Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ветеринариялық-санитариялық жұмыстарды жүргізу кезіндегі техникалық қауіпсіздік пен жеке бас гигиенасы

Автор:   •  Май 6, 2019  •  Реферат  •  11,713 Слов (47 Страниц)  •  1,419 Просмотры

Страница 1 из 47

1 Тақырыбы: Ветеринариялық-санитариялық жұмыстарды жүргізу кезіндегі техникалық қауіпсіздік пен жеке бас гигиенасы.

Мақсаты: Ветеринариялық-санитариялық жұмыстарды жүргізу кезіндегі техникалық қауіпсіздік пен жеке бас гигиенасымен танысу.

Жоспары:    

1. Ветеринариялық-санитариялық жұмыстарды жүргізу кезіндегі техникалық қауіпсіздік пен жеке бас гигиенасымен танысу

Бақылау сұрақтары:

1. Ветеринариялық-санитариялық жұмыстарды жүргізу кезіндегі техникалық қауіпсіздік пен жеке бас гигиенасы.

Әдебиеттер:

  1. Рощин П.М. Механизация ветеринарно-санитарных работ. - М.: Росагропромиздат, 1990.

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ.

Жалпы талаптар.Ветеринарлық-санитарлық бағыттағы қондырғылар мен машиналармен жұмыс істеуге  тек қана дені сау, медициналық тексерістен өткен және қондырғыны қолдану ережелерімен танысқан адамдарға ғана жол беріледі.

Барлық қызметкерлер жұмыс басталар алдында дезқондырғылар мен химиялық препараттармен танысып, қауіпсіздік ережелері мен қолданылатын химиялық заттардың уыттылығы жөнінде хабар алып, улану кезіндегі алғашқы көмек көрсетуді үйренеді.

Жұмыс орнындағы нұсқаулықты өткізуде тек сол нысанадағы ветеринарлық-санитарлық жұмыстарға тікелей басшылық ететін, жоғары немесе орта білікті маман  жауапты.  Ережелермен танысып болғаннан кейін,  қызметкер арнайы журналға қол қойып тіркеледі.

Ветеринарлық-санитарлық бағыттағы қондырғылар мен машиналармен жұмыс істеуге   келесі тұлғаларға тыйым салынады:

  • 18 жасқа толмаған адамдар;
  • Бала емізетін және жүкті әйелдер;
  • Қауіпсіздік ережелерімен және құрылғыларды қолдану мен қондырғылардың қызмет көрсету механизмдерімен таныспаған адамдар.

Ветеринарлық-санитариялық жұмыстармен  жүйелі түрде айналысатын қызметкерлер 6 айда 1 реттен кем емес мерзімдік медициналық куәландіруден өтуі қажет.

Химиялық реактивтермен жұмыс жасайтын адамдар арнайы киіммен жабдықталуы тиіс. Оларды арнайы киім, аяқкиім және қорғаныс құралдарысыз химреактивтермен жұмыс жасауға жіберуге тыйым салынады. Жүргізілетін жұмысына байланысты қызметкерге белгілі бір уақытқа (6-24 ай) шұлық, комбинезон, халат, алжапқыш, резеңке етік, көзілдірік, респиратор, газтұтқыш (противогаз), қолғап, жеңқаптар және тағы да басқалары беріледі.

Химиялық реактивтермен жұмыс жасау аяқталғаннан кейін, арнайы киімді мұқият тазартып, таза киімдерден бөлек  арнайы шкафта сақтауға жібереді.    

Жұмыс ерітінділерін дайындау барысында резеңке қолғаптарды пайдалану  және барлық сақтық шараларын сақтау қажет. Химиялық реактивтері бар бөшкелерді арнаулы кілттермен ашқан жөн. Бөшкелердің тығындыларын қыздыруға тыйым салынады.

Қызмет көрсетуші  қызметкелер ветеринарлық-санитарлық жұмыс жүргізу кезінде жеке бас гигиенасының ережелерін сақтауы тиіс. Дезинфекция немесе дезинсекция алдында қол мен бетті вазелинмен майлау қажет. Жұмыс орнында тамақ, су ішуге, шылым шегуге болмайды. Тамақты жұмыс орнынан 100м қашықтықтан аз емес жерде, арнайы орындарда ғана  ішуге болады. Тамақтанар алдында арнайы киімді шешіп, бет-қолды жуып, ауызды шаю қажет.  

Химиялық заттармен мұқият болып, оның тері, киімге түсуін болдырмай, көз бен тыныс алу мүшелерін қорғау керек.  Химиялық заттар бет немесе шырышты қабықтарға тиетін болса, оны жедел түрде судың көп мөлшерімен жуып-шайып, қажет болған жағдайда  дәрігерге көріну керек.

Қызметкерлер мен жануарлар үшін бірдей қауіпті болып саналатын – улы жоғарыдисперсиялық аэрозольдер. Сондықтан аэрозольды өңдеу кезінде қосымша сақтық шараларын сақтаған жөн. Аэрозольды өңдеу жүргізіліп жатқан үй-жайға кіруге болмайды.  

Тыныс мүшелерін сақтау үшін  газтұтқыштар (противогаз) мен респираторлар қолданылады. Олардың сипаттамасы төмендегі 1 кестеде көрсетілген.

1 кесте.       РЕСПИРАТОРЛАР СИПАТТАМАСЫ

Респиратордың үлгісі

Салмағы, г

Тиімділігі, %

Ауа кедергісі

«Лепесток-200»

10

99,9

3,6

У-2К

15

99,9

2,0

РПЦ-22

20

99,5

3,7

Ф-57

374

99,0

3,5

Ф-62

201

99,9

4,0

РУ-60

200

99,0

6,8

«Астра-2»

290

99,8

2,4

РП-СХ

22

99,5

2,0

Респиратор тек белгілі бір қызметкерге тиесілі болуы тиіс. Жұмыс істеп болғаннан кейін респираторды сабынмен жуып, құрғақ етіп сүртеді. Оны жұмыс орнында полиэтиленді қалтада сақтайды.

...

Скачать:   txt (156.9 Kb)   pdf (511.7 Kb)   docx (208.4 Kb)  
Продолжить читать еще 46 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club