Асыл тұқымды бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері
Автор: mukhanbetkazy.a • Май 31, 2022 • Реферат • 544 Слов (3 Страниц) • 328 Просмотры
Орындаған: ТППЖ-31 студенті Ибрагим Ербол
Тақырыбы: Асыл тұқымды бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері
Сұрақтары:
1. Асыл тұқымды бұқаларды азықтандыру рационын құрастыру
2. Ұрықтандандыру мезгілінде аталық бұқаларды азықтандару
Асыл тұқымды бұқаларды азықтандыру
Асыл тұқымды бұқаны толыққұнды азықтандыру ұрықтың сапасына әсер етеді. Бұқаның азық қуатына, қоректік заттарға қажеттілігі оның тірілей салмағы, жасына, қолдану кезеңіне байланысты. Әрбір 100 кг тірілей салмаққа қажет ететін мөлшері ұрықтандырмаған кезде 7-8, ұрықтандыруды орташа пайдалану кезінде 9-18 МДж, жоғары пайдалану кезінде 16-11 МДж, қорытылатын протеин тиісінше 95-125 -145г 1 МДж (1-кесте).
1-кесте. Бұқалардың алмасу қуатына қажеттілігі (100 кг салмаққа, МДж қуат)
[pic 1]
Бұқа рационында құрғақ заттың мөлшері бірінші кезде 7%, орта – 9,4%, жоғары 12,4%. Протеиннің мөлшерін анықтаған кезде ыдырайтын және ыдырамайтын бөлімдеріне көңіл бөлу керек. Бұл бөлімдерің қатынасы өзгермелі болады, ұрықтандырмаған кезде 6065:40-35 болса, орташа және жоғары қолданған кезде 40-50:60-50 дейін барады.
Қант пен протеин қатынасы орта есеппен 0,8-1,1 арасында, крахмалдың мөлшері қантқа тиісінше болуы керек. Жасұнық азықтыңқорытылуы үшін маңызды рөл атқарады, сондықтан оның мөлшері ұрықтандырылмаған кезде 25%, ұрықтанған кезде 20% болуы керек (1, 2 -кесте).
Ұрықтың сапасына минералдық заттар әсер етеді. Олар жетіспеген кезде ұрық сапасы, көлемі төмендейді де, әр түрлі ауруға шалдығады. Әсіресе кальций мен фосфор зат алмасу үдерістеріне қажет. Микроэлементтер жетіспеген кезде зат алмасуы мен жыныс жолдары өзгереді. Азық мөлшері асыл тұқымды бұқаларға олардың тірілей салмағы мен жасына қарай есептелген (1-кесте)
2-кесте. Бұқалардың алмасу қуаты мен қоректі заттарға қажеттілігі (МДж)
[pic 2]
Құндылығы төмен бұқаларға әр 0,2 кг қосымша салмаққа 11,5 МДж, 120 г қорытылатын протеин қосу керек, тағы басқа қоректі заттарға мөлшері 1 МДж қуат қосады.
Азықтандыру түрлері қыс пен жаз мезгіліне бөлінеді. Қыс мезгілде 25-40% ірі азық, 20-30% шырынды, 30%-50% құнарлы азықтан, жазда 35-45% шөптен, 15-10% ірі, қалғанына құнарлы азық қосады. 100 кг тірілей салмаққа тәулігіне, кг: пішен, пішендеме, сүрлем 0,8-1,0 қыс мезгілде, тамыртүйнекті азықтар 1,0-1,5, құнарлы азықтар 0,3-0,5.
Орта есеппен тәулігіне бұқаларға 5-10 кг пішен, оның ішінде 50% дейін шөп кесінділері беріліп, бүршіктер мен шөп ұнтағының түйіршігі 2 кг дейін көбейтіледі. Азықтардың сапасы өте жоғары, 1 класстан төмен болмауы тиіс.
...