Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

C дәруменінің ағзаға әсері

Автор:   •  Сентябрь 23, 2022  •  Реферат  •  1,360 Слов (6 Страниц)  •  289 Просмотры

Страница 1 из 6

Әдеби шолу

Тақырып: C дәруменінің ағзаға әсері.

Зерттеуші: Cайлауғалиева Фарида Ахатқызы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 101-топ студенті.

Ғылыми жетекші: профессор C.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы м.ғ.м, Cоветов Бақытбек Советұлы.

Ғылыми кеңесші: эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы, м.ғ.м, Төлегенова Жанна Жұмағазықызы.

Кіріспе. Мидың жұмысын басқаруда витаминдер маңызды рөл атқарады. Олар мидың қартаю процесін баяулатады, оның белсенділігін арттырады. Дәрумендер зейін қою, жақсы есте сақтау және жүйке жүйесінің тұрақты күйінде болу үшін маңызды. Әр витаминнің өзіндік қызметі бар. Соның ішінде тоқталып өтсек  C дәрумені. [1]                                                                                                                                                                                                                  

Негізгі бөлім. C дәрумені орталық жүйке жүйкесінің медиторы болып табылады. Oл норадреналиннің дофаминнен  түзілуін катализдейтин дофамин бета-гидроксилаза үшін косубстрат болып табылады. C дәрумені бар өнімдер және дәрі-дәрмектер әртүрлі вирустық ауруларда иммундық жүйені жақсарту үшін кеңінен қолданылады. Яғни бұл маңызды элемент дененің механизміндегі көптеген тотығу процестеріне белсенді қатысатындықтан, олар денсаулық үшін өте маңызды. C дәруменінің қатысуымен коллаген түзіледі дәнекер тінінің құрамына кіретін ақуыз, және ол сүйектердің, тістердің, байламдардың, сіңірлердің және қан тамырлары қабырғаларының жағдайын нығайтады, қан тамырларының өткізгіштігі төмендейді – ісінудің алдын алады. [2] 

C дәрумені ағзаны қатерлі ісіктен антиоксиданттық қорғауды ұйымдастырудың негізгі байланыстарының бірі болып табылады, сонымен қатар ол қоректік заттар арасында ең күшті антитуморлық агенттердің бірі ретінде танылады. Сонымен қатар, C дәрумені химиотерапия мен сәулеленуден кейінгі кезеңде емдеу жиынтығына кіреді. C дәрумені ағзадағы тағы бір маңызды ақуыздың - хондромукоидтың түзілуіне әсер етеді, ол қан тамырларының серпімділігін сақтауда маңызды рөл атқарады.                                                                                                                                                                                                                Және C дәрумені ферритин белогынан  темірдің бөлініп шығуын тездетеді. Ол жағдайда қан азаю аурының алдын алуда аса маңызды.[3]                                                                                                                                                                                                                   Ересек адам үшін С дәруменінің тәуліктік қажеттілігі 50-100мг  құрайды. Егде жастағы адамдарда витаминдерге деген қажеттілік олардың ішектен сіңуінің бұзылуына байланысты артады. Жүкті және бала емізетін аналарға С витаминінің қажетті мөлшері сәйкесінше 85 мг және 120 мг құрайды. [4]

 Адамның C дәруменіне деген қажеттілігі ағзаның витаминмен қанығуына, метаболизмнің бұзылуына, инфекцияларға, улануға  байланысты айтарлықтай өзгереді. Демек ол ауыр жұмыс кезінде айтарлықтай артады.

С дәрумені шаршауды азайтады әсіресе глюкоза болған кезде және бұлшықет жұмысын жақсартады. Қолайсыз климаттық сәттер, төмен температура, физикалық белсенділіктің жоғарылауы C дәруменінің төмендеуіне әкелетін жағдайлар жасайды.  Яғни ауыр физикалық еңбек ағзаның бұлшықеттердегі синтез процесін бұзады. [5]

...

Скачать:   txt (11 Kb)   pdf (88 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club