Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары

Автор:   •  Ноябрь 16, 2018  •  Реферат  •  4,334 Слов (18 Страниц)  •  1,170 Просмотры

Страница 1 из 18

Жоспар

Кіріспе

1. Экономикалық өсу, оның  типтері мен факторлары

2.Экономикалық өсудің теориясы. Мультипликатор мен акселератор эффектісі.

3.Экономикалық өсімнің  интенситвті типтері және гылыми техникалық  төңкеріс оның қалыптасуы мен дамуының қозғаушы күші ретінде

4. Макроэкономикалық тепе – теңдік  теориясы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

          Кіріспе

 Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.

Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады?

Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапаның артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады.

 Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типі негізінде дамиды.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығындары екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары 10 есе ұлғаюы қажет.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістік интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс  қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

Практикалық бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз.

1. Экономикалық өсу, оның  типтері мен факторлары

Қазіргі жағдайда ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық  өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы (инвестиция)  ретінде жұмсалады. Алайда рыноктың механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.

Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта экстенисивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.

Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу  есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорциональдылық  өзгертеді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.

Сұранымның өсу жағдайында  табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар фокторларға байланысты:

- табиғат ресурстарының саны мен сапасына:

- еңбек ресурстарының саны мен сапасынан:

- капитал ресурстарына:

- қолда бар технологияға.

Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт-бағдарын өзгертуге тырысады.

Экстенсивті дамудың көзінің жойылуы қоғамды интенсивті  өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурстары сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау; оларға – материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады.

...

Скачать:   txt (54.6 Kb)   pdf (205.7 Kb)   docx (34.4 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club