Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақаба суларды тазалау технологиялары. Ақаба сулардың түрлері, құрамы және қасиеттері

Автор:   •  Декабрь 7, 2023  •  Лекция  •  1,363 Слов (6 Страниц)  •  73 Просмотры

Страница 1 из 6

ДӘРІС №9. Ақаба суларды тазалау технологиялары. Ақаба сулардың түрлері, құрамы және қасиеттері. Ақаба суларды тазалаудың әдістері және  технологиялық жүйелері.

Ақаба сулардың топтамалары және құрамы. Ақаба сулардағы ерімейтін, коллойдты, еритін қоспалар. Ақаба сулардың активті реакциясы. Ақаба сулардың бактериалды және биологиялық  ластануы. Ақаба суларды тазалау әдістерінің топтамалары. Өнеркәсіп түріне және судың құрамына байланысты тазалау технологияларын таңдау принциптері.

Сабақтың мақсаты: Өнеркәсіптерден пайда болатын ақаба сулар түрлері мен құрамына байланысты топтамаларын сипаттау. Ақаба суларды тазалау әдістеріне және кәсіпорындар ақаба суларына сипаттама беру.

Кәсіпорын территориясынан ағызылатын ақаба сулар құрамына байланысты үш түрге бөлінеді:

  1. Өндірістік - өндірістің технологиялық процессі кезінде пайдаланған немесе пайдалы қазба байлықтарды(көмір, мұнай, кен) өндіру кезінде түзілген.
  2. Тұрмыстық - өндірістік және өндірістік емес ғимараттардың санитарлық бөлімінен, сонымен бірге өндірістік орындарының алаңдарындағы жуыну қондырғыларынан бөлінетін.
  3. Атмосфералық(жауын-шашындық) – жаңбыр немесе еріген қардан пайда болатын.

Өндірістік ақаба сулар негізгі екі категорияға: ластанған және ластанбаған(шартты  таза) болып бөлінеді. Ластанған өндірістік ақаба сулар құрамында әртүрлі қоспалар болады және олар үш топқа біріктіріледі.

  1. Негізінен минералды қоспалармен ластанған сулар(металлургия, машина жасау, кен және көмір өндіру өнеркәсібі, минералды тыңайтқыштар, қышқылдар, құрылыс өнімдері мен материалдарын шығаратын зауыттар).
  2. Негізінен органикалық қоспалармен ластанған(ет, балық, сүт, тамақ, қағаз, химия, микробиология өнеркәсібі).
  3. Минералды және органикалық қоспалармен(мұнай өндіру, мұнайөңдеу, мұнайхимиясы, мата, жеңіл, фармацевтика(дәрі-дәрмек)өнеркәсібі, консерві, қант, органикалық синтез өнімдері, қағаз, витаминдер зауыттары.

Құрамындағы зиянды заттың мөлшеріне байланысты өндірістік ақаба сулар (аз концентрлі және жоғары концентрлі) 4 топқа бөлінеді: 1-500, 500-5000, 5000-30000 және 30000 мг/л-ден жоғары.

        Өндірістік ақаба сулар, оларды ластайтын органикалық қосылыстардың физикалық қасиеттері бойынша бөлінуі мүмкін – 120 оС төмен, 120-150 оС және 250 оС жоғары.

        Қауіптілік дәрежесіне байланысты сулар: аз қауіпті (азқышқылды рН= 6-6,5 және аз сілтілі рН=8-9), күшті қауіпті( күшті қышқылды рН <6 және күшті сілтілі рН>9) және агрессивті (қауіпті) емес болып бөлінеді.

Ластанбаған өндірістік ақаба сулар салқындатқыш, компрессор және жылу алмасу аппараттарынан түседі. Сонымен бірге, олар негізгі өндірістік қондырғыларды және өндіріс өнімдерін салқындатқанда пайда болады.

         Әр түрлі кәсіпорындарда, бірдей технологиялық процесстерде, ақаба сулар құрамы, су ағызу режимі және шығарылатын өнім бірлігіне жұмсалатын жеке су шығыны әр түрлі болып келеді.

Қазіргі кезде судың өзіндік биологиялық  тазарту процесстері жеткіліксіз. Сондықтанда, технологиялық процесстерде кері пайдаланып су көзіне ықпалды төмендетуге әкелетін физика – химиялық әдіспен су сапасын жақсарту және ағындарды залалсыздандыру су ресурстарын қорғау және олардың үнемді пайдаланылуда маңызды болып табылады. Физика – химиялық өңдеуді қолдану тазаланған  ақаба суларды   техникалық сумен қамтамасыз ету қажеттілігімен осының негізінде оның жабық циклін құру үшін пайдалану мәселелерін шешеді.

Суды тазалау өте қымбат тұратындықтан көптеген өнімдердің өзіндік құнын арттырады. Мысалы, мұнай өнеркәсіптерінде  қазіргі замандағы мұнай өңдеу зауытта-рының құрылысын салу барысында қоршаған ортаның ластануына қарсы жүргізілетін күреске шамамен 8-10% қаржы жұмсалады. Басты су тұтынушылардың біріне, бұрын айтып кеткендей, ауыл шаруашылығынан кейін өнеркәсіп саласы жатады. Қазіргі заманғы металлургия зауыты немесе целлюлоза-қағаз комбинаты 100-200 мың халқы бар қалаға қарағанда суды әлдеқайда көп шығындайды.

...

Скачать:   txt (20.2 Kb)   pdf (127.1 Kb)   docx (196.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club