Simulink-ң жалпы сипаттамасы. Модель құру. Simulink кітапханасының негізгі компоненттері
Автор: Murat2001 • Ноябрь 22, 2019 • Реферат • 6,864 Слов (28 Страниц) • 2,071 Просмотры
Simulink-ң жалпы сипаттамасы. Модель құру. Simulink кітапханасының негізгі компоненттері
Жоспары:
Simulink-ң жалпы сипаттамасы
Есептеу және шығару парметрлері.
Модельдеу процесін қосу, тоқтату және үзу
4. Simulink кітапханасының негізгі компоненттері
Simulink бағдарламасы MATLAB пакетіне қосымша болып табылады. Simulink бағдарламасын пайдаланып, модельдеу кезінде визуалды бағдарламалау ұстанымы жүзеге асады да, қолданушы экранда стандартты блок кітапханасынан құрылғының моделін жəне есептеулерін жасайды. сонымен қатар, модельдеудің классикалық əдістерден өзгеше, тұтынушыға бағдарламалау тілін толық игерудің де, математиканың сандық əдістерін игерудің де қажеттілігі болмайды, тек қана өзінің кəсіби саласы бойынша компьютерде жұмыс істей білсе жеткілікті болады.
Simulink MATLAB-тың жетерліктей дербес аспабы болып табылады жəне онымен жұмыс істегенде MATLAB-тың өзін де, оның басқадай қосымшаларын да білуді аса қажет етпейді. Бір жағынан MATLAB-тың функцияларына жəне оның басқа құралдарының атқаратын қызметтеріне рұқсаттама ашық қалады жəне оларды Simulink-те пайдалануға болады. пакеттердің құрамына кіретіндердің біразында Simulink-ке орнатылатын да құралдар бар (мысалы, Control System Toolbox-тың LTI-Viewer қосымшасы – пакеттің басқару жүйесін жасау үшін). сонымен қатар, басқадай салалар үшін де қолданылатын блоктардың қосымша кітапханалары бар (мысалы, Power System Blockset – электротехникалық құрылғыларды модельдеу, Digital Signal Processing Blockset – сандық құрылғыларды жасау үшін арналған блоктар жиынтығы жəне т.б.).
Simulink-пен жұмыс істеу барысында қолданушының кітапханалық блоктарды жаңартуға мүмкіндігі бар жəне өзінің жеке блогын құрай алады, сонымен қатар блоктардың жаңа да кітапханаларын құрай алады.
Модельдеу кезінде қолданушы дифференциалдық теңдеулерді шешудің əдісін, сонымен қатар модельдеу уақытын өзгертудің əдісін
өзі таңдай алады (тұрақты немесе айнымалы адыммен). Модельдеу кезіндегі үдерісті бақылау мүмкіндігі бар. Ол үшін Simulink кітапханасының құрамына кіретін арнайы құрылғы пайдаланылады. Модельдеу нəтижелері кесте немесе график түрінде болуы мүмкін.
Simulink-тың жəне бір артықшылығы – ол MATLAB тілінде, тағы сол сияқты с++, Fortran жəне Ada тілдерінде жазылған шағын бағдарламалармен блоктар кітапханасын да толықтыруға көмектеседі.
Simulink-ті іске қосу: Бағдарламаны іске қосу үшін MATLAB пакетін ашу керек.
MATLAB пакетінің негізгі терезесі 1-суретте көрсетілген.
MATLAB-тың бағдарламасының негізгі терезесін ашқаннан кейін Simulink бағдарламасын іске қосу керек. Оны келесідей үш əдістің біреуімен іске асыруға болады:
MATLAB терезесінің құрал-саймандар жақтауынан -Simulink
батырмасын басу керек.
MATLAB командалық терезесінің басты жолында Simulink деп жазып, пернетақтадағы Enter түймесін басу керек.
File мəзіріндегі Open командасын орындап, модель файлын ашу керек (.mdl-файл).
1-сурет. MATLAB-тың негізгі терезесі
соңғы нұсқа модельге жаңа блоктарды қосуды қажет етпейтін, тек есептеулер ғана жүргізуге дайындап қойған модельдерді іске қосуда өте ыңғайлы. Ал бірінші жəне екінші əдістерді қолдану Simulink кітапханасының тарауларының терезесінің ашылуына əкеліп соғады. (2-сурет).
Simulink кітапханаларының тарауларын қарастыру
Кітапхана блок терезесі келесі элементтерден тұрады (2-сурет):
1. Тақырып, терезе атауы – Simulink Library Browser.
2. File, Edit, View, Help командалары бар мəзір.
3. Құрал-саймандар жақтауы ең жиі пайдаланылатын
...