Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жалпы түсінігі мен ерекшеліктеріне педагогикалық тұрғыдан сипаттама бере отырып, оқушылар ұжымын қалыптастыру жолдарын анықтау

Автор:   •  Ноябрь 6, 2023  •  Курсовая работа  •  8,381 Слов (34 Страниц)  •  183 Просмотры

Страница 1 из 34

ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

                                                         Орындаған: Нұрланұлы Архат

Мамандығы: 0103000 "Дене тәрбиесі және спорт"                

Біліктілігі: 0103033 "Спорт жаттықтырушысы оқытушы"

Ғылыми жетекшісі: педагогика пәнінің оқытушысы Нұрғазы М.Т.

Семей, 2023 жыл

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І БАЛАЛАР ҰЖЫМЫ ТУРАЛЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕЛЕР.......5

1.1 Балалар ұжымы туралы түсінік.......................................................................5

1.2 Балалар ұжымының құрамы, мәні мен міндеттері........................................7

1.3 Ұжымның түрлері.............................................................................................8

1.4 Ұжымға педагогикалық жетекшілік..............................................................11

ІІ ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ.......................................................................................................13

2.1 Балалар ұжымы – тәрбиені ұйымдастырудың ортасы................................13

2.2 Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолындағы атқарылатын педагогикалық функциялар.................................................................................15

2.3 Оқушылар ұжымында балалардың жеке басының қалыптасуы................17

2.4 Ұжымда балаларды тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері........................19

ІІІ ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ.........................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................27

КІРІСПЕ

        Курстық жұмыстың өзектілігі: ҚР өз алдына дербес мемлекет болып, өзінің тәуелсіздігін, демократиялық, құқықтық мемлекет екендігін жария еткелі біршама уақыт болды. Сол уақыттың ішінде мемлекетімізде түбегейлі өзгерістер мен жаңартпалар енгізілді.

        ҚР қазіргі кездегі жеделдету мен демократияландырудың жадайында елімізге «жаңа қоғам адамдары» ауадай қажет. Еліміздің даму барысында қоғам болашағын қолына ұстайтын ертеңгі ел азаматы бүгінгі білім беру орындары дайындайтыны белгілі. Бүгінде Республикамыздың Білім және Ғылым министрлігінің бағдарламасына сәйкес оқу жүйесін және білім беруді жаңа деңгейде ұйымдастыру өзекті мәселеге айналып, қолға алынып отыр. Осы өзекті мәселе – ол бала-бақша, орта және жоғары мектептерде үздіксіз дамып отырады.

          Әлемдегі өркениетті елдер сияқты Республикамыздағы жалпы білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің аты да, заты да заман мен уақыт талабына сай өзгеріп, ондағы білім беру мен тәрбиелеу сапасы жетілдіріле, байыта түсуде. Осы орайда ұжымдағы тәрбие мәселесі де елеулі орынға ие болуда. Бұл жерде білім беру мен тәрбие үрдістері де ортақ міндетті қолға алып, жалпыдан жалқыға қарай көшіп, өз жұмысын жалғастыруда.

         Оқу үрдісі тәрбие үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде жалпы мақсаттан бастау алып, ортақ белгілі бір талаптарға жүгінеді. Сондықтан да жас ұрпақты ұжымда тәрбиелеу мен  білім берудің мақсаты – білім мен білікті қалыптастыру ғана емес, ол тұлғаның дүниетанымын, өмірлік ұстанымын дамытып, жан – жақты етіп тәрбиелеу.

           «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың жауы», - деп ғұлама ғалым Әл –Фараби айтқандай, білім мен тәрбие екеуі егіз, қатар жүрулері керек. [2]

           Балалардың жеке психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес тәрбие беру мен оқыту педагогикалық үрдістің басты мазмұнын ашады. Білім беруде тәрбие беру мүмкіндіктерін күшейту, нәтижелерін арттыру, жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физиологиялық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір сүру салтын және адамгершілік негіздерін дамытудың басты жағдайлары арқылы интеллекттерін молайту қажет.  

...

Скачать:   txt (102.7 Kb)   pdf (256 Kb)   docx (227.7 Kb)  
Продолжить читать еще 33 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club