Микроорганизмдердің басқа организмдермен қарым-қатынас түрлері
Автор: dhdjjdnijosk • Февраль 2, 2022 • Реферат • 1,419 Слов (6 Страниц) • 605 Просмотры
Жоспар:
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім. Микроорганизмдердің басқа организмдермен қарым-қатынас түрлері
1. Симбиоз, Комменсализм
2. Мутуализм, Метабиоз, Нейтрализм
3. Антогонизм, Паразитизм, Жыртқыштық
III. Глоссарий
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
I.Кіріспе.
Табиғаттағы тіршілік иелері бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүреді және өзара бір-біріне тәуелді болып келеді. Тіршілік иелері тұрақты экологиялық жүйеге – биоценоздарға біріктіріледі. Олардың әрқайсысы үшін популяцияның түрлік және сандық қатынасы, құрылымы, өзара қатынастық және тағы да басқа белгілері тән. Әртүрлі ценоздардың ішінде табиғатта микробиоценоздар – микроорганизмдердің қауымдастығы үлкен рөл атқарады. Микробиоценоз – белгілі бір биотопты мекендейтін әртүрлі микроорганизм популяцияларының жиынтығы. Қоршаған ортаның көптеген микроорганизмдері табиғатта заттардың айналым процесіне қатысады, тіршілігін жойған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын жояды, топырақтың өнімділігін арттырып, биосферада тепе-теңдікті ұстап тұрады. Олар адам организімінде қалыпты микрофлора ретінде бірқатар пайдалы қызметтер атқарады. Сонымен қатар микробиоценоздағы микроорганизмдердің және басқа тірі организмдердің арасында алуан түрлі өзара қатынастар үздіксіз жүріп жатады. Бұл қатынастар симбиоз, комменсализм, метабиоз, сателлизм, синергизм, антагонизм және тағы да басқа түрлерде байқалады. Осы қатынастарды жүзеге асыра отырып, микроорганизмдер табиғатта бір-бірімен байланысты тіршілік етуге немесе қауіп төндіретін басқа да микроорганизмдерден қорғанып өмір сүруге бейімделеген.
II. Негізгі бөлім.
1. Симбиоз, Комменсализм
Симбиоз – екі және одан да көп микроорганизмдердің бір-бірімен және басқа да тіршілік иелерімен бірге селбесіп және өзара пайда келтіріп өмір сүруі. Яғни, бір түрге жататын микробтардың өнімдері басқа бір түрге жататын микробтарлың өсуіне қолайлы өнім болып табылады. Мысал ретінде, кейбір сүт қышқылы бактериялары мен ашытқылардың арақатынасын, оттегіні тұтынушылардың аэробты организмдемен топтасуы, анаэробтылармен топтасын және тағы да басқаларын жатқызуға болады. Соның ішінде сүт қышқылы бактериялары мен ашытқылардың арақатынасына тоқталатын болсақ. Сүтқышқыл бактериялары мен ашытқылар тіршілігінің өнімдері ортада жинақталып, бөтен микроорганизмдердің дамуына бөгет жасайды. Ашытқылар сүтқышқыл бактерияларына қарағанда қоректік ортаны талғамайды және биологиялық белсенді заттар биосинтезіне қабілетті. Тіршілік ету және автолиз процесінде ашытқылар ортаны витаминдермен байытады және оны сүтқышқыл бактерияларының өсуіне қолайлы жағдай жасайды. Ашытқылардың көптеген түрлері сүтқышқыл бактерияларымен ашуы процесінде түзілетін органикалық қышқылдардың ассимиляциялауға қабілетті. Сондықтан олардың қарым-қатынастын симбиотикалық деп санауға болады. Сүтқышқылды бактериялар мен ашытқылардың арнайы таңдамалы штамдарын қолдану өнімнің емдік және дәмдік қасиетін жоғарлатумен қатар консервілеуші фактор ретінде қолданылады. Сүтқышқылды бактериялар мен ашытқылардың өсу процесінде сүт қышқылы мен спиртпен қатар витаминдер, ферменттер, антибактериалдық және пробиотикалық эффектін жоғарылатады.
Көбінесе, симбиоз құбылысы өсімдіктер мен микроорганимдер, микробтар мен жануарлар арасында кең байқалады. Түйнек бактериялары кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырында түйнек түзіп және олармен селбесе даму нәтижесінде атмосферадан азот сіңіріп, өсімдікке қажетті физиологиялық белсенді заттар түзеді. Егер бұршақ дақылдарының тамырында түйнек бактериялары көп жиналса, онда бұл өсімдіктер байланысқан азоттың болмағанына қарамастан тіршілік ете береді. Жас түйнек бактериялары таза дақылдарда пішіні таяқша тәрізді, спора түзбейді, Грам теріс (Грам әдісі бойынша клеткалары боялмайтын) бактериялар. Түйнек бактериялары аммоний тұздарын,нитрит,амин қышқылдарын, тыңайтқыш құрамындағы қоректік заттарды сіңіреді, көмірсуларды, органикалық қышқылдарды, спирттерді көміртек көзі ретінде пайдаланады. Әр түрлі өсімдікке тән өзіндік арнаулы түйнек бактериялары болады. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерді алғашқы жылы өсіргенде, оның тамырында түйнек тез түзілуі үшін себілетін тұқымды нитрагин препаратымен өңдеп, бактериялармен байытады. Сонда өсімдік алғашқы жылдың өзінде-ақ жақсы өнім бере алады. Күйіс қайыратын жануарлардың қарнында целлюлоза ыдыратушы микробтардың тіршілік етуі микробтар мен жануарлардың симбиозына мысал бола алады.
...