Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұрақты тоқтың физиологиялық әсер ету механизмі

Автор:   •  Ноябрь 19, 2018  •  Реферат  •  400 Слов (2 Страниц)  •  1,316 Просмотры

Страница 1 из 2

Тұрақты тоқтың физиологиялық әсер ету механизмі

Тұрақты тоқтың физиологиялық әсерінің механизмі ұлпалардың өз бойынан тұрақты тоқ өтуі кезінде алғашқылай физикалық-химиялық өзгерістерге ұшырауына орай қозуы және қызметтілік күйінің өзгеруіне негізделген.

Электр тоғы әсерінен оң зарядталған иондар катодқа, ал теріс зарядталған иондар анодқа бағытталады. Катод асты маңына сутегі иондары, анод асты маңына гидроксилді  иондар жинақталады. Коллоидтардың агрегатты күйіне рН өзгеруі күшті әсерін білдіреді, ал коллоидтар жасуша қызметімен тығыз байланыста болады.

Катод маңында жасуша қабаттары беткейінде металды бір валентті иондар жиналуы осы қабаттардың босаңсуын тудырады, өткізгіштігін жоғарылатады, соның салдарынан жасушалық мембраналар арқылы жасушаның жартылай өткізімді беткейлері арқылы әдетте өте алмайтын заттардың өтуін жеңілдетеді. Жасушаға сутегі иондары мен  өзге заттардың өтуі ақзат жағдайының өзгеруіне әкеліп соғады, ол физиологиялық тұрғыда қозғыштық жоғарылауымен, ал тиісті қолайлы жағдайларда – қозумен белгіленеді. Анод астында екі валентті иондардың шамадан тыс ұлғаюы нәтижесінде жасуша мембраналарының тығыздалуы, тиісінше қозғыштық төмендеуі орын алады.

Тұрақты тоқтың ұзақ уақыт бойы әрі қарқынды әсер етуі кезінде ұлпа қозғыштығы күрт ауысады. Анодта бастапқы төмендеуден соң қозғыштық қосымша түрде жылдам шамаға қайтарылады да, тек кейіннен ғана қайта төмендейді.

Қозғыштықтың жоғалуы анодта жартылай өткізілуі жасуша беткейлерінің тығыздалуынан болады, осыған орай жасушада зат алмасуы толығымен тоқтайды. Қозғыштықтың жоғалуы бір валентті иондардың катодта көп болуына байланысты өрбиді, олар жасуша мембраналарының өткізгіштігін  күрт күшейтеді де, тітіркендірулер әсерінен қозғыштық туындалуы үшін қолайсыз жағдайлар жасайды. Алайда, ұлпалардағы қызметтік ауытқулар тітіркендіргішке ғана емес ұлпаның өзіндегі қызметтілікке де байланысты. Нақты бір агент тірі ұлпаның күйіне байланысты ынталандыра да, күйзелте де алады. Мысалы, катод нақты бір күштегі тоқ әсерінен алдын ала парабиотикалық факторға шалдыққан қызметтіліктегі нерв қозғыштығын жоғарылатады. Анод не катод әсерінен қозғыштықтың өзгеруі тек қана шеткері емес орталық нерв жүйесінде де байқалады (И.Р. Тарханов).

...

Скачать:   txt (6.2 Kb)   pdf (60.9 Kb)   docx (11.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club