Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Доклад  •  779 Слов (4 Страниц)  •  832 Просмотры

Страница 1 из 4

4 тақырып.  Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы.

Дәріс мақсаты: 2 сағат дәріс сабағы арқылы студенттерде әлеуметтік топ және тап, қазіргі кездегі Қазақстанның әлеуметтік құрылымы жөніндегі түсінік қалыптасады.

Жоспары:

1. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары.

2. Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымының дамуы мәселелері.

Кілт сөздер: стратификация, жік, мобильділік, құрылымдық функционализм, символикалық интеракционизм, әлеуметтік топ, тап, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік теңсіздік.

Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары.

Әлеуметтік құрылым туралы әлеуметтануда көптеген концепциялар бар. Оларды топтастыра келе негізгі екі бағытты ажыратуға болады. Әлеуметтанушылырдың бір тобы әлеуметтік құрылымды, оның элементтерін, яғни оның құрастырушы заттарын, процестерін нақты өмірде объективті түрде бар деп түсіндірсе, ал, екінші бір бағыттағы әлеуметтанушылар таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды тек қана сананың, адам ойының нәтижесі деп түсіндіреді. Бірінші бағыттағы әлеуметтанушылар құрылымдық функционализм деп аталатын топқа, ал екінші бағыттағылар символдық интеракционизм деп аталатын топқа жатады. Біз осылардың ішінде бірінші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз, осы теориялық бағытты басшылыққа аламыз.

Қоғамдық қатынастар тепе-теңдік қатынас және теңсіздік қатынас (адамдардың қоғамдық жағдайының тепе-теңдігі немесе тең еместігі) болып болып бӛлінеді.

Әлеуметтік құрылым қоғамдық қатынастардың осы екінші түріне жатады. Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі бір-біріне өзара дәнекер болатын әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан құралады. Сонымен бірге олар тек осы байланыстар мен қатынастар шеңберінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтері мыналар:

1. қоғамдық еңбек бөлінісі мен өндіріс құрал-жабдықтарына деген меншік қатынасына байланысты пайда болатын таптар;

2. қала мен ауыл адамдары;

3. ой және дене еңбегінің өкілдері;

4. әлеуметтік-демографиялық топтар (жастар, әйелдер, еркектер т.б.)

5. ұлттық қауымдастықтар (ұлттар мен ұлыстар, этникалық топтар).

Әлеуметтік құрылымда адамның алатын орнын теңсіздік те анықтайды. Айырбас теориясының тұжырымдамасы бойынша адамның атқарған қызметінің нәтижесін әділ бөлмеу процесінен барып теңсіздік пайда болады.

Сонымен, қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б жіктелуі әлеуметтануда әлеуметтік стратификация деген терминмен сипатталады (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын атайды).

Әлеуметтік стратификация – бұл адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік: бұл теңсіздік олардың арасындағы жоғарыдан төмен қарай болатын (иерархиялық сипаттағы) теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше сипаттағы саяси мекемелер берік сақтап реттеп отырады.

Стратификацияның тарихи типтері – құлдық дәуірі, касталар, сословиялар – бұлар жабық қоғамды сипаттайды. Ал, таптар болса – бұлар ашық қоғамды айқындайды. Жабық қоғамда тӛменгі сатыдан жоғары сатыға әлеуметтік тұрғыда көтерілуге тыйым салынған. Ашық қоғамда бір сатыдан екіншісіне өтуге ресми түрде ешқандай да шек қойылмайды.

...

Скачать:   txt (11.1 Kb)   pdf (114.3 Kb)   docx (11.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club