Жылқылар гигиенасы, ғимараттарға, азықтандыру мен суаруға қойылатын зоогигиеналық талаптар
Автор: Kaliabzal • Ноябрь 20, 2022 • Реферат • 5,809 Слов (24 Страниц) • 238 Просмотры
Жоспар
1. Кіріспе...................................................................................................................3
2. Негізгі бөлім
2.1. Жылқылар гигиенасы, ғимараттарға, азықтандыру мен суаруға қойылатын зоогигиеналық талаптар....................................................................13
2.2. Жылқыларды ұстау жүйесі күту гигиенасы...............................................17
2.3. Құлындардың қора жайларында азықтандыру мен суаруға қойылатын зоогигиеналық талаптар........................................................................................22
2.5. Төсеніш, канализация жән қи сақталуы және жылу тепе-теңдігі..............27
3. Қорытынды........................................................................................................30
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................32
1. Кіріспе
“Гигиена” сөзі гректің hygienos, яғни “дәрулік, денсаулыққа ықпалдаушы” мағынасындағы сөзінен бастау алады.
Зоогигиена — мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon — жануар және hygieinos — сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану (эксплуатация) әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды.
Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.
Жануарлар гигиенасы- жануарларды ұстау, азықтандыру, бағып-күту, пайдалану және өсірудің тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, жоғары өнім алуды қамтамасыз ететін жануарлар денсаулығын сақтау және нығайту тұрғысындағы ғылым.
Жануарлар гигиенасын ғылым ретінде жалпы және жеке гигиенаға бөледі. Жалпы гигиена ауа,су, топырақ жағдай-күйлерін; азық, азықтар, ғимараттарға, сонымен қатар жануарларды күту ережелері мен оларды ұстау тәртібіне қойылатын талаптарды зерттеп, оқытады. Жеке гигиена осы мәселелерді нақты бір жануар түріне орай қарастырады.
Жануарлар денсаулығы- организмнің табиғи физиологиялық жағдайы, ол денсаулықтың қоршаған ортамен тепе-теңдікте және қандай да бір кеселді өзгеріс байқалмауымен сипатталады, яғни организмнің құрылымдары мен қызметі бір-біріне сәйкесіп, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз ету қасиетіне ие бола алуы. Міне осыған орай жануарлар гигиенасын тәжірибелік физиология деп те атап жатады. Жануарлар денсаулығы немесе олардың организмінің табиғи резистенттігі ағзалар мен ұлпалардың (жекелеп және тұтас организм бойынша) қоршаған орта жағдайларына үнемі бейімделуі мен реактивтілігі нәтижесінде физиологиялық процесстермен қамтамасыз етіледі.
Гигиена жануарлар организмі мен қоршаған ортаның өзара байланысын зерттейтін ғылым ретінде профилактикалық ветеринария деп те аталады. Ол көптеген ветеринарлық, зооинженерлік,
Жалпы клиникалық тексерулермен қатар сауалнама жүргізілді,оның көмегі арқылы өздік сұхбаттасу,тәуліктік маниторлы артериальды қысымы (ТМАҚ),психологиялық дәрежесі және жеке алаңдаушылық (ЖА) кардиоинтервалография (КИГ) тексерілді және өмір сапасы бақыланды.
Жүрек қан тамыр жүйесінің екі тобының патологиясында әсіресе 1 топта өзгеріс ерекше байқалды.Апатты тежегендерде мейлінше ЭКГ-белгілері жүрек ырғағы және өткізгіштігі жиі кездеседі.Жүргізілген ТМАҚ қорытындысы тәуліктік профилдің тексерілген тобында айырықша өзгерісін көрсетті сонымен қатар,АҚ таңертеңгілік жылдамдығын 1-інші топта,2-іншімен салыстырғанда жүрек қан тамыр тәуекелдігі жоғары және церебральды асқыну қаупі басымырақ, АҚ тәуліктік ырғағы ерекше болғанын көрсетті.
...