Тұқымқуалаушылық және Менель заңдары
Автор: zhanekaa017 • Сентябрь 23, 2021 • Реферат • 3,433 Слов (14 Страниц) • 641 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Арнайы педагогика және психология» кафедрасы
Баяндама
Тақырыбы: «Тұқымқуалаушылық және Менель заңдары»
Қабылдаған: Нурбекова А.М.
Орындаған: Еркебаева Ж.Ғ.
Тобы: ТП-19-2к1
Шымкент, 2020ж
Жоспары
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Тұқымқуалаушылыққа сипаттама
- Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары мен принциптері
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Генетика –белгілердің мұраға берілу заңдылықтары туралы ғылым. Бұл заңдылықты табуға тұңғыш рет Г.Мендельдің қолы жетті. Мендель будандасу әдісі мен матаматикалық әдісті қолдана отырып тәжірибелер қорытындысын талдау арқылы мынадай заңдар мен ережелер тұжырымдады.
Тұқым қуалаушылық дегеніміз – организмнің көбеюі кезінде өзінің қасиеттері мен даму ерекшеліктерін ұрпаққа беруі. Тұқым қуалушылықтың нәтижесінде кейбір организм түрлері көптеген ұрпақтарды өмірге келтіре отырып жүздеген миллион жылдар бойында біршама ғана өзгеріске ұшырады.
Мендаль заңдылықтары – тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін Герогор Мендель қалады. Ол өз тәжірбиелеріне қолайлы объект ретінде асбұршақты алды.
- Тұқымқуалаушылыққа сипаттама
Тұқымқуалаушылық – ұрпақтар арасындағы материалдық және функционалдық сабақтастықты қамтамасыз ететін тірі организмдерге тән қасиет. Тұқым қуалаушылыққа байланысты тірі организмдердің морфология, физиология және биохимия құрылымы мен жеке даму ерекшеліктері ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Организмдердегі тұқымқуалаушылық факторларының болатынын алғаш болжам жасап, тұқым қуалау заңдылықтарын ашқан Г.Мендель болды. Ол ата-аналық дарабастарды бір-бірінен бір немесе бірнеше белгілері бойынша ажыратылады, ал ол факторлар ата-аналарынан ұрпақтарына жыныс жасушалары арқылы беріледі деген қорытынды жасады (Мендель заңдары).
1909жылы дат биологы В.Иогансен бұл тұқым қуалау факторларын ген деп атады. 1911жылы америкалық биолог Т.Морган және оның әріптестері ұсынған «Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы» бойынша да тұқымқуалаушылықтың бірлігі – ген деп көрсетілген.
Гендер жасуша ядросындағы хромосомаларда тізбектеле, бір сызықтың бойында орналасқан және әрбір геннің хромосомада нақты тұрақты (локусы) болады. Кез келген хромосома өзінің гендер тобымен ерекшеленеді. Генетика ғылымының даму барысында тұқым қуалау факторлары тек ядрода ғана емес, жасуша цитоплазмасының кейбір органоидтарында (митохондрияда, хлоропласттарда) да кездесетіні анықталды. Осыған байланысты цитоплазмалық тұқымқуалаушылық жайлы ілім қалыптасты.
Тұқымқуалаушылықтың нәтижесінде кейбір организм түрлері көптеген ұрпақтарды өмірге келтіре отырып жүздеген миллион жылдар бойында біршама ғана өзгеріске ұшырады. Мысалы, қазіргі опоссумның байырғы бор дәуіріндегі опоссумнан айырмашылығы шамалы, сол сияқты саусақ қанатты балық латимерияның да өздерінің девондық ата-тегінен көп айырмасы жоқ.
Организмдер белгілі бір жүйеге түр, туыс, тұқымдас т.с.с. болып топтасады. Бұл жүйелік әр топтағы организмдері ішінде ит ұқсастық белгілерін ғана емес, олардың арасындағы айырмашылықты сақтайтын тұқымқуалаушылық жүзеге асқанда ғана мүмкін болады.
Белгілердің бірнеше ұрпақ бойы тұрақты (константты) сақталуы тұқым қуалаушылықтың бір жағы ғана, оның екінші жағы – онтогенезде белгілі бір түрдің дамып жетілуі мен зат алмасу ерекшелігін қамтамасыз етуі. Организмның әрбір түріне белгілі даму сатылары мен фазалар реті тән. Мысалы, адам зиготасының бөлшектенуі тұқым жолында басталады, ал ұрықьанудан кейінгі 5-6 күнде имплантация жүреді, бұдан кейін жеке тканьдер жіктеледі (дифференцияланады), ал сонан соң ғана органдар қалыптаса бастайды. Бұлардың бәрі клеткада жазылаған программаға сәйкес жүреді, яғни тұқымқуалаушылық арқылы іске асып отырады.
...