Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әйелдің ер адамнан ажырату онай ма?

Автор:   •  Декабрь 6, 2021  •  Практическая работа  •  634 Слов (3 Страниц)  •  366 Просмотры

Страница 1 из 3

«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

«АДАМНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫ» МОДУЛІ БОЙЫНША ИНТЕГРИРЛЕНГЕН ПРОБЛЕМАЛЫҚ КЕЙС

ӘЙЕЛДІ ЕР АДАМНАН АЖЫРАТУ ОҢАЙ МА?

 

Орындаған:Мырзағалиева Мәрзия

Тобы:П20-001-02

Анатомия бойынша талқылауға арналған сұрақтар:

1.Еркек пен әйелдің қандай сыртқы (анатомиялық) белгілерін сипаттай аласыз?

Еркектің сыртқы жыныс ағзаларына  еркектің жыныс мүшесі (penis) мен ұма (scrotum) жатады.

Жыныс мүшесі несеп пен шәует шығару қызметін атқарады.

Анатомиялық құрылысы:денесі(corpus penis),басы(glans penis),түбірі(radix penis),арқашығынан(dorsum penis) тұрады.Басының ұшында несеп шығаратын өзектің тесігі бар.Басындағы кеңейген жыныс мүшесі басының тәжі(corona glandis) деп аталатын бөлігі болады.Жыныс мүшесінің терісі басының негізгі жағында бос қатпар түзеді.Ол күпек(бүрікбас) басы (preputium) деп аталады.Осы күпек бастың терісімен төменгі жағында жүгенше (frenulum preputium) арқылы байланысады.Жүгеншеден ортаңғы сызық бойында еркек жыныс мүшесінің жігі (raphe penis ) болады,ол артынан шап және ұма терісіне жалғасады.Еркек жыныс мүшесі симметриялы орналасқан үңгірлі денелерден(corpora cavernosa penis) және астында жатқан цилиндр тәрізді кеуекті денеден (corpus spongiosum penis) құралған.Үңгірлі денелер ақ қабық арқылы бір-бірінен бөлінген және сыртынан қапталған. Үңгірлі денелердің аяқшалары (crura penis) шат сүйегіне бекиді. Кеуекті дене меншікті ақ қабықпен қапталған. Екі кеңейген шеттерін ажыратады, алдыңғы- басы (glans penis), артқы-буылтығы (bulbus spongiosus).

Ұма(scrotum) алдыңғы құрсақ қабырғасында орналасады.Ішінде атабездер орналасқан,бір-бірінен оқшауланған екі камерадан тұратын қалта тәрізді сыртқы жыныс мүшесі.

7 қабаттан тұрады:

1. Тері (cutis)

2. Бұлшықеттік қабық (tunica dartos)

3. Сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa)

4. Атабезді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica)

5. Атабезді көтеретін бұлшыкет (m.cremaster)

6. Ішкі шәует шандыры (fascia spermatica interna)

7. Атабездің қынаптық қабығы (tunica vaginalis testis), оның париеталды және висцералды табақшаларын айырады.

 Әйелдің сыртқы жыныс мүшелеріне әйелдің жыныстық аймағы(pudendum femininum) және деліткі (clitoris) жатады.

Жыныстық аймағында қасаға,жыныс ернеулері,қынап кіреберісі жатады.

Үлкен жыныс ернеулері (labia majora pudendi) сопақша пішінді 6екі тері қатпары болып табылады.Олар өзара бір-бірімен дәнекер (comissura) арқылы:жалпақтау алдыңғы дәнекер(comissura labiorum anterior) және енсіздеу артқы дәнекермен(comissura labiorum) қосылады.

Қасаға(mons pubis) үлкен жыныс ернеулерінен жоғары,қасаға бітіскен жерінде күшті дамыған және іш аймағына өтпейтін түктермен жабылған.

Үлкен жыныс ернеулерінен ішке қарай кіші жыныс ернеулері(labia minora pudendi) орналасып,арасынан мүлдем көрінбейді.Екі бойлы тері қатпары бар. Сыртқы беті мен ішкі беті бір-біріне жанасып жатады,артқы қырлары қосылып,жыныс ернеулерінің жүгеншігін(frenulum labiorum oudendi) құрайды.Деліткіге бағытталған латералды және медиалды аяқшалары бар. Медиалды аяқшалары деліткі астынан өтіп,қарама қарсы аяқшалармен қосылып,деліткі жүгеншігін түзеді.Латералды аяқшалары қосылып,деліткі күпегін(preputium clitoridis) түзеді.

...

Скачать:   txt (9.9 Kb)   pdf (136.6 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club