытылған және мұздатқан түрінде жеткізіледі. Олар тұтас немесе жарты ұша түрінде, болмаса ұшаның 4/1 түрінде ағзаларымен бірге әкелінеді.
Қоңдылығына байланысты ірі қара малдың 2 категориясын (дәрежесін) ажыратады:
...