Өсімдік клеткасының құрылысы. Цитоплазма, Пластидтер. Вакуоль. Ядро Клетка қабықшасы
Автор: Sanchokan • Сентябрь 17, 2020 • Реферат • 2,006 Слов (9 Страниц) • 1,408 Просмотры
[pic 1]
Реферат
Тақырыбы: Өсімдік клеткасының құрылысы. Цитоплазма, Пластидтер. Вакуоль. Ядро Клетка қабықшасы.
Орындаған:Қани Санжар 102-б тобы
Тексерген:Алдасугурова Чинаргул Жақыпқызы
Алматы 2020ж
Кіріспе
Барлық тірі заттардың жасушалық құрылымының жан-жақтылығын тану XIX ғасырдың бірінші жартысында ғалымдар М.Шлейден және Т.Шваннмен клетка теориясын құруы арқасында болды.Жасуша теориясы негізіне бүкіл әлем ғылымдары Р. Гук, М. Мальпиги, Н. Грю, А. Левенгук және тағы басқаларымен көпжылдық зерттеу нәтижелері салынған. Организмдердің жасушалық құрылымының дамуына елулі үлесті 1834 жылы барлық тірі зат жасушалардан тұрады, жасушалардан пайда болады және жансыздардан өзінің жасушалық құрылымымен ерекшеленеді деп тұжырымдаған орыс оқымыстысы П.Горянинов қосты. Жасуша кез келген тірі организмнің құрылыстық және физиологиялық бірілігі болып табылады
Өсімдік жасушасының химиялық құрамына 70 - 80 % су, 10 -20 % — белок, 2 — 3 % липидтер, 1%көмірсутегі,1 — 1,5 % нуклеин қышқылдары және1 % минералдық заттар (Mg, Ca, K, Mn, Cu, Mo және т.б.)кіреді.
Өсімдік жасушасы өз құрылымы бойынша жануарлардан тығыз, қатты және сонымен бірге икемді қабыршағымен ерекшеленеді. Өсімдік жасушасында пластидтер (хлоропластар бар, лейкопластар және т.б). Жетілген өсімдік жасушаларында орталық вакуоль бар. Өсімдік клеткасын микроскоппен қарағанда ең алдымен көзге түсетін үш бөлігі – қабығы, протопластары және вакуоль байқалады. Протоплазманың құрамында құрылыстық бөліктер, цитоплазма және рибосомалар орналасқан. Құрылыстық бөліктерге –ядро, митохондриялар,пластидтер жатады. Цитоплазманың өзі мембраналардан (плазмалемма, тонопласт, эндоплазмалық тор),майда денешіктерден (диктиосомалар, лизосомалар,сферосомалар) және цитоплазмалық негізден (матрикс)құралған.
Атқаратын қызметтеріне байланысты клетканың құрылыстық бөліктерін үш топқа бөлуге болады:1) өзгертуші машиналар – митохондриялар, хлорпласттар; 2) белок және басқа полимерлердің синтезделуін жүзеге асыратын машиналар- рибосомалар, ядро; 3) май қышқылдары мен холестеринді синтездеуге қатысатын метаболиттік жүйе (гранулалар).
Клетка сыртынан целлюлозадан және басқа полисахаридтерден құралған қабықпен қоршалған. Оның толып жатқан ірі саңылаулары болады. Сондықтан ол еріген заттардың клетка ішіне енуіне, немесе сыртына шығуына кедергі бола алмайды. Клетка қабығының ішкі жағында цитоплазманы қоршаған плазмалық мембрана – плазмалемма орналасқан. Ол өзі арқылы заттарды қабыққа қарағанда, таңдап өткізеді. Соған байланысты заттардың клеткаға енуін және одан шығуын реттейді.Цитоплазмада митохондрия, хлоропластар, ядро және т.б. оргоноидтар жайғасқан. Өсімдіктердің өсіп жетілген клеткаларында тонопласт деп аталатын мембранамен қоршалған үлкен орталық вакуолі бар. Ол құрамында менералдық иондар, оргоникалық қышқылдар, кейде қанттар және амин қышқылдары бар ерітіндіге толы болады. Өсімдік клеткасының ішкі бөліктері бір-бірімен мембраналар арқылы оқшауланып жатады.
Голдьжи аппараты – Цитоплазмада түтікшелердің тағы бір жүйесі кездеседі, бұл жүйе оны ашқан ғалымның есімімен гольджи аппараты деп атаған.Гольджи аппараты бірнеше жалпақ цистерна сияқты түтікшелерден және олардың шеттеріне орналасқан әр түрлі өлшемді көпіршіктерден тұрады. Түрі жөнінен түтікшелер табақша тәрізді иілген пластиналар жиынтығын еске салады, мұндай табақшалардың шетінен көпіршіктер бөлініп шығады. Бүкіл жүйенің полюсті сипаты болады, оның проксимальды немесе түзуші деп аталатын бір полюсінде жаңа түтікшелер түзіледі, ал дистальды немесе секрет түзуші деп аталатын екінші полюсінде – көпіршіктер бөлініп шығады. Гольджи аппаратынан бөліне келе, көпіршіктер жол жөнекей бірігіп және көлемі арта отырып, жасушаның бетіне қарай қозғалады.Олар плазмалеммаға жеткен соң онымен қосылады да, ішіндегі заттарын экзоцитоз жолымен сыртқа бөліп шығарады. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде Гольджи аппаратының эндоплазмалық тор мембранасымен немесе ядро қабықшасынан түзілетіні байқалады. Соған қарамастан, тор мембранасы Гольджи аппаратымен бірікпейді.Себебі Гольджи аппаратының қабықшалары тор мембраналарына қарағанда зор өзгеріске ұшырайды.Гольджи аппараты жасушадағы судың мөлшерін реттейді. Ішіне су толған оның түтікшелері ісінеді де, бұдан соң плазмалемма мен қосылып, суды сыртқа бөліп шығарады.Плазмалеммаға Гольджи көпіршіктерінің қосылуы есебінен плазмалемманың беті өте тез ұлғаяды. Қабықша көмірсуларының синтезделуі де Гольджи аппаратының атқаратын қызметіне жатады. Гольджи көпіршіктерінен гемицеллюлоза мен пектинді заттардан тұратын матрикс заттары, сондай –ақ целлюза фибрилдері табылған.Құрамында осы компонентер бар Гольджи көпіршіктері плазмалемаға жақындап, онымен қосылады да, ішіндегі заттарды сыртқа ығыстырып шығарады.Олар жасуша қабықшасын құруға қажетті материалды осылай жеткізеді. Гольджи аппаратының қызметі плазмалемманың реттеуші қызметімен бірдей. Плазмелемма бұл қызметін жасушаның бетінде атқарса, Гольджи аппараты- жасушаның терең іщкі қабатында тақарады.
...