Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Нуклеин қышқылдарының тұқым қуалағыш қасиеттерді анықтайтындығы туралы дəлелді деректер

Автор:   •  Сентябрь 16, 2021  •  Реферат  •  1,597 Слов (7 Страниц)  •  306 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі   әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                                               [pic 1]

Факультеті: Биология және Биотехнология

Кафедрасы: Биотехнология

              СӨЖ №1

Тақырыбы: Нуклеин қышқылдарының тұқым қуалағыш қасиеттерді анықтайтындығы туралы дəлелді деректер. Нуклеин қышқылдарының құрамы. Чаргафф ашқан нқ құрылысындағы ережелер, нуклеотидтердің құрамы мен түрлері.

                                                   Орындаған: Абильжанова Ф.А

                                                               Тексерген: Алтыбаева Н.А                                        

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  • Нуклеин қышқылдарының тұқым қуалағыш қасиеттерді анықтайтындығы туралы дəлелді деректер.
  • Нуклеин қышқылдарының құрамы.
  • Чаргафф ашқан нқ құрылысындағы ережелер, нуклеотидтердің құрамы мен түрлері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тірі ағзада жоғары молекулалы үш қосылыс бар. Олар — нуклсин кышқылдары, белоктар және полисахаридтер. Қазіргі кезде аталған биологиялық жоғары молекрилардың әрқайсысының атқаратын кызметі дәл анықталып, тұқым куалайтын қасиеттің негізі, тірі ағзаның барлық ерекшеліктерін қайталап жарыққа шығарушы — нуклеин кышқылдары екені белгілі.

           Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus — ядро) — құрамында фосфоры бар биополемерлер. Табиғатта өте көп тараған. Молекулалары нуклеотидтерден тұрады, бір нуклеотидтіқ 5'-фосфор арасындағы эфирлік байланысы мен келесі нуклеотидтің углевод қалдығының 3'-гидроксилі арасы эфир байланысымен нуклеин қышқылдары углеводты-фосфатты қаққасын калайды. Нуклеин қышқылдары жоғарғы полимерлі тізбектері ондаған немесе жүздеген нуклеотидтің қалдықтарынан тұрады. Олардың м. с. 105—1010. Нуклеин қышқылдары құрамына кіретін мономерлерінің(дезокси- немесе рибонуклеотидтер) түріне қарай ДНҚ жәңе РНҚ деп бөлінеді.

Нуклеин қышқылдары тірі жасуша ядросының маңызды құрам бөлігі. Нуклеин қышқылдары (НҚ) рибонуклеин қышқылы (РНҚ) және дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) болып екі үлкен түрге бөлінеді. Тірі организмнің құрамына нуклеин қышқылдарының екі түрі де кіреді. Нуклеин қышқылдары жоғары молекулалы гетерополимерлі қосылыстар.

Негізгі бөлім

  • Нуклеин қышқылдарының тұқым қуалағыш қасиеттерді анықтайтындығы туралы дəлелді деректер.

ДНҚ-ның тұқымкуалаушылың қүбылысындагы рөлін айкындауда, Ф. Гриффитстің 1928 ж . пневмококк бактерияларында ашқан трансформация қүбылысының маңызы зор.

 Пневмококк бактериялары сүтқоректілер өкпесінің қабынуын (пневмонияны) қоздырып, олардың өліміне себепші болады. Сондықтан мұндай бактериялар патогенді немесе вирулентті болып саналады, себебі олардың полисахаридті кабығының шырышты бөлігі жұқтырылған жануар иммундық жүйесінің фагоциттеріне қарсы антизаттар (у) бөліп шығарады. Вирулентті бактериялар қоректік ортада тегіс шоғыр (S-штамм) түзеді. Шырышты қабығы жоқ вирулентті емес бактериялар мутация арқылы пайда болады. Олар қоректік ортада кедір-бүдыр шоғыр (R-штамм) түзеді. Тышқандарға осындай бактерияларды енгізсе, онда олар фагоцитоз нәтижесінде бактериялық клеткаларды жойып, тірі қалады. Бірақ вирулентті S бактерияларымен инъекцияланған тышқандар өкпесінің қабынуынан өледі, өйткені бұл бактериялардың сыртын өздері синтездейтің шырышты қабық жабады. Ал алдын ала кыздыру арқылы өлтірілген S бактериямен (шырышты қабығынан айырылған) инъекцияланған тышқандар тірі қалады.

Ф. Гриффитс тышқандарға пневмококтың R –штамын және қыздыру арқылы капсуласынан айырылған S -штамын бірге инъекциялайды. Бүл арада күткен нәтиженің -тышқандардың тірі қалуының орнына, олардың барлығы өліп қалады.

Трансформация құбылысы.

А-тышқанға вирулентті S-штамм енгізілді, тышқан өледі; Б-тышқанға авирулентті R-штамм енгізілді, тышқан тірі қалады; В-тышқанға қыздыру арқылы өлтірілген вирулентті S-штамм енгізілді, тышқан тірі қалады; Г-тышқанға авирулентті R және қыздыру арқылы өлтірілген вирулентті S-штаммдары бірге енгізілді, тышқан өледі.

...

Скачать:   txt (22.1 Kb)   pdf (123.5 Kb)   docx (26.8 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club