Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Генетика ТҰҚЫмқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы

Автор:   •  Февраль 4, 2022  •  Контрольная работа  •  678 Слов (3 Страниц)  •  323 Просмотры

Страница 1 из 3

1. Кіріспе. Генетика ТҰҚЫмқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы

1. Генетика пәні, маңызы, зерттеу объектілері.

2. Генетика ғылымының даму тарихы.

3. Өзгергіштік түрлері

4. Генетиканың зерттеу әдістері

5. Генетиканың практикалық маңызы.

          1. Генетика пәні, маңызы, зерттеу объектілері.

Генетика биологиялық ғылымдар тобына жатады. Ғылымның атауы латынша qeneo (туу),  qenus (туыс),  qeneticos (шыққан тегі) деген сөздерден шыққан. Осы сөздердің мағынасына сүйеніп, генетика тұқым қуалаушылықты зерттейді деуге болады. Тұқым қуалаушылық өзгергіштікпен тығыз байланысты. Қорыта айтқанда, генетика тұқым қуалаушылық және өзгергіштік туралы ғылым.

Тұқым қуалаушылық - организмдердің өз белгілері мен даму ерекшеліктерін келесі ұрпаққа беру, ұрпақтарында ата-аналарының және арғы тектерінің белгілерінің байқалуы және түрге тән белгілердің сақталуы, олардың тұрақты болуы. Тұқым қуалаушылықтың арқасында бір түрге жататын организдер бір-біріне ұқсас болады. Белгілердің тұқым қуалауы көбею арқылы жүзеге асады. Тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері жыныс жасушаларында жатады.

Өзгергіштік - жеке даму процесінде организмдердің тұқым қуалаушылық және сыртқы орта факторлардың әсерлерінен жаңа белгілерге ие болу қасиеті. Өзгергіштіктің арқасында бір түрге жататын организмдердің өзара айырмашылықтары болады.

2. Генетика ғылымының даму тарихы.

1865 жылы Г.Мендель тұқым қуалаушылықтың заңдарын ашқан. 1900 жылы Г.де Фриз (Голландия), К.Корренс (Германия), Э.Чермак (Австрия) бір-бірінен тәуелсіз Мендель заңдарын қайтадан ашып, Г.Мендельдің  "Өсімдіктер гибридтеріне өткізілген тәжірибелер" атты шығармасын ғалымдарға танытты. 1910 жылы Т.Морган, А.Стертевант, К.Бриджес жеміс шыбының зерттей отыра тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негіздерін қалаған. Осы теория бойынша гендер хромосомаларда белгілі өз ретімен орналасады. 1912 жылы Ресейде А.Богданов "Менделизм" монографиясын жазып шығарды. Сол уақыттағы генетика жетістіктері осы монографияда орын алды.

        1944жылы О.Эйвери  - ДНК-тұқым қуалаушылық материалы деп тапқан. 1953 жылы Уотсон және Крик ДНК моделін жасаған. Д.Уотсон клеткалардағы ең басты процестің өрнегін былай жазып көрсеткен еді: ДНК → РНК → белок. Ген теориясына сүйене отырып, ДНК молекуласына құрылымдық талдау жасаған осы жұмыстар молекулалық генетиканың пайда болуына көп ықпалын тигізді. 1961 жылы О.Кельнер клетканың репарациялық (өзін-өзі емдеу) жүйесін ашты. 1961-1964 жылдары генетикалық код құпиясы ашылды. (Г.Гамов, М.Нирнберг, Х.Корана). Үндіден шыққан америкалық ғалым Х.Корана (1968) ашытқы клеткасынан генді химиялық жолмен синтездеді. 1970 жылы Х.Темин РНК-ны негізге ала отырып, РНК-дан ДНК синтездейтін фермент - кері транскриптазаны (ревертаза) тапты. Бұл жаңалық генді ферменттік синтездеуге жол ашты.

                Генетиканың қазіргі кезеңін әдетте молекулалық генетика кезеңі деп атайды. 20-30 жылдары Кеңес үкіметінде генетика ерекше дамып, дүние жүзіндегі генетика ғылымына жетекші болды. Бірақ 1930 жылдан бастап, әсіресе, 1948 жылғы тамыз айындағы ВАСХНИЛ сессиясынан кейін генетиканың дамуы тежеліп, 1964 жылдан қайта дами бастады.

3. Өзгергіштік түрлері

Қазіргі заманның генетикасы өзгергіштікті екі түрге бөледі:

1. Тұқым қуаламайтын немесе модификациялық

2. Тұқым қуалайтын:

  • комбинативтік;
  • коррелятивтік (арақатынастық);
  • мутациялық.

4. Генетиканың зерттеу әдістері

...

Скачать:   txt (10.1 Kb)   pdf (75.1 Kb)   docx (10.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club