Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өсімдік шаруашылығы

Автор:   •  Ноябрь 3, 2018  •  Реферат  •  2,899 Слов (12 Страниц)  •  1,634 Просмотры

Страница 1 из 12

Кіріспе

Өсімдік шаруашылыгы — ғылыми пән. Ауыл шаруашылыгы өндірісінің алдында тұрған үлкен міндеттерді шешуде өсімдік шаруашылығының ғылыми пән ретінде атқаратын рөлі зор. Өсімдік шаруашылыгы ғылыми пән ретінде ХVІІІ-ғасырдан бастау алады және оның дамуына үлкен үлес қосқан жақын шетел ғалымдары, оның ішінде М. В. Ломоносов (Ресей ғылым академиясында «егіншілік сыныбын» ашқан ғалым), И. И. Комов («Егіншілік жөнінде» атты кітап жазған), ал XIX ғ. басында А. Т. Болотов (топырақ өңдеу, тыңайтқыш енгізу мәселелерін зерттеген, кұнды ұсыныстар жасаған) сияқты Ресей ғалымдарын атап өтуге болады. Алайда өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде қарқынды зерттеу, ғылыми жетістіктерді жарнамалау мақсатында ірі ғылыми жұмыстар жазу бағытында жемісті еңбектерімен XIX ғасыр мен XX ғ. басында Ресейдің ұлы ғалымдары  К. А. Тимирязев, И. А. Стебут, Д. Н. Прянишников, Н. И. Вавилов іске асырды.

 К. А.Тимирязев, фотосинтез ілімін жасауда ірі эксперименттік зерттеулер жүргізіп, солардың негізінде әлемге әйгілі «Өсімдіктер тіршілігі» ж.б. классикалық ғылыми еңбектер жазып қалдырған.

  И. А. Стебут, тұңғыш рет танаптық дақылдарды өсіру жөніндегі шашыраңқы материалдарды біріктіріп, ірі-ірі ғылыми еңбектер жазған.

 Д. Н. Прянишников, өсімдіктердің қоректенуі жэне тыңайтқыштар қолдану мәселелерін (проблемаларын) зерттеген.

 Н. И. Вавилов, өсімдік шаруашылығы, мәдени өсімдіктердің биологиясы, систематикасы (жүйелеуі) жэне таралу географиясы жағынан баға жетпес құнды үлес қосқан (оның «Мәдени өсімдіктердің дүниежүзілік шығу орталықтары», «Гомологтык қатарлар заңдары» ілімін әлем мойындаған). Өсімдік шаруашылыгы ғылымының өрісін кеңейтуге үлес қосқан селекционер-галымдар: И. В. Якушкин, Н. Н. Кулешов, А. И. Носатовский, Н. А. Майсурян, П. П. Лукьяненко, В. С. Пустовойт, В. Н. Ремесло, В. Я. Юрьев, В. Н. Мамонов, В. П. Кузьмин және т.б. Өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде дамуына үлес қосқан Қазақстандық ғалымдар:

 А. Ж. Жүматов - белгілі өсімдік шаруашылығы ғалымы, дәнді жэне басқа дақылдардың өсіру технологиялары мәселелерімен айналысқан.

 К. М. Мыңбаев - ірі өсімдік шаруашылыгы ғалымы, селекционер-генетик, ғылым докторы, кезінде Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының Қазақ филиалы президиумының алғашқы төрағасы;

 М. Н. Ерлепесов - көп жылдар бойы В. Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институтының директоры болган, ғылым докторы, профессор, ҚазССР-ның гылымга еңбегі сіңген қызметкері, көптеген орден, медалдардың иегері;

 Р. А. Оразалиев - есімі әлемге әйгілі селекционер, гылым докторы, профессор, Ресей АШХА, Украина ҒА, ҚР ұлттық ҒА  академигі,  туыстығының 30-дан астам өндіріске енгізілген сорттарының туындыгері (авторы);

 И. А. Абуғалиев — көп жыл бойы В. Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институтына жетекшілік еткен, өсімдік шаруашылығының белгілі ғалымы, ғылым докторы, профессор, Ленин атындағы бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының корреспондент мүшесі, ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі;

  А. И. Бараев — кезінде көп жыл бойы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының директоры (Шортанды), ғылым докторы, академик, Лениндік сыйлықтың иегері, оның жетекшілігімен елімізде топырақ қорғау жүйесі жасалып, өндіріске енгізілді;

  М. Қ. Сүлейменов - ғылым докторы, профессор, академик, егіншіліктің топырақ қорғау мәселелері, дақылдардың сорттық өсіру технологиялары мәселелерін зерттеп, кұнды ғылыми еңбектер жазды;

 А. А. Цепенко - бастапқы тұқым шаруашылығы, тұқым өсіру технологиялары жэне т.б. өсімдік шаруашылығы мәселелерін зерттеп, құнды ғылыми еңбектер қалдырған.

Өсімдік шаруашылығының мақсаты мен міндеттері. Өнімділік – өсімдіктің көрсеткіші

Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығының ең басты және маңызды саласы. Негізгі міндеті – өсімдік шаруашылығындағы өнімді шығару үшін мәдени өсімдіктерді өңдеу. Өсімдік шаруашылығынсыз  адамзаттың толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. Өсімдік өсірудің өзі тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығынсыз мал шаруашылығы да жүзеге аспайды, себебі өсімдіктерсіз малға  азық  болмайды.  Сонымен  қатар,  өсімдік шаруашылығы өндірістің көптеген салаларын өсімдік шикізатымен қамтамасыз етеді, мысалы, тағамдық, аралас құрамды, фармацевтикалық, тоқымалық, парфюмерлік және тағы басқалары. 

...

Скачать:   txt (43.5 Kb)   pdf (178.4 Kb)   docx (25.9 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club