Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сахара шөліне физикалық - географиялық сипаттама

Автор:   •  Ноябрь 25, 2022  •  Реферат  •  2,293 Слов (10 Страниц)  •  441 Просмотры

Страница 1 из 10

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 География және табиғатты пайдалану факультеті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

[pic 1]

СӨЖ

Тақырыбы: Сахара шөліне физикалық - географиялық сипаттама.

Орындаған: Қойшыбай Ж. Қ.

Қабылдаған: Мақаш Қ. К.

Алматы 2022

Мазмұны:

Кіріспе....................................................................................................................3

1. Географиялық орналасуы, геологиялық құрылымы .....................................4

2. Климаты.............................................................................................................6

3. Табиғи сулары......................................................................................................7

4. Топырағы............................................................................................................8

5. Өсімдіктер мен жануарлары.............................................................................9

6. Халқы және экологиялық проблемалар..........................................................10

Қорытынды............................................................................................................12

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................13

Кіріспе

         Сахара (араб.: صحراء‎‎‎) — жер бетіндегі ең үлкен шөл. Ауданы 9 065 000 км². Сахара Солтүстік Африкада 10 мемлекеттің территориясында орналасқан: Мысыр, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко, Батыс Сахара, Мавритания, Мали, Нигер, Чад, Судан. Осы жұмыста Сахара шөлінің физикалық географиясына толықтай сипаттама беріледі. Оның географиялық орны, климаты, топырағының ерекшеліктері туралы айтылады. Сонымен қатар халқы мен экологиялық проблемаларға тоқталып өтіледі.

1. Географиялық орны, геологиялық құрылымы

        Сахара - физикалык-географиялык аймағы Солтүстік Африка кұрамына кіреді. Оның шекарасы батыста Атлант мұхиты жағалауындағы Батыс Сахара аймағы мен солтүстікте Атлас тауларымен Сирт шығанағы Жерортатеңізі, оңтүстікте Сенегал өзенiнiн төменгі ағысы, Чад көлі, Ақ және Көк нiл өзендерiнiң косылған жерi немесе Хартум қаласы, шығыста Қызыл теңiз жағалауына дейін. Ауданы 9,1 млн км², Еуропа жерi мен АҚШ жерiне барабар.         

        Сахаранын негiзгi белігін кристалды жанартаулык жыныстардан түзiлiп горизонталь бағыттағы шөгінді жыныстармен жабылған үстірттер алып жатыр. Кей бөлiктерiнде кристалды фундамент жер бетіне шығып, қалқанды құрылымдарға айналған. Олар биік таулы қыраттар мен ежелгi интрузиялардан тұратын күмбез тәрiздi қалдық массивтер түрінде көрiнiс береді. Оларға Ахаггар, Тибести таулы қыраттары, Тассилин- Аджер. Аир. Дарфур таулы үстірттері жатады. Сахара батыстан шығыска қарай 5150 км, солтүстіктен-онтустiкке карай 970-1300 км-ге дейін созылып жатыр. [ 1 ]

[pic 2]

1 – сурет . Сахара шөлі картасы [ 3 ]

        Сахаранын 1/5 бөлiгiн ғана жылжымалы құмдар алып жатыр. Қалған бөлікте геологиялык фундаментте айқын көрiнедi. Көпшiлiк бөлiгiнде жер бетiне ашық шығып жаткан қалқанды құрылымдардан тұрады. Шөгінді жыныстардың қалыптасуына карай бiр-бiрiнен үлкен айырмашылық жасайды. Сахараның батысы мен солтүстік-батысында палеозойлық құмтастар басым, мезозойлык теніздік шөгінділері плитаның неғұрлым қатты майысқан синеклизаларында жинақталған.

         Мезозойлық континенттік шөгiндiлер де құмтастардан тұрады. Олар Сахараның биік бөлігін алып жатыр. Негiзгi Тенiздiк трансгрессиялар басым болған жерлерде теңiздiк органикалык шөгінділер басым таралған. Сахараның Алжирлік бөлігінде неогендік, төрттік дәуірдің континенттік шөгінділердiң қалың кабаты жинақталған. Олар құмтасты, сазды және ежелгi аллювийлік көлдік шегiндiлерден тұрады. Мұндай шөгiндi жыныстар осы аймақтағы жылжымалы кұмды шөлдердің қалыптасуына себепші болған.

...

Скачать:   txt (29.4 Kb)   pdf (300.8 Kb)   docx (187.7 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club