РНҚ түрлері
Автор: amankesheva • Апрель 13, 2021 • Эссе • 522 Слов (3 Страниц) • 617 Просмотры
РНҚ түрлері
Атқаратын қызметіне қарай РНҚ бірнеше түрге бөлінеді: рибосомалық РНҚ(р-РНҚ), матрицалық немесе информациялық РНҚ (м-РНҚ немесе и-РНҚ) және тасымалдаушы (транспорттық) РНҚ (т-РНҚ).
Тасымалдаушы (транспорттық )РНҚ молекулалары шамамен 70-75 нуклеотидтен тұрады. Молекулалық массасы - 25000 дальтон. Тасымалдаушы РНҚ сәйкес претранскрипт молекулаларының арнайф процессингі нәтижесінде қалыптасады. М-РНҚ трансляциясы кезінде т-РНҚ делдалдық (посредник) қызметін атқарады. Кез келген клеткада т-РНҚ-ның кем дегенде 20 түрлі молекуласы кездеседі. Т-РНҚ-ның әрбір түрі белок синтезіне қажетті аминқышқылының біреуіне сәйкес келеді. Әрбір арнайы т-РНҚ басқалардан нуклеотидтер реттілігімен ерекшелегенімен,олардың барлығы ортақ белгілерге ие. Бірнеше тізбекшілік комплементарлы учаскілердің арқасында барлық т-РНҚ екіншілік құрылымды құрады және “жоңышқа жапырағы” деп аталатын формаға ие болады. Т-РНҚ молекулаларының барлығында төрт негізгі иін бар.
Белок синтезінде аминқышқылдарын рибосомаға жеткізетін РНҚ-ны тасымалдаушы деп атайды. Бұл кішігірім жасушалар 3 нуклеотидтік кезектестікті – антикодондарды өз шыңында тасымалдайды. Олардың көмегімен тРНҚ комплементарлық принциптері бойынша аРНҚ-ның кодондарына жалғасады. тРНҚ жасушасының қарама – қарсы ұшы аминқышқылдарына жалғасады. Бұнда тек бір нақты, оның антикодондарына сай түрі ғана қатысады.
Тасымалдаушы РНҚ-ның негізгі қызметі: арнайы аминоацил-т-РНҚ-синтетаза ферментінің көмегімен нақты бір аминқышқылымен байланысу, оны белоктың биосинтезі жүретін жерге жеткізу және осы тасымалданатын аминқышқылына сәйкес а-РНҚ-дағы кодонды танып білу. Тасымалдаушы РНҚ-ны сонымен қатар ерігіш Рнқ деп атайды.
Тасымалдаушы РНҚ-да аминқышқылы жалғанатын сайт, рибосомаға байланысатын сайт және а-РНҚ кодонына сәкес келетін антикодон болады. Т-РНҚ-ның құрамында сонымен қатар ерекше нуклеотидтер болады. Олар: псевдоуридин, инозин, дигидроксиуридин т.б.
Рибосомалық РНҚ (р-РНҚ) -ерігіштік қасиеті жоқ,тұрақты РНҚ түрі. Олар жасушадағы барлық РНҚ-лардың 80%-ын құрайды. Рибосомалық РНҚ-лар ядроада синтезделгенімен негізгі қызмет атқаратын орны - рибосомаларды(цитопзамада).
Эукариоттық жасушаларда р-РНҚ-ның төрт типі ажыратылады: 28S р-РНҚ,18S р-РНҚ, 5,8S -р-РНҚ, 5S р-РНҚ. Бұлардың үшеуі: 28S р-РНҚ, 5,8S р-РНҚ, 5S р-РНҚ-лар рибосоманың үлкен 60S суббірлігінің құрамына ал 18S р-РНҚ рибосоманың кіші -40S суббірлігінің құрамына кіреді. Үлкен (60S) және кіші (40S) суббірліктер қосылып тұтас (80S) рибосома молекуласын құрайды.
Прокариоттардың 23S;16S;5S р-РНҚ-ны анықтайтын гендерінің кластерлері бір оперон құрып, тұтасымен бір қызмет атқарып, бақыланады.
Эукариоттар жасушасындағы р-РНҚ-ның синтезін бақылайтын гендер мультигендік тұқымдастар құрып хромосоманың ядрошық ұйымдастырушы аймағында орналасады. Жасушада мұндай гендердің саны 5-тен 300-ге дейін ауытқиды, және олардың ядрошық ұйымдастырушы аймақта ұзына бойы орналасуы біркелкі емес.Рибосомалық РНҚ полипептидтік тізбектегі амин қышқылдары арасындағы пептидтік байланыстарды құруға жауапты. МРНК молекуласында аяқтау кодонына жеткенде, аударма үрдісі аяқталады. Полипептидтік тізбек тРНҚ молекуласынан бөлініп, рибосома үлкен және кішкене қосалқы бөліктерге бөлінеді.
...