Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақаба суларды тазалау әдістері

Автор:   •  Июнь 5, 2019  •  Курсовая работа  •  5,505 Слов (23 Страниц)  •  1,978 Просмотры

Страница 1 из 23

Кіріспе

Ақаба су:

1) бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір ластанган аймақ, соның ішінде (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, т.б ағындылары) елді мекен арқылы өткен су;

2) адамның тұрмыста және өндірістік іс әрекетінде пайдаланылғаннан кейінгі су. Ақаба судың әрбір текше метрі таза судыц 60 м3ін ластайды. Ақаба су шаруашылық тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді. Акаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты физиологиялық қоқыстармен және шаруашылық ағындыларымен ластанған түрлері ажыратылады. Өндірістік ақаба су кұрамы ақаба су түзілетін технологиялық процестермен, сондай-ақ материал мен шикізаттың химиялык қасиеттерімен анықталады. Ластанған және нормативті таза (яғни, тазалауды қажет ететін) өндірістік ақаба су болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер (жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді [1].

        Қазіргі таңда ең маңызды өзекті мәселелердің бірі  қала аумағында қолданылған, өндірістік іc- әрекетінде пайдаланылған ақаба суларының тазартылу жолдары, олардың ауыз суды ластамау жолдары. Қала халқының өсуі, ондағы өндіріс орындары жұмыстарыың қарқындап өсуі нәтижесінде ақаба сулардың да мөлшері жылдан жылға артуда. Соның нәтижесінде, өндірістік тазарту құрылымдарына келіп түсетін ақаба суларының мөлшері жобадан асып түсіп, құрылымдардың тазартқыштық қабілетін төмендетеді. Дүниежүзілік су қорларының ластануы, бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы, түрлі су экожүйелерін бүлдірумен аяқталады. Су бассейні ластануының негізгі себептері – тазартылмаған ақаба суларды  өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндер:

— өнеркəсіп орындары;

— ауылшаруашылығын химияландыру;

-қаладағы жеке кәсіптердің көбеюі;

— тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтар, т.б. салалар.

Егер де ақаба суларын тазартудың жаңа технологияларын жандандырып, қолға алсақ ауыз су ластануының салдарының алдын алатын едік.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Ақаба суларды тазарту әдістерімен таныстыру. Қазіргі уақытта ақаба суларын тазартуда қолданылатын жаңа технологиялар жайлы түсіндіру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Ақаба суының маңызы және оны қорғау

- Ақаба суларының ластануы мен оларды тазарту жолдарына шолу

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І  Ақаба суының маңызы және оны қорғау

  1. Ақаба сулары жөнінде түсінік

ХХІ ғасырда Жер шарында адамдар саны 3 есеге көбею және өндіріс орындарының көбеюіне байланысты тұщы суға деген қажеттілік 7 есе, коммуналдық ауыз су қажеттіліктері 13 есеге артты. Тұрғындар санының және әлемдік шаруашылықтың артуы есебінен соңғы он жылда тұщы суды тұтыну шамамен жылына 100км3 жеткенін айта кеткен дұрыс.

Су сапасының төмендеуі барлық су нысандарында органикалық ластанған заттардың болуымен түсіндіріледі. Ақаба судың әрбір текше метрі судың 60м3 –ін ластайды.

Осыған орай, ақаба суларды тазалаудың экологиялық тиімді тәсілдері іздестірілді. Бүгінгі таңда ақаба суларын тазалаудың  бірнеше жаңа технологиялары :

— механикалық

— биологиялық

—физико-химиялық

—химиялық түрлері бар. Олардың әрқайсысының судағы ластағыш қосындыларға байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Ақаба сулардың ластануына байланысты мынадай түрлері бар:-қоспалар, олар ерімейтін, коллойдты, еритіндер;

-лас су, олар минералды, органикалық, бактериалдық, биологиялық деп жіктеледі.

Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтеикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Елімізде кең етек алған сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластану. Мәселен, мақта, күріш, жеміс жидек, бау бақша, теплица(жылы жай) зиянкестеріне қарсы өте көп химиялық заттар пайдаланылған.  Қазіргі кезде ашық өзен, көл сулармен қатар жерасты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Ақаба суларының негізгі ластану көздері :

...

Скачать:   txt (75.6 Kb)   pdf (580.6 Kb)   docx (468 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club