Қоғамның әлеуметтік құрлымы және әлеуметі институттар
Автор: Жанель Сейтжан • Декабрь 1, 2023 • Реферат • 1,323 Слов (6 Страниц) • 197 Просмотры
Суденттің өзіндік жұмысы (сөж)
Тақырыбы: Қоғамның әлеуметтік құрлымы
және әлеуметі институттар
Орындаған: Сейтжан Жанель
Мамамндығы: научная биология
Бб23-07
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Әлеуметтану жалпы түсінік
3. Қоғамның әлеуметтік құрлымы
4. Әлеуметтік инситуттар
5. Қорытынды
Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін, басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін ақындаудан басталады. Әлеуметтану" термині екі сөзден қүралған: латынның societas - коғам және гректің logos соз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда элеуметтану "қоғам туралы ғылым" немесе "коғам туралы ілім" дегенді білдіреді. Бірақ бүл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да элеуметтану пәнін қандай да бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен белек карауға болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің ара жігін ажыратып алған жөн.
Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатынның бәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы түратын нәрсенің борі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі түтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап кана зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шарты ретінде қарастырылады.
Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объек- тивті шынайылықтың жеке бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық - көптеген жаратылыстану және техникалық ғылым- дардың, ал әлеуметтік шынайылық - қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі.
Әлеуметтанудың негізін қалаушы О.Конт әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын түтас алынған қоғам деп түсінді. Бүл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне сүйенеді. О.Конт оң әлеуметтанушылық білімді табиғи-физикалық процестерге уксатып құрды. Әлеуметтануды әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамика бөлу осыдан келіп шыққан.
Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер әлеуметтануды әлеуметтік институттардың табиги эволюциясы нәтижесінде ондагы жіктелу түтасумен үштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.
Неміс кәсіби әлеуметтануының атасы Ф.Теннис әлеуметтанудың өзі жасаған түжырымдамасы шеңберінде теориялық және қолданбалы әлеуметтанумен қатар салыстырмалы оқу пәні ретінде эмпирикалық әлеуметтануды бөліп қарайды. Ол индуктивтік әдіске сүйенеді және жалпы ұстанымдар ретінде теориялық әлеуметтану ұғымдарын пайдаланады. Ф.Теннистің ойынша, әлеуметтану пәнін әлеуметтіліктің, қоғамдастықтың барлық түрлері және олардың негізін адамдардың өзара әрекеті құрайды.
Қоғамның құрылымы өте күрделі. әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтікқоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.
Бұл айтылғандарды сызбанұсқа түрінде былайша бейнелеуге болады.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтері Әлеуметтік қоғадастықтар деп, белгілі бір отақ белгілері бар, мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.
...