Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өсімдік ұлпасы

Автор:   •  Октябрь 13, 2019  •  Творческая работа  •  2,025 Слов (9 Страниц)  •  1,543 Просмотры

Страница 1 из 9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСТЕТІ»

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Өсімдік ұлпасы

Орындаған: Бағдат Динара маратқызы

Тексерген: Қожахметова Балжан Балташевна

Жоспары

  1. Өсімдік ұлпасы
  2. Өсімдік ұлпаларын жүйелеу
  3. Түзуші ұлпалар
  4. Жабындық ұлпалар
  5. Негізгі ұлпалар
  6. Бөліп шығарушы ұлпалар
  7. Механикалық ұлпалар
  8. Өткізгіш ұлпалар

Өсімдік ұлпалары

Өсімдік ұлпасы (лат. textus, грек. hіstos – шығу) – шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы. Қарапайым өсімдіктердің денесі қабат-қабат болып орналасқан, қызметі мен морфологиялық жағынан бірдей клеткалардан қалыптасады. Кейбір жағдайда “қабаттар” 2 – 3 түрлі клеткалардан тұрады.

Жасуша →Ұлпа →Мүше → Организм

Ұлпаларды жіктеудің әр түрлі принциптік негізі бар Фитогистолог Г. Линк 1807 ж. ұлпаларды жасанды түрде екі топка бөлді: паренхималық және прозенхималық.

Жасанды жіктеудің тағы да бір жолын ұсынған П. Ваан Тигем 1891 ж. Ұлпаларды тірі ұлпа және өлі ұлпа деп екі топқа бөлген.

Алғашқы нақты және табиғи жіктеуді физиолог Ю. Сакс 1868 ж. Ұсынды. Ол  өсімдік ұлпаларын жабындық ұлпа, өткізгіш ұлпа және негізгі ұлпа деп үш топқа бөлді.

Өсімдік ұлпаларының жүйелеу [pic 1][pic 2][pic 3][pic 4][pic 5][pic 6][pic 7][pic 8][pic 9][pic 10]

[pic 11][pic 12][pic 13][pic 14][pic 15][pic 16][pic 17][pic 18][pic 19][pic 20]

  • Түзуші ұлпалар (меристемалар) – түпкілікті ұлпалардың клеткаларын жасап, үнемі толықтырып отыру арқылы өсімідіктердің денесін құрайтын ұлпаларды айтамыз. Клеткалардың пішіні төртбұрышты, изодиаметрлі, көп қырлы, жіңішке немесе ұзын болып келеді.

[pic 21]

Пайда болуына қарай түзуші ұлпа алғашқы және соңғы деп бөлінеді. Алғашқы меристемалар өскіннің және өсімдік мүшелерінің алғашқы өсуін қамтамасыз етеді. Соңғы меристема алғашқы местемадан кейін пайда болады

Түзуші ұлпалар орналасуына қарай төртке бөлінеді:

  • Төбе меристемасы – олардың инициальдары сабақтың, тамырдың негізгі және бұйірлік өстерінің ұштарында орналасады. Ол негізінен мүшелердің ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Шығу тегі жағынан төбелік меристема алғашқы меристемаға жатады.Сабақ пен тамырдың ең жоғарғы ұштарында, тез бөлінуге қабілетті паренхималық жасушалардың аздаған тобы (сиректеу бір жасуша) орналасады. Оларды белсенді (инициалды) жасушалар деп атайды. Бұлардан сәл төмендеу сирек бөлінетін жасушалар орналасады. Олардан төменірек, меристемадан үш түрлі жасушалардың тобы оқшауланып шығады. Осы жасушалардан алғашқы вегетативтік дененің тұрақты ұлпалары қалыптасады (дифференцияланады): 1) протодерма - жасушалардың үстіңгі қабаты, олар жабын ұлпасының бастамасын береді; 2) прокамбий - вертикальды өсінің ұзына бойында топтасып (тяжами) орналасқан, ұштары үшкір болып келетін меристеманың ұзынша жасушалары, олардан өткізгіш және арқаулық ұлпалар, сонымен бірге соңғы меристема (камбий) пайда болады; 3) негізгі меристема — негізгі ұлпаларға бастама береді.
  • Бүйір (литеральды) меристема – өстік мүшелердің көлденң кесіндісінде сақина түзіп, бойлық бөліктерінде орналасады. Бүйір меристемалар шығу тегіне қарай: алғашқы меристема, соңғы меристема деп бөлінеді. Алғашқы бүйір мерстемаға прокамбий және перицикл жатады. Соңғы бүйір местемаға  камбий және феллоген жатады.
  • Қыстырмалы (интеркалярлы) меристема – өркеннің буынаралықтары мен жапырақтардың базальды бөліктерінде орналасады. Бұл алғашқы меристема болып табылады, ол мүшелердің ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Төбелік және бүйірлік меристемалардан айырмашылығы, кейбір жіктелген элементтердің, мысалы өткізгіш ұлпаларының болуы және инициальды жасушалардың болмауы. Қыстырмалы меристема өсімдікте үнемі сақталып қалмай, біртіндеп түпкілікті ұлпаларға айналады және олардың бөлінуінен өркен қосымша ұзарып өседі.
  • Жарақат меристемасы – өсімдік денесінін жарақаттанған жеріндегі түпкілікті ұлпалардың тірі клеткаларынан пайда болады. Мұндай клеткалардың барлық бағытта бөлінуінен шор немесе сүйел деп аталатын дене болады.
  • Жабындық ұлпалар – өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап тұратын клеткалар тобы. Жабыныдық ұлпалар пайда болуына қарай 2 типке бөлінеді:
  1. Алғашқы жабындық ұлпа: эпидерма немесе эпидермис және эпиблема

Эпидерма – шығу тегі жағынан алғашқы жабын ұлпа. 1868 жылы Ганштейн өзінің теориясы бойынша, эпиберма төбе меристемасының протодерма (дерматоген) қабатының бөлінуінен пайда болған десе, ал 1920 жылы Шмидтің келтірген теориясы бойынша эпидерма төбе меристемасының сыртқы қабаты жасушаларының бөлінуі нәтижесінде пайда болған дейді.

...

Скачать:   txt (30.6 Kb)   pdf (344 Kb)   docx (402.3 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club