Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар

Автор:   •  Май 4, 2018  •  Реферат  •  2,665 Слов (11 Страниц)  •  2,517 Просмотры

Страница 1 из 11

Жоспар:

1.Әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар.

2.Әлеуметтік салықтың экономикалық мәні.        

3.Әлеуметтік салықты төлеушілер. Салық салу объектілері.

4.Салық ставкалары.

5.Салықты есептеу және төлеу тәртібі.

Қорытынды.

     1.Әлеуметтік салықтар – нысаналы мақсаттағы тікелей салық түрі. Әлеуметтік салықтар әлеуметтік мақсаттағы бюджеттен тыс нысаналы қорлардың, зейнетақы қорларыныңәлеуметтік сақтандыружұмыспен қамту қорларының негізгі көзі болып табылады. Салық салу нысаны – еңбек міндеттерін орындағаны үшін төлемнің алуан түрлері. Әлеуметтік салықтар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуымен байланысты дүниеге келді.

     Әлеуметтік аударымдар дегеніміз – әлеуметтік төлемдер төленіп отырған міндетті сақтандыру қатысушысына,ал асыраушысы қайтыс болған жағдайда асырауында болған жанұя мүшелеріне ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдерді алып отыруға құқық беретін Қорға төленетін міндетті төлемдер .

     Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры – міндетті сақтандыру қатысушыларына қатысты әлеуметтік тәуекел орын алған жағдайда әлеуметтік төлемдерді жинақтап, төлеп отырушы заңды тұлға.

     Әлеуметтік аударымдарды төлеуші – ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңында қарастырылған тәртіп бойынша әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік Қорына әлеуметтік төлемдерді есептеп, төлеп отыратын жұмыс беруші немесе өзіндік жұмыспен қамтылған тұлға.

Әлеуметтік аударым объектілері және ставкалары

     Әлеуметтік аударым объектілері:

  1. Жұмыс беруші үшін – табыстар түрінде жұмысшыға төленіп отыратын шығындар;
  2. Дара кәсіпкерлік үшін, арнайы салық режимін қолданушыларды, жеке нотариустарды және адвокаттарды қоспағанда,минималды жалақының он еселенетін мөлшерінен аспайтын қөлемдегі алынған табыстар;
  3. Арнайы салық режимін қолданушы кәсіпкерлер үшін – минималды жалақы мөлшері.

Міндетті сақтандырушылар үшін Қорға төленіп отыруы тиіс әлеуметтік төлемдер төмендегідей мөлшерде бекітіледі:

  • 2009 жылдың1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдерді есептеу объектісінен 4%;
  • 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдерді есептеу объектісінен 5%;

Әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу тәртібі

Әлеуметтік төлемдердің төлеу мерзімі

р.н.

Салық төлеушілер категориясы

Төлеу мерзімі

1.

Заңды тұлғалар

Есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін

2.

Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар

Есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін

3.

Дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары,адвокаттар

Есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін

4.

Шаруа  және фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер

Есептелген сомалар:

Күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін – ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін;

Есептелеген сомалар:

Күнтізбелік жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін – келесі күнтізбелік жылдың 10 сәуіріне дейін

5.

Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын төлеушілер

Патентті алғанша

6.

Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын төлеушілер(ОД)

Есепті тоқсаннан кейін келетін екінші айдың 25-нен кешіктірмей

7.

АСР ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші және ауылдық тұтынушылық кооперативтердің заңды тұлғалары

Есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін

     2.Әлеуметтік салық 1999 жылдан бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген.Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджеттің 15-16 пайызын құрайды. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорының 28% мөлшерінде белгіленді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылды. Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетте 6,2%-ды (2008 ж.) құрады. Салық жұмыс істеген жылдары оның мөлшерлемелері өзгеріп отырды, әр түрлі салық телеушілер үшін 26%-дан 6,5%-ға дейін сараланды, онан кейін оның мөлшерлемесі 21%-ға дейін төмендетілді; 2008 жылдан салық салу объектінің мөлшеріне қарай 13%-дан 5%-ға дейін жаңа салық мөлшерлемелері белгіленді. Дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустарадвокаттар, Қазақстан Республикасының заңи тұлға-резиденттері, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады. Заңи тұлға-резиденттің шешімі бойынша оның құрылымдық белімшелері әлеуметтік салық төлеушілер ретінде карастырылуы мүмкін. Әлеуметтік салық бойынша салықтық есептемені есептеуді,төлеуді және табыс етуді: ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңи түлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін; оңайлатылған мағлұмдама негізінде шағын бизнес субъектілері үшін; патент негізінде шағын бизнес субъектілеріүшін; шаруа немесе фермер қожалықтары үшін салық заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып арнаулы салық режімдерін колданатын төлеушілер жүргізеді. Жұмыс берушінің материаядық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде жұмыскер-резиденттерге берген табыстарды қоса алғайда, жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар түріндегі оның, жұмыскер-бейрезиденттерге төлейтін шығыстары, сонымен бірге шетелдік персоналдың табыстары аталған төлеушілер үшін әлеуметтік салық салу объекті болып табылады. Егер жұмыскерге күнтізбелік ай үшін есептелген табысының жалпы сомасы Республиқалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай күнтізбелік айдың соңғы күні колданыста болған жалақынын ең төмен мөлшерінен төмен әлеуметтік салық салу объекті жалақының ең төменгі мөлшері негізінде анықталады. Мыналар: Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіпкерлік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын төлемдер; Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер; білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Респуликасы заңнамасында мемлекеттік стипендиялар үшін белгіленген мөлшерде төленетін стипендиялар; қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде алынған мүліктің құны; он алты жасқа толмаган балалар үшін балалар лагерлеріне жолдамалардын құны; жұмыс беруші өз жұмыскерлеріне міндетті және (немесе)жинактаушы сақтандыру келісім- шарттары бойынша төлейтін сақтық сыйақылары; әскери службаның міндеттерін аткарған кезде әскери қызметшілерге берілетін, ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесінің және мемлекеттік өртке қарсы службасының органдары мен мекемелерінің белгіленген тәртіппен арнаулы атақ берілген қызметкерлері службалық міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемақылардың барлық түрлері; экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан за- рдап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес төленетін төлемақылар; бюджеттік қаражаттар есебінен төленетін біржолғы төлемдер(еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа); өз жұмыскерлеріне міндетті және(немесе) жинақтаушы сақтандыру келісімшарттары бойынша жұмыс  беруші төлейтін сақтық сыйлықақылары; Жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мөлшердегі ерікті және кәсіби зейнетақы жарналары және т.б. табыстар, сондай-ақ: мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері және халықаралық ұйымдар желілері арқылы берілетін гранттар қаражаты есебінен жасалатын төлемдер; Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын мемлекеттік сыйлықақылар, стипендиялар; спорт жарыстарында, байкауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай марапаттар; ұйым таратылған немесе жұмыс берушінін қызметі тоқтатылған, жұмыскерлердің штат саны қысқартылған немесе жұмыскер әскери қызметке шақырылган жағдайларда еңбек келісімшарты бұзылган кезде Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін өтемдер; жұмыс берушінің жұмыскерлерге пайдаланылмаган еңбек демапысы үшін төлейтін етемдері; Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына жұмыскерлердің міндетті зейнетақы жарналары салықсалу объекті болып табылмайды.

...

Скачать:   txt (40.3 Kb)   pdf (212.8 Kb)   docx (27.8 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club