Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Асыл тұқымды бұқаларды азықтандыру нормалары мен рациондары

Автор:   •  Сентябрь 27, 2023  •  Курсовая работа  •  1,590 Слов (7 Страниц)  •  228 Просмотры

Страница 1 из 7

[pic 1]   Курстық жұмыс

Тақырыбы:Асыл тұқымды бұқаларды азықтандыру нормалары мен рациондары.

         Қабылдаған: Шаугимбаева Н.

Орындаған:Сахан Ақмарал

Тобы:ТППЖ 20-12

Жоспар

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

1. Малды азықтандыру.

1.1.Нормалап азықтандыру.

1.2.Азықтандыру рационы.

1.3.Бұқаларды азықтандыру.

2.Бұқаларды нормалап азықтандыру және рацион құру.

3.Өзіндік жұмыс.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

     І. Кіріспе.

     Мал азыктандыру – зоотехния ғылымының төлдердің дұрыс өсіп - жетілуін,сақа мал мен тұқым қуалау қасиетіне сай келетіндей мол да сапалы өнім алуын, мал азығындық заттарды тиімді пайдалану жолымен мал денсаулығын сақтау олардың өз төлдері есебінен калыпты және ұдайы өсіп отыруын қамтамасыз ету мақсатында ұтымды азықтандырудың негіздерін, әдістерін, технологиялық тасілдерін зерттейтін саласы.

  Мал азыктандыру жүйесі жөніндегі ғылыми және тәжірибелік материалдардың басым бөлігі мал шаруашылығы, оның ішінде ірі қара шаруашылығы саласына қызмет етуі тиіс. Нарықтық қатынастарға көшу

кезеңінде меншік түрлері, еңбек ұйымдастыру,өндірістік қатынастар, мал басын өсіру, күтіп-бағу, азықтандыру жагдайларында түбегейлі езгерістер болады. Әрине сүт және ет бағытындағы ірі қара және қой шаруашылығында қарқынды, өнеркәсіптік негізде дамыту технологиясында алдынғы қатарлы ұстанымдардан ауытқушылықтар да байкалады.

   Мал иелерінің басым көпшілігі зоотехникалық ілімді меңгермеген, малды

кажетті денгейде күтіп-бағуға іс жүзінде дағдыланбаған, мал азығының

физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері жайлы айтпаганның өзінде, тіпті олардың тұқым қуалаушылық қабілетіне сай өнім беру деңгейін ескере отырып толыққұнды азыктандыру ісін ұйымдастыра алмайтын жандар болып отыр. Мұның барлығы тауарлы мал, сондай-ақ асыл тұқымды ірі қара,қой, ешкі,жылқы, шошқа, түйе, марал, қоян және мал шаруашылықтарына да бірдей дәрежеде қатысты болып, сүт және сиыр етін өндіруді арттыру, олардың сапасын жақсарту женіндегі маселелерді шешуді күрделендіріп жіберді.Мал азықтандыру жөніндегі ғылымның казіргі кезеңдегі даму денгейі олардың ас корыту физиологиясы, зат алмасу, жасушалық деңгейде жүретін биохимиялык процестер саласындағы жетістіктерге негізделген және мал азығын тиімді пайдалануға, мал денсаулығын жақсартуға, өнімділіктің жоғарғы деңгейіне қол жеткізуге, мал басының өз төлі есебінен ұдайы және қалыпты өсу қабілетін сақтауға бағытталған.

   II. Негізгі бөлім.

   1Малды азықтандыру

  1.1 Нормалап азықтандыру.

   Малды азықтандыру – олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру. Малды дұрыс азықтандыру арқылы организмдегі морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады.XVIIғасырдың,екінші жартысында Пристли мен Шеллдің ауадағы оттегін ашып, оның өмірге қажеттігін Лавуазье дәлелдегеннен кейін, организм тіршілігі туралы деректер жинала бастады. Ғалымдар малға қажетті қоректік заттардың маңызын ашты. 1836 жылы Бусенго жемшеп қоректілігінің азот көлемімен тығыз байланысты екенін дәлелдеді.Бұл қоректенудегі протеин маңызын анықтауға мүмкіншілік тудырды.

    Азықтандыру нормасы дегеніміз – малдың тәуліктік тіршілік мұқтаждығын канағаттандыру, денсаулығын сақтау, бірқалыпты өсіп отыруы және азықты үнемдеп жұмсай отырып, жоспарлы өнім алуға жұмсалатын қажетті қоректі заттар мөлшері.

    Табиғи және экономикалық жағдайға байланысты азық өндірісі және мал шаруашылығының дамуы әр турлі. Сол себепті ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру жүйесі мен түрлері әр түрлі болады. Мал азықтандыру түрлері аймақтың климатына, шаруашлықтың тұрған жеріне, азық өндірісіне, жерді пайдалану жағдайларына байланысты. Мысалы, мүйізді ірі қара мал үшін мынадай аймақта азықтандырудың түрлерін қолдануға болады: пішендік, сүрлемдік, жемдік, сүрлем + пішен, сүрлемді + тамыр жемістілер + жем т.б. Ал жаз кезінде таралған азықтандырудың түрлері: шөп, шөпті сүрлем, шөпті жем. Азықтандыру түрлерін бағалағанда, оның өнімге, малдың денсаулығына, төл беруіне,экономикалық тиімділігіне тигізетін әсерін ескеру қажет.

...

Скачать:   txt (19.8 Kb)   pdf (261.4 Kb)   docx (120.3 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club