Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биология пәніне оқушыларды қызықтыру жолдарын анықтау

Автор:   •  Октябрь 4, 2022  •  Эссе  •  577 Слов (3 Страниц)  •  311 Просмотры

Страница 1 из 3

ҚAЗAҚCТAН PECПYБЛИКACЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНE ЖОҒАРЫ ҒЫЛЫМ МИНИCТPЛІГІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Эcce

Тaқыpыбы: Биология пәніне оқушыларды қызықтыру жолдарын анықтау

Орындаған: Жұман Эльмира

Топ: ХТ-20-5ДК

Қабылдаған: Анламасова Г.

Шымкeнт 2022ж

Көпшілігіміз білeтіндeй, ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл–күйі ,баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады.Физика, химия, тарих т.б. пәндерімен байланысып білім – білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Оқушылардың биологиялықлық ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту биологиядағы басты проблеманың бірі. Әр сабақ-мұғалім ізденісісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі.Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабылеті дамиды.

Менің ойымша, егер биология сабағында :

- ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;

- уақытты тиімді пайдаланса;

- тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе,

Онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады.

Қазіргі кезеңде биологияныны оқыту әдістемесі ғылымында ізденістер, жаңалықтар болып жатыр. Түрлі әдістемелік жүйе, әдістер мен тәсілдер мектепте биология пәнін оқыту үрдісіне енуде. Мысалы: Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», В.В Давыдовтың «Дамыта оқыту технологияларының элементтері»,  «Блум таксономиясы»т.б.Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар – оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтардан да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану. Ойын-мұғалім әрекеті тарапынан , бақылау мен бағалаудан тыс еркін тәртіп ережелерінен тұратын қызмет түрі. Әрбір ойында жарыс элементтері бар. Жарыста оқушының жеңіске деген құштарлығы, белсенділігі туындайды. Жарыс элементтері эмоциялық қызығуды арттырады, оқушының өзін-өзі бағалау әрекетін жандандырады. Оқушы жарыста өз еңбегінің нәтижесін сыныптастарының нәтижесімен салыстырып өзінің көрсеткіштерін жақсартуға тырысады.

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (77.9 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club