Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сары -жасыл балдырлар бөлімі – Xanthoophyta

Автор:   •  Апрель 14, 2021  •  Реферат  •  416 Слов (2 Страниц)  •  1,078 Просмотры

Страница 1 из 2

Сары -жасыл балдырлар бөлімі – Xanthoophyta

Жалпы сипаттамасы. Хлоропласттары сары-жасыл немесе сары түске боялған балдырлар класы. Өкілдері-бір клеткалы, колониялық және көп клеткалы, негізінен тұщы су ағзалары.

Айырмашылығы. Талшықтарының әр түрлі ұзындықта және құрылысының да әркелкі болуында.

Талшықтары. Бірі ұзын, ол алға қарай бағытталған және қауырсын құрылымды болып келеді. Екіншісі қысқа, артқа қарай бағытталған, жай құрылымды.

Клетка құрылысы. Олардың клеткаларының қабықшалары протопектинді, целлюлозасы аз болады. Олардың талломы көп клеткалы жіп тәрізді, клеткаланбаған. Жылжымалы формаларда, әдетте, хлоропласттардың бірінің соңында ашық қызыл көзше болады Кейбір түрлерінде бір немесе екі контрактілі вакуоль бар

Таралуы. Сары – жасыл балдырлар негізінен тұщы суларды, сиректеу тұзды суларда мекендейді. Олар планктондар, бентостардың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар сары – жасыл балдырлар топырақта және тастық бетінде де өседі.

Жасуша ядросы. Ядросы көп жағдайда біреу, клеткаланбаған түрлерінің ядросы көп болады.

Түсі (пигменттер). Пигменттер-хлорофилл A және c; хлорофилден басқа талломға сары – жасыл түс беретін α - және β-каротиндер; ксантофилдер: лютеин, виолаксантин, неоксантин. Пиренойдтары болмайды.

Қоректенуі. Артық қор заттары-майлар, кейбіреулерінде-волютин, хризоламинарин және лейкозин 

Талшықтары. Монадтық формалар мен зооспоралардың ұзындығы бойынша, морфологиялық жағынан да ерекшеленетін екі тең емес флагелла бар: циррозды түктер негізгі флагеллада орналасқан, бүйір флагелла-бифид

Көбеюі. Вегетативтік көбеюі клетканың екіге бөлінуі арқылы немесе талломдардың бөлшектері арқылы жүзеге асады. Жыныстық процессі негізінен изогамиялы. Сиректеу оогамиялы болып келеді. Зооспоралары мен сперматозоидтарының ұзындықтары әртүрлі, екі талшығы болады : біреуі қысқа түзу, жылтыр, ал екіншісі ұзын және қауырсынды болып келеді.

...

Скачать:   txt (6.2 Kb)   pdf (1.1 Mb)   docx (982.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club