Микроорганизмдерден жасалатын биопрепараттардың түрлері
Автор: adilgazi98 • Декабрь 2, 2019 • Реферат • 1,093 Слов (5 Страниц) • 917 Просмотры
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2.1. Микроорганизмдерден жасалатын биопрепараттардың түрлері
2.2. Биопрепараттарды даярлауда қолданылатын микроорганизмдерге сипаттама
2.3. Микроорганизмдерден жасалатын биопрепараттардың өсімдіктерге және жәндіктерге әсер ету механизмі
2.4. Биопрепараттардың алыну жолдары
2.5. Дайын биопрепараттарды қолдану тәсілдері
2.6. Биопрепараттардың пайдасы мен зияны
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Курстық жұмыстың мақсаты
Биопрепараттар туралы толығырақ анықтама беру. Биопрепараттарды жасауда қандай микроорганизмдер қолданылатыны туралы түсінік беру. Микроорганизмдерден жасалатын биопрепараттардың ауылшаруашылығындағы маңызын түсіндіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Микроорганизмдерден жасалатын биопрепараттардың түрлеріне жеке-жеке анықтама беру және олардың әсер ету механизмдерін түсіндіру
- Биопрепараттарды даярлауда қолданылатын микроорганизмдерге сипаттама беріп өту
- Микроорганизмдерден жасалатын биопрепараттарды даярлаудың тәсілдерін атап өту
- Дайын биопрепаратты қолдану тәсілдерін атап өту
- Микроорганизмдерден жасалатын биопрепараттарды қолданғаннан кейінгі нәтижелерді атап өту
Биопрепараттар — адамдар, жануарлар, өсімдіктердің әртүрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын алу, сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар.
Биопрепараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биопрепараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т.б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микроорганизмдерден даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі.
Ал құрамында фосфор бактериялары бар — фосфоробактерин биологиялық препараттары топырақтағы күрделі фосфор қосылыстарын ерітіп, оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай жасайды. Биологиялық препараттардың ішінде ең құндысы — ферменттер. Мысалы, амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза және липаза ферменттерінен жасалған биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат алмасуда ферменттер қатысуымен жүретін процестерге тікелей қатысып, азықтың жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады. Ал микроорганизмдерден алынатын амилоризин, амилосубтилин, протосубтилин, калдерин, пектиноворум биологиялық препараттары малдың ас қорыту жүйесінде азықпен бірге түскен күрделі көмірсулар қосылысын (крахмал, клетчатка, пектин заттар) ыдыратып, ағзаға оңай сіңетін көмірсулардың мөлшерін молайтады.
2.1. Микроорганизмдерден жасалатын биопрепараттардың түрлері
Қазіргі кезде өсімдіктердің дамуын, өсіуін, зиянкестермен қолайсыз сырқы фаторларға төзімділігін артттыру үшін көптеген микроорганизмдерден алынатын биопрепараттар қолданылады. Қазіргі таңда микроорганизмдерден алынатын биопрепараттарды үш топқа бөледі:
1. Биоинсектицидтер
2. Биофунгицидттер
3. Биотыңайтқыштар
Биоинсектицидтер – құрамында микроорганизмдер және олардың споралары, экзотоксиндері болатын микробды культурадан бөлініп алынған биопрепараттар болып табылады. Бұл биопрепараттарда фитотоксинді қасиет болмайды. Араларға, жылықанды жануаларға зияны жоқ. Оларды кенелерге, шегірткелерге, колорада қоңыздарына, тұт көбелегіне, қоңыздардың дернәсілдеріне, күйе көбелегіне, долана көбелегіне, жапырақ құрттарына қарсы қолдануға болады.
...